Қорытынды
"Ғылыми зерттеулер негіздері" модулі барлық студенттерді
ғылыми зерттеулер
әдістемесінің элементтерін игеруге міндеттейді, бұл ұтымды шығармашылық ойлауды
дамытуға; олардың оңтайлы ойлау қызметін ұйымдастыруға ықпал етеді. Оқу
кезеңінде студент белгілі бір ғылыми зерттеулерді оқу процесінің әртүрлі
формаларында оқытушының жетекшілігімен орындауы керек. Теориялық курсты
зерделеу және таңдалған тақырып бойынша зерттеулер жүргізу нәтижесінде студент
ғылыми зерттеулердің әдіснамасы мен әдістемесін меңгеруі,
сондай-ақ қажетті
ақпаратты іріктеп, талдай алуы, мақсаты мен міндеттерін тұжырымдай алуы,
теориялық алғышарттарды әзірлеуі, экспериментті жоспарлауы және жүргізуі,
өлшеу
нәтижелерін пысықтауы және қателіктер мен байқауларды бағалауы, эксперимент
нәтижелерін теориялық алғышарттармен салыстыруы және ғылыми зерттеу
қорытындыларын тұжырымдауы; ғылыми зерттеу
нәтижелері бойынша есеп,
баяндама немесе мақала құрастыруы тиіс.