Сабақ жоспары №27 Пәні: Қазақ тілі Мерзімі: Тобы: по-17 Сабақтың лексикалық тақырыбы



Дата08.09.2017
өлшемі35,88 Kb.
#30941
түріСабақ
Бекітемін

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

___________ М.Ерманова

Сабақ жоспары № 27
Пәні: Қазақ тілі Мерзімі: _____________

Тобы: ПО-17



Сабақтың лексикалық тақырыбы: Көне түркі ескерткіштері.

Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Өткен шақ, оның грамматикалық формалары, түрлері

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: Студенттерге көне ескерткіштер жөнінде мағлұмат беру, өткен шақ, оның түрлері туралы білімдерін толықтыру;

Ә) Дамытушылық: Студенттердің рухани байлығын, мәдениеттілігін дамыту;

Б) Тәрбиелік: Студенттерді еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілікке, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, тапсырма орындау

Оқыту құралдары: Мультимедиялық проектор, кеспе қағаздар

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Студенттермен сәлемдесу.

2. Студенттерді түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасына шолу

1.Осы шақ дегеніміз не?

2.Оның қандай түрлері бар? Мысал келтіріңдер.

3. 86 бет,1.4 –жаттығуды тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Студенттерге сабақтың мақсатын айту
Грамматикалық тақырып: Өткен шақ

Өткен шақ қимыл, іс-әрекеттің өткен уақытта болғанын көрсететін етістіктің түрі.

Өткен шақ: 1. Жедел өткен шақ

2. Бұрынғы өткен шақ

3. Ауыспалы өткен шақ болып бөлінеді.

1. Жедел өткен шақ етістіктің түбіріне –ды,-ді,-ты,-ті жұрнағы мен жіктік жалғауы қосылуы арқылы жасалады. Мысалы: бар+ды+м, бар+ды+ң, бар+ды+ңыз.

2. Бұрынғы өткен шақ есімше формасының –ған,-ген,-қан,-кен жұрнағына жіктік жалғауының көрсеткіштері қосылуы арқылы жасалынады: ал+ған+мын.

Бұрынғы өткен шақ –ып,-іп жұрнақты көсемшеге жіктік жалғауы қосылуы арқылы жасалады: көр+іп+пін, бар+ып+пын.

3. Ауыспалы өткен шақ: көсемшенің –а,-е,-й формаларына –тын,-тін жұрнақтарын қосып барып жасалады. Мысалы: бар+а+тын+мын, кел+е+тін+мін.

1. «Көне түркі ескерткіштері» мәтінін оқу.

2.Мәтінді аудару.

3.Сөздікпен жұмыс.


ІV. Жаңа сабақты бекіту.

1.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

2. Мазмұнын өз сөздеріңмен әңгімелеп беріңдер.
Жаттығулармен жұмыс.

1.2-жаттығу. Берілген сөздерге синонимдер жазыңдар.



ескерткіш – көне –

өмір – аймақ –

ірі – салт –


    1. - жаттығу.Етістіктерді бұрынғы өткен шақ түрінде жазыңдар.

1. Мен кеше кеш (тұр...). 2. Әпкем мектепте екі жыл жұмыс (істе...). 3. Таңертең досым телефон (соқ...). 4. Өкінішке орай, оны ешкім (тыңдама...). 5. Жексенбіде біз үйде (болма...). 6. Олар түсте асханада (тамақтан...). 7. Достарым мен (шығарып сал...). 8. Сіздер қашан (таныс...). 9. Жаңа тақырыпты оқушылар жақсы (түсін...). 10. Сен оны неге (күтпе...). 11. Менің нағашым өткен жылы (үйлен...).
V. Қорытындылау:

Сабақты қорытындылап, студенттердің білімін бағалау.
VІ.Үйге тапсырма беру:

88 бет, 1.4-жаттығу. Төмендегі етістіктерді өткен шақ түрлеріне қарай үш бағанаға бөліп жазыңдар.

Пән оқытушысы: Б.Мукашева
Каталог: uploads -> doc -> 08f0
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
08f0 -> Сабақтың тақырыбы: Атақты спортшылары. Сабақтың мақсаты
08f0 -> Сабақтың лексикалық тақырыбы: Жәнібек пен Жиренше. Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Антоним. Сабақтың мақсаты
08f0 -> Сабақтың әдісі: сұрақ жауап Сабақтың түрі: тренинг сабақ Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, орыс тілі, дүниетану
08f0 -> Сабақтың тақырыбы Әбілхан Қастеев сабақтың мақсаты
08f0 -> 1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет