Сабақ жоспары «Бекітемін» Оқу ісінің меңгерушісі 20



Дата26.08.2017
өлшемі56,22 Kb.
#29001
түріСабақ
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________2017ж

___________________

Пән аты: Информатика

Класы: 10 «Б»

Қоғамдық - гуманитарлық бағыт
Тақырыбы: Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

Сабақ мақсаты:

А) ЕТ кабинетіндегі жұмыс кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесімен таныстыру.

Б) Төтенше жағдайларда әрекет ету ережелерін үйрету. Көзді ьалдырмау жаттығуларын үйрету.

В) ЕТ кабинетінде тәртіп сақтауға, жұмыс кезінде қоғам мүлкіне асқан жауапкершілкпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: Қауіпсіздік ережесі жазылған плакаттар. Слайд шоу.

Сабақ түрі: Дәстүрлі

Сабақ әдісі: Түсіндірмелі баяндау, әңгіме түрінде.

Сабақ типі: Кіріспе сабақ

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

ЕТ кабинетіндегі жұмыс кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесімен таныстыру.

Көзді талдырмау жаттығуларын жасауды үйрету.

Өртсөндіргіш құралдарын пайдалануді меңгерту.

ТҚ журналын толтыру.

Сабақты қорытындылау

Техникалық құралдармен жабдықталғандықтан және токпен жұмыс жасайтын құралдарды пайдаланатындықттан кабинет – арнаулы кабинет болып саналады. Сондықтан, оқушылардың өмірін, денсаулықтарын сақтау мақсатында, мектептің дүние-мүліктерін бүлдірмей қолдану мақсатында арнайы ережелер қарастырылған. Бұл ережелермен оқушы жыл басында міндетті түрде тансуы керек. Оқушылармен осы ережелермен танысып, бұлжытпай орындауға міндетті. Мұғалім ережелерді таныстыру керек және олардың орындалуын қадағалау қажет. Компьютердің адамға тигізетін әсерлерін түсіндіру керек. Егер оқушылар зақымданған жағдайда алғашқы көмек көрсетілуі керек.

Қауіпсіздік техникасы ережелері.

Қауіпсіздік техникасы ережелерін мына пункттерге бөлуге болады:



  1. Жалпы;

  2. ДК - де жұмыс істеу алдындағы;

  3. Жұмыс кезіндегі;

  4. Апатты жағдайдағы;

  5. Жұмыс аяқталғандағы:

Қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптарға мыналар жатады:

  1. Сымдарды, жалғаушы ашаларды, розеткаларды, штекерлерді қозғауға; жабдықты мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады.

  2. Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерлік сыныпқа кіруге және одан шығуға болмайды.

  3. Мұғалімнің рұқсатынсыз сынып ішінде жүруге болмайды.

  4. ДК-де ылғалды қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды.

  5. Қорабы немесе сымдары зақымданған ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады.

  6. ДК-мен қатар үстел үстіне портфель, сөмке, кітап қоюға тыйым салынады. Үстел үстінде тек қалам мен дәптер ғана жатуы тиіс.

  7. Пернетақта үстіне ештеңе қоюға болмайды.

  8. Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жұмыс істеп отырған оқушылардың көңілін алаңдатуға, басқа жұмыспен айналысуға болмайды.

ДК-де жұмыс істеу алдындағы қауіпсіздік талаптары:

  1. Қоректендіру көзіне қосылған ДК-ді мұқият қарап, оңашалануының және компьютер корпусы мен сымдарының ақауы жоқ екеніне көз жеткізу керек.

  2. Сымдары жұмыс кезінде байқаусыззда ілініп кететіндей болып салбырап тұрмағанына көңіл аудару керек.

  3. Жұмыс орнын тексеру және пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керектігін ескеру керек.

ДК жұмысы кезіндегі қауіпсіздік талаптары:

  1. ЭЕМ жұмысы кезінде көздің экраннан оңтайлы арақашықтығын (60-70 см) сақтау қажет. Жұмыс істеуге ыңғайлы, тиімді қашықтық – 50 см.

  2. Сыныпқа сырттан кірген мұғалімдер мен үлкен кісілерге оқушылардың тұруының қажеті жоқ.

  3. Көздің талуы немесе шаршауы жағдайында оқушылар орнынан тұрмай-ақ көздің талуын немесе шаршауын басатын бірнеше жаттығу орындауына болады.

  4. Оқушылар электр тогымен зақымдану кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін, өртсөндіргішпен жұмыс істеу тәсілдерін және өрт сөндіру тәсілдерін білуі тиіс.

  5. Оқушылар көздің талуы және шаршауын болдырмайтын жаттығуларды білулері керек.

Апат (төтенше) жағдайындағы қауіпсіздік талаптары:

  1. ДК жұмысы кезінде ақау байқалса, күйген иіс немесе бөгде дыбыс пайда болса, компьютер жұмысын бірден тоқтатып, аппаратураны ток көзінен ажыратып, мұғалімге немесе кабинет меңгерушісіне хабарлау керек.

  2. Қажет болғанда өрт сөндіруге көмектесу керек.

  3. Қажет болғанда, электр тогынан зақымданғандарға дәрігерлік алғашқы көмек көрсету керек.

  4. Компьютерлік сыныпта өрт болған жағдайда, оны су шашып сөндіруге болмайтынын білуі тиіс. Құмды немесе көбікті өртсөндіргішті пайдалануға болады.

  5. Егер зақымданған кісі электр тогының әсерінде болса, онда оны жалаңаш қолмен қозғауға болмайтынын білуі тиіс. Электр тогын өткізбейтін материал пайдаланып, зақымданған адамды босатып алу керек.

ДК жұмысын аяқтағандағы қауіпсіздік талаптары:

  1. Мұғалімнің айтуы бойынша аппаратураны ток көзінен ажырату керек.

  2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек.

  3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналында белгі жасау керек.

Алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері:

Адамның электр тогымен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері:

  1. Токтан ажырату (таратушы тақтадағы тумблерді ажырату) керек.

  2. Электр тогын өткізбейтін қолда бар құралдарды пайдаланып, зақымданған адамды ток әсерінен босату керек.

  3. Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.

  4. Зақымданған адамды мұқият қарап шығып, зақымдану дәрежесіне қарай оған көмек көрсету керек.

Күйген кездегі көмек көрсету:

Адам күйікке шалынған жағдайда:



  1. Ауырғанды басатын, тыныштандыратын дәрі беру керек.

  2. Күйген жерге дәрі (винилин) жағу керек.

  3. Күйген жараның бетіне микроб түспейтіндей етіп, алдымен целлофанмен орап алып, суық суда ұстау керек.

  4. Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.

Талып қалғандағы көмек көрсету:

Адам талып қалған жағдайда:



  1. Талып қалған адамды тегіс жерге шалқасынан, басын солға ұрып жатқызу керек.

  2. Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.

Тынысы тоқтап қалғандағы көмек көрсету:

Адамның тынысы тоқтап қалған жағдайда:



  1. Адамның аузын ашып тілін көру керек, егер тілі көмекейіне қарай түсіп кетсе – қолмен тартып шығарып қалыпты орнына келтіру керек.

  2. Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.

  3. Тыныс алуы қалпына келгенше немесе дәрігер келгенге дейін жасанды түрде тыныс алдырту (ауызды ауызға тақап) жасау керек.

Көзді талдыртпау және шаршатпау жаттығулары:

Бірнеше ондаған минут қозғалмай отырып компьютермен ұзақ уақыт бірсарынды жұмыс істеген кезде жағымсыз сезім, дене ұйығандай болып, шаршау пайда болады, көз талады. Осыларды болдырмау үшін сабақ барысында 1-2 рет (оқушы жасына байланысты) келесі жаттығуларды орындау керек.



Көздің талуын болдырмау жаттығулары:

  1. Қарау бағытын өзгерту: алысқа-мұрын ұшына, солға –оңға, төмен-жоғары.

  2. сағат тілі бағытымен және қарсы бағытта көзді айналдыра бұрып қарау.

  3. Көзді жұмып, қолмен жауып, 1-1,5 минут отыру.

Шаршауды болдырмау жаттығулары:

  1. Сағат тілі бағытымен және қарсы бағытта басты айналдыра бұру.

  2. Басты кезекпен екі жаққа бұру.

  3. Саусақтарды жұмырыққа жұму, қолдың ұшын босаңсыту.

  4. Оңға-солға бұрылып, қолды сермеп, керіліп-созылу.

Сынып журналында және еңбек қауіпсіздігі бойынша оқушылар нұсқамадан өткізу (инструктаж) журналында тиісті тіркеулер жасау қажет.

Техникалық қауіпсіздік және тәртіп сақтау ережелерімен оқушылар толық танысқаннан кейін, арнайы журналға қол қояды. Бұл оқушының ережелермен танысып, оларды бұлжытпай орындайтындарына кепіл болады. Егер тәртіп бұзылған жағдайда оқушы жауапқа тартылады. Журналда әр оқушының олрындары (компьютер нөмірлері) де көрсетіледі.


Сабақ аяқталды.Сау болыңыздар.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет