Сабақ жоспары Қазақ тілі 7 сынып 17. 02. 2016 жыл Сабақтың мақсаты



Дата26.08.2017
өлшемі37,2 Kb.
#28629
түріСабақ
Сабақ жоспары

Қазақ тілі 7 сынып

17.02.2016 жыл
Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушылардың етістік шақтары туралы білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы жаңа тақырып туралы түсініктерін бекіту.

3.Дамытушылық: Оқушылардың дүниетандарын кеңейту, морфологиялық талдау жасау дағдыларын дамыту.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды сабақтың мазмұны арқылы ұйымшылдыққа, татулыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Сабактын әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығулар орындау.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте сызбалар, слайдтар

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын тексеру:

1. 134-жаттығу

2. Бұрынғы өткен шақ

3. Үлестірме қағаздармен жұмыс ( О.Байзақованың карточка сұрақтары)

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

1.Тақтаға жазылған сөйлемдер арқылы түсіндіру.

1. Асан ауылға жиі баратын.

2. Сен кітапханаға қашан баратын едіңдер?

2.Оқушыларға лингвистикалық білім беру.

Ауыспалы өткен шақ есімшенің -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтары арқылы жасалып, бірде өткен шақ, бірде келер шақ мағынасында қолданылады. Сондықтан да оны ауыспалы өткен шақ деп атайды. Мысалы: Асан ауылға жиі баратын. Седер кітапханаға қашан баратын едіңдер?Бірінші сөйлемде бару қимылының болып кеткенін байқасақ, екінші сөйлемде бару қимылының әлі болмағанын, бірақ болуға тиісті екенін аңғарамыз.

Ауыспалы өткен шақ жіктеліп те, еді көмекші етістігімен тіркесіп келіп те (онда еді етістігі жіктеледі) жұмсалады. Ал ауыспалы келер шақ тікелей жіктелмейді, тек еді көмекші етістігімен тіркесіп қолданылады.

Ауыспалы өткен шақтың жіктелу үлгісі


Жақ

Жекеше

Көпше

І

 

ІІ

 

 

ІІІ



Көретінмін, қарайтынмын, баратын едім

Көретінсің, қарайтынсың, баратын едің

Көретінсіз, қарайтынсыз, баратын едіңіз

Көретін-, қарайтын-,

Баратын еді-

Көретінбіз, қарайтынбыз, баратын едік

 

Көретінсіңдер, қарайтынсыңдар, баратын едіңдер



Көретінсіздер, қарайтынсыздар,

баратын едіңіздер

көретін-, қарайтын-, баратын еді-
 3.Оқушыларға етістіктің шақтары туралы слайд кесте көрсету. Кестедегі берілген мысалдарды топпен талдау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1.Оқулықпен жұмыс.

1) Оқулықтағы лингвистикалық анықтамамен таныстыру.2) Жаттығулар орындау.



136-жаттығу.Оқып шығып, ауыспалы өткен шақты білдіріп тұрған етістіктерді тауып, олар қалай жасалып тұрғанын түсіндіріңдер.

Тұратын, оқитын, қайтатын, көрінбейтін, соғатын, алатын, қарайтын, кететін.

138-жаттығу.Мәтінді көшіріп жазып, етістіктерді шақ түрлеріне қарай талдаңдар.

Екі соқа

Бір заводтан екі соқа істеліп шықты. Біреуі егіншінің қолына түсті. Егінші онымен жер жырта бастады.

Екінші соқа еш қимылсыз аулада жатты.

Арада бірнеше ай өткен соң, екі соқа кездесіп қалды. Жұмыс істеген соқа күмістей аппақ болып жалтырап тұр. Ал қимылсыз жатқан соқа жалтырап тұрған соқадан:

Сен неге мұнша жалтырап, әдеміленіп кеткенсің? – деп сұрайды.

Мен еңбек еттім. Еңбек кімнің де болса шырайын кіргізбей ме? – деп жауап береді.

  • Тапсырма. Барлық шаққа (жарыс ойыны). Оқулықта берілген ойын шарты арқылы тапсырманы орындап, ойынды жалғастыру.

IV. Үйге тапсырма беру:

1. 137-жаттығу

2. Ауыспалы өткен шақ

V . Оқушылардың жауаптарын бағалау.

VI. Сабақтың аяқталуы.
Каталог: uploads -> doc -> 08e0
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
08e0 -> Сабақтың мақсаты : Білімділік
08e0 -> Тақырыбы: «Отбасы тәрбие діңгегі» Мақсаты: Жақын адамдарына пайда келтіру мен отбасында өмір сүру қажеттіліктерін қалыптастыру. Міндеті


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет