Сабақ жоспары №26 Пәні: Қазақ тілі Мерзімі: Тобы: по-17 Сабақтың лексикалық тақырыбы



Дата25.08.2017
өлшемі48,92 Kb.
#26595
түріСабақ
Бекітемін

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

___________ М.Ерманова



Сабақ жоспары № 26
Пәні: Қазақ тілі Мерзімі: _____________

Тобы: ПО-17


Сабақтың лексикалық тақырыбы: Қазақстанның мәдениеті және ғаламдану

Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Осы шақ

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік : Студенттерге жаңа тақырып бойынша теориялық білім беру, етістіктің осы шағы туралы білімдерін толықтыру;

Ә) Дамытушылық : Студенттердің ойлау, пайымдау қабілеттерін дамыту, ой ұшқырлығына баулу;

Б) Тәрбиелік: Студенттерді мәтін мазмұны аркылы Қазақстанның мәдениеті және туралы мағлумат беру, өз еліне үлес қосуга,еңбекшіл болуға тәрбиелеу. Сабақтың типі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, тапсырма орындау,тест әдісі

Оқыту құралдары: Кеспе қағаздар, слайдтар, компютер, оқулық

Оқыту технологиясы: В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы.



Пәнаралық байланыс: Орыс тілі «Ностаяящее время».

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Студенттермен сәлемдесу.

2. Студенттерді түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасына шолу

ІII.Жаңа сабақты түсіндіру

Ой қозғау

«Домбыраның қоңыр үні күмбірледі. Аса бір зарлы, қайғылы сарын боздаған түйедей безілдеп, мұңды әуенді еңірете төкті. Жүректі солқылдатқан неше қилы дыбыстар щығады. Зар жылаған, сыңсыған дыбыстар денені шымырлатады. Журекті түркілеп, ойды қияга жетелейді».



Жоғарыда көрсетілген сөйлемдерді етістіктер қимылды, іс-әрекетті білдіретіндігі белгілі.Ал іс-әрекет, қимыл белгілі бір кезеңде іске асады, орындалады. Мысал ретінде келтірілген сөйлемдердегі іс-әрекет, қимылдың туу кезеңі не арқылы, яғни немен аяқталады?

Жауабы: Қимылдың өту кезеңі сөйлеушінің хабарлау кезеңімен немесе сөйлеп тұрған сәтпен айқындалады.

  • Сонымен,етістіктің шағы деп нені айтамыз?

Жауап: Сөйлеп тұрған сәтке байланысты қимылдың өту кезеңін білдіру – етістіктің шағы деп аталады

Етістіктің үш шағы бар.Сол шақтың біреуі осы шақ деп аталады. Бүгін біз осы шақ етістіктерін дұрыс қолдана білуді үйренеміз.

Слайд

Тірек сызбалар



Ереже: Етістіктің шақтары: нақ осы шақ, ауыспалы осы шақ

Етістіктің осы шағы қимыл мен іс-әрекеттің қазіргі кезде орындалып жатқандығын білдіреді.

Мысалы:Мен сабаққа дайындалып тұрмын.

Осы шақтың екі түрі бар:

1) Нақ осы шақ.

2) Ауыспалы осы шақ.

1) Нақ осы шақ қимыл іс-әрекеттің осы уақытта болып жатқандығын білдіреді.

Нақ осы шақ жалаң және күрделі болып келеді.

А) жалаң осы шақ жатыр, отыр, тұр, жүр етістіктері арқылы жасалады: Мен отырмын. Сен отырсың.

Ә) күрделі осы шақ көсемше тұлғалы етістікке отыр, тұр, жұр, жатыр деген төрт етістіктің біреуінің тіркелуі арқылы жасалады. Мен жазып отырмын. Сен қарай тұр.

2) Ауыспалы осы шақ істің үзілмей дағылды түрде болып тұратындығын білдіреді. Көсемшенің –а, -е жұрнағы арқылы жасалады. Мысалы. Құс ұшады. Адам сөйледі. Су ағады.

Етістіктің шақтары жасалу жолдары

Нақ осы шақ

түбір етістігі + п, ып, іп + тұр, отыр, жур, жатыр + жіктік жалғау



IV. Жаңа сабақты бекіту

А) Мәнінмен жұмыс

1.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

2.Мазмұнын өз сөздеріңмен әңгімелеп беріңдер.

Ә) Жаттығулармен жұмыс.

Б) Кеспе кағаздармен жұмыс.

Тақтада жазба жұмыстарын орындатқызу

Нақ осы шақ

1. Мен жатыр... Біз жатыр...

2.Сен жатыр.... Сендер жатыр

Сіз жатыр... Сіздер жатыр...

3.Ол жатыр Олар жатыр

1. жақ Мен емде - отыр-

2. жақ Сен оқы - тур-

Сіз пісір - жатыр-

3.жақ Ол би - жүр

Ауыспалы осы шақ

1.Мен емде-....-.... Біз емде-.....-.......

2.Сен оқыт-....-.... Сендер оқыт-....-......

Сіз пісір-.....-.... Сіздер пісір -....-....

3.Ол жүргіз-....-.... Олар жүргіз-...-....-....
V.Қорытындылау:

Cабақты қорытындылап, студенттердің білімдерін бағалау.



VІ.Үйге тапсырма беру:

86 бет,1.4 -жаттығу


Пән оқытушысы: Б.Мукашева
Каталог: uploads -> doc -> 08e1
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
08e1 -> Сабақ үлгеріміне тигізетін әсері
08e1 -> Сабақтың типі: Аралас Сабақтың мақсаты: Солтүстік Қазақстан шаруашылық жағдайына түсінік беру


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет