Бекіту . Тапсырма. Жабық тапсырма. (сұрақ – жауап).
https://wordwall.net платформасы арқылы сұрақтарға жауап беру.
Шарт циклы дегеніміз не?
While (уайл) цикл операторы қалай жұмыс істейді?
Шарт циклы қандай жағдайда жұмысын тоқтатады?
While циклі қызметінің ерекшелігі?
Шарт циклі While (әзірге) резрвтік сөзі мен цикл шарты <шарт> логикалық типтегі өрнектен тұрады. Цикл шарты логикалық өрнек түрінде жазылады.
While операторы циклге кіру шартынан және цикл денесінен тұрады. Цикл денесін әрбір қайталау алдында шарт тексеріледі. Шарт ақиқат болған жағдайда, цикл денесі орындалады, әйтпесе бағдарлама келесі операторға көшеді.
Егер шарт алғаш тексерілгенде жалған болса, цикл денесі бір рет те орындалмастан бағдарлама цикл соңына шығады.
Шарт «ақиқат» мәнін қабылдаса, цикл өз жұмысын жалғастырады. Егер өрнектің мәні «жалған» болса, онда цикл жұмысын аяқтайды.
While циклі қызметінің ерекшелігі-циклдің қайталану шарты цикл денесі жұмыс істемей тұрып тексеріледі, цикл саны белгісіз болған жағдайларды қарастырғанда қолданылады.