Сабақ жоспары: Фольклортану ғылымы туралы зерттеулер 2



Pdf көрінісі
бет2/29
Дата10.12.2021
өлшемі376,28 Kb.
#78916
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
ЛЕК 2

Лекция  мазмұны: 

Жанрлардың  дамуындағы  ортақ  процестер. 

Олардағы эпикалық, лирикалық және драмалық белгілердің орын алуы. Ауыз 

әдебиетінің  ӛмірлік  негіздері.  Идеализация  мен  ұлғайту.  Қиялдың  қызметі. 

Сатира,  юмор,  мысқыл.  Кӛркемдік  бейнелеу  құралдарының  (эпитет,  теңеу, 

метафора, символ, т.б.) атқаратын қызметі. Фольклордағы сюжет пен мотив. 

Қайталаулар мен оның түрлері. Тұлғалардың жасалу жолдары.  

 Тарихи поэтика. Фольклорлық  шығармалардағы  кӛркем формалардың 

даму, 

ӛзгеру 


ерекшеліктері. 

Жанрлардың 

тарихи, 

әлеуметтік-

экономикалықпроцестермен  сабақтастығы,  белгілі-бір  дәуірге  қатыстылығы 

(тарихи  оқиға,  тарихи  адамдар,  белгілі  жер-су,  елді  мекендердің  атаулары, 

мәдени  –  материалдық  заттар,  жазба  ескерткіштер  мен  тарихи  деректердің 

куәландыруы).  Жанрдың  барлық  құрамдас  бӛліктерінің  түрлі  дәрежеде 

тарихи  ӛзгеру  үстінде  болатындығы.  Фольклорды  зерттеудегі  тарихилық 

принципі. Фольклордың пайда болуы туралы пікірлер. Қазақ фольклорының 

қалыптасу және даму кезеңдері. 

Рулық  қоғамдағы  фольклордың  тууы  мен  қалыптасуы.  Еңбек-кәсіптің 

ролі.  Жаратылыс  туралы  ұғымдар  мен  тұрмыс-тіршілік  тәжірибесінің 

орнығуы.  Ескі  наным-сенімдер  мен  түсініктер:  анимизм,  онтропоморфизм, 

тотемизм,  фетишизм,,  магия,  т.б.  Мифтік  сана  мен  мифтер.  Шаманизм. 

Бақсылар қызметі. Қазақ фольклорының кӛне жанрлары: мифтер, аңшылық, 

тӛрт  түлік  туралы  әңгімелер  мен  жырлар,  маусымдық  салт  ӛлеңдері,  бақсы 

сарыны,  арбау,  бәдік,  алғыс,  қарғыс,  түрлі  рәсімге  байланысты  ӛлеңдер, 

ертегілер,  кӛне  эпостар.  Феодализм  дәуіріндегі  фольклор.  Түркі  қағанаты, 

орта ғасыр, қазақ хандығы, кезіндегі ауыз әдебиетінің дамуы. Ислам дінінің 

әсері. Түркі жазба ескерткіштері.  

 Қазіргі дәуір фольклоры. Фольклордағы ӛзгерістер., кӛне жанрлардың 

тағдыры.  Кеңес  дәуіріндегі  пайда  болған  ауыз  әдебиетінің  үлгілері  және 

оның  мазмұны.  Буржуазиялық  және  пролетарлық  мәдениет  ұғымы.  Ауыз 




әдебиетінің кеңестік идеологияға бейімдеудің себеп-салдары мен зардаптары. 

Тӛңкерістік дүниетаныммен туған ӛлеңдер. 

 Тәуелсіздік  кезеңіндегі  фольклордың  жай-күйі.  Дәстүрлілік  пен  даралық. 

Айтыстың 

дамуы. 

Мақал-мәтелдердің 

ӛркендеуі. 

Фольклор 

мен 

кӛркемӛнердің  байланысы.  Қазіргі  халық  ақындарының  шығармашылығы. 



Жыршылық – жыраулық дәстүрдің қайта жандануы. Балалар фольклорының 

даму ерекшеліктері. Омбыдағы кадет корпусын 1853 жылы бітіргеннен кейін, 

Шоқан  Қазақстанның  біраз  жерін:  Кӛкшетау,  Ақмола,  Баянауыл,  Семей, 

Жетісу  жақтарын  аралайды.1856  жылы  Қырғыз  елін  зерттеу  мақсатымен 

шыққан  экспедицияға  қатысады,  1856  жылдары  Қашқарияда  болады.Шоқан 

ӛзінің  болған  жерлерінде  халықтың  ауыз  әдебиетін  жинай  жүреді.Ол 

қазақтың  ауыз  әдебиетін  жинаушы  ғана  емес  ,  сонымен  қатар  оның 

зерттеушісі  де  болды.Жалпы  қақаз  халқының  тарихы,  этнографиясы, 

қоғамдық  ӛмірі,  әлеуметтік  тұрмысы  туралы  жазған  еңбектерінде  ауыз 

әдебиетін де сӛз етеді, ӛз кезі үшін үздік, ал бүгінгі күнде мәнін жоғалтпаған 

ғылыми  пікірлер  айтады.Солардың  ӛзінде  ол  қазақтың  ауыз  әдебиетін 

жоғары  бағалайды.Қазақтың  аңыз  әңгімелері  ,  оның  құрылысы,  ертегілері 

мен  жырлары  халықтың  ӛткендегі  тарихын  білу  үшін  маңызы  зор 

құндылықтар 

деп 

қарайды.Шоқанның 



«Шамандықтың 

қазақтағы 

қалдықтары», «Ұлы жүз қазақтарының ертегілері мен аңыздары», «Жоңғария 

очерктері»,  «Тәңірі»  сынды  еңбектері  қазақтың  ауыз  әдебиеті  халықтың 

ӛткендегі ӛмірін елестететін, тарихи мәні бар еңбектер екендігін кӛрсетеді. 

       Қазақ  ауыз  әдебиетін  жинау  ісіне  қатысқан  ғалымдардың  бірі-

Г.Н.Потанин  (1835-1920).Ол  жас  кезінде  Шоқанмен  бірге  кадет  корпусында 

оқыған, екеуі аса тату дос,жақсы жолдас болған.Кадет корпусын бітіргеннен 

кейін,  Г.Н.Потанин  Қазақстанның  кӛп  жерін  аралайды,  Семей,  Марқакӛл, 

Зайсан, Ақмола, Кӛкшетау жақтарында болады, Шоқанға еріп оның ауылына 

барады.Жүрген  жерлерінде  қазақ  ауыз  әдебиетінің  үлгілерін  жазып  алып 

отырады.Бұл іске ол ғылыми мән беріп, халықтың тарихын, әдет ғұрпын білу 

үшін ауыз әдебиеті кӛп мәлімет береді деп қарайды.Осы ретте ол «Қазақ ауыз 

әдебиеті  үлгілерін  жинау  керек»  деген  мақала  жазады  және  бұл  іске 

басқалардың да қатысуын қажет деп табады. 

       Потанин  ӛзі  жинаған  дерек  -  дәйектерін  сол  кезде  Омбыда  және 

орталықта  шығатын  газет  -  журналдарда  бастырып  отырады.Соның  ішінде 

оның кӛп жылдар бойына жинаған мол дүниелері «Қазақ - қайсақ және Алтай 

халықтарының  ертегілері  мен  аңыздары»  деген  атпен  1916  жылы  «Живая 

старина»  болып  басылып  шықты.Ол  ауыз  әдебиеті  үлгілерін  қазақ  тілінде 

жазып  алмайды,  тек  шығарманың  мазмұнын  ғана  жазып  алады  және  оны 

орысша  әңгімелеп  береді.Егер  Радлов  ел  арасынан  жинаған  деректерін 

қазақша  жазып  алып,  айтушының  стильдік,  сӛздік  ерекшеліктерін  сақтап 

отырса,  Потанин  олай  етпейді,  жинағандарын  бірден  орысшаға  аударады. 

Мұның  мәнісі  қазақ  ауыз  әдебиетімен  орыс  қауымын  таныстыруды 

кӛздегендіктен  болу  керек.Ал  Радловқа  қарағанда,  ауыз  әдебиетін  жинауда 

Потаниннің  бір  ерекшелігі  бар.Ол  жинаған  дүниелерді  кімнен  жазып 

алғандығы,  айтушының  ӛмірбаяны,  оның  қандай  шығармаларды  білетіндігі, 




оларды  қалай  үйренгендігі  т.б.  жайынан  мәлеметтер  береді.Мұнысы  ғылым 

үшін аса қажетті еңбек еді. 

    Қазақ  ауыз  әдебиетінің  кӛптеген  үлгілерін  жинаса  да,  Потанин  олар 

жайында арнаулы ғылыми – зерттеу еңбек жазбаған.Бірақ та ол ӛзінің басқа 

еңбектерінде қазақтың , ауыз әдебиетін аса жоғары бағалайды.Ең алдымен ол 

қазақ халқының ауыз әдебиетке байлығын сӛз етеді, оның кӛркемдік дәрежесі 

басқа халықтардың шығармасынан кем соқпайтындығын кӛрсетеді.Мәселен, 

«Еуропа  халықтарының  орта  ғасыр  дастанындағы  шығыстық  мотивтер» 

деген күрделі еңбегінде қазақ ауыз әдебиетін бірнеше мысалдар келтіреді де, 

«Қозы Кӛрпеш - Баян сұлу» жырына айрықша тоқтайды.Ол бұл жырды «Жер 

жүзіндегі асыл мұралардың бірі» деп қарайды. 

   Ӛткен  ғасырдың  80-  жылдарынан  бастап  қазақ  ауыз  әдебиетінен  жинау, 

бастыру  жӛнінде  кӛп  еңбек  сіңірушінің  бірі  -  Әбубәкір  Диваев(1856-1932) 

болды.  Ол  Орынбардағы  кадет  корпусын  бітіргеннен  кейін  Түркістан 

генерал-  губернаторлығында  қызмет  істейді.Тиісті  қызметін  атқара  жүріп, 

қазақ  халқының  тарихына  қатысы  бар  дәйектерді,  ауыз  әдебиеті  үлгілерін 

жинау  ісіне  кіріседі.Бұларды  ол  сол  кезде  шығатын  газет  –  журналдарда 

жариялап отырады. 

   Қазан кӛтерілісіне дейін, одан кейін де Әбубәкір жинаған ауыз әдебиетінің 

үлгілері  орасан  кӛп.Ел  арасынан  ауыз  әдебиетін  алғаш  рет  жинау  ісіне 

кіріскенде,  Әбубәкір  екі  түрлі  мақсат  кӛздейді.Біріншіден,  қазақ  халқының 

мәдени мұрасын келешектегі жас ұрпақ үшін, тарих үшін керекті дүние деп 

жинайды.Екіншіден, жинаған еңбектерін орыс тіліне аударады, онымен орыс 

халқын таныстыруды мақсат етеді. 

   Алдына  осы  секілді  игілікті  мақсат  қойған  Әбубәкір  Ш.Уәлиханов, 

Г.Потанин,  В.Радлов  т.б.  секілді  ауыз  әдебиетін  жинап,  бастыруда  тамаша 

қызмет атқарады, келешек ұрпақ үшін асыл мұра қалдырды. 

    Қазақ  халқының  ауыз  әдебиетін  жинау    ісі  Қазақстанда  Ғылым 

академиясының  бӛлімшесі  (1946  жылдан  бастап  Қазақ  КСР  Ғылым 

академиясы)  құрылғаннан  кейін  күшейе  түседі.Ғылым  академиясы  жыл 

сайын  жер-жерге  экспедициялар  шығарып  ,  халық  әдебиетін  жинатып 

отырады.Және  де  осы  еңбектерден  бірнеше  жинақтар  құрастырып 

шығарды.Мысалы:Мұхтар  Әуезов  атындағы  Қазақ  ғылым  академиясының 

Әдебиет және ӛнер институтының қолжазба қорына жиналған ауыз әдебиеті 

еңбектерінен  1958-1973  жылдар  арасында  үлкенді-  кішілі  23  том 

құрастырылып  жарияланады.Бұлардың  ішінде:  «Батырлар  жыры»,  «Қазақ 

ертегілері»,  «Айтыс»,  «Қазақтың  мақал  мәтелдері»,  «Шешендік  сӛздер»  бар 

еді  және бұларға  қоса  әрқайсысы бірнеше  нұсқасымен  «Қыз  Жібек»,  «Қозы 

Кӛрпеш-Баян  сұлу»  ,  «Қамбар  батыр»,  «Алпамыс»,  «Кӛрұғлы»  сияқты 

жырлар кӛрді. 

     Бұл  келтірілген  дәлелдер  кеңестік  дәуірде  қазақ  ауыз  әдебиеті  үлгілерін 

жинау,  жариялау  жұмыстарының  жемісті  түрде  жүргізіліп  отырғанын 

кӛрсетеді.{ 1;19-29 }  

     Қазақ  ауыз  әдебиетін  зерттеу  ісі  шын  мәнінде  кеңестік  дәуірде  қолға 

алынып,  ғылыми  жолға  қойылды  .Бұл  кезде  ауыз  әдебиетін  зерттейтін-



фольклористика  деп  ғалымдар  қатары  ӛсіп  келеді.Жалпы  қазақ  ауыз 

әдебиетінің    және  оның  жеке  түрлерінің  туу,  қалыптасып  даму  тарихы 

жайында 

газет-журналдық 

мақалалар,үлкен 

ғылыми 


зерттеулер 

(монографиялар,  кандидаттық,  докторлық,  диссертациялар,  мектеп  пен 

жоғары  оқу  орындарына  арналаған  оқулықтар  т.б.)  жазылып,  баспа  жүзіне 

жарияланды.Аманғали  Сегізбаев  «Халық  пен  әдебиет»  дейтін  мақаласында, 

Бейсенбай  Кенжебаев  «Абай  ӛлеңдерінің  1923  жылғы  басылуы  туралы» 

дейтін  мақаласында  ауыз  әдебиетінің  негізгі  иесі  еңбекші  халық  екенін 

айтады. 

     30 -  жылдары қазақ ауыз әдебиетінің тарихын оқулық кӛлемінде баяндау 

мәселесін тұңғыш кӛтерген , оны қолға алған Сәкен Сейфуллин еді.Бұл іске 

кірісер  алдында  ол  әдеби  мұраны  білетіндерге  арнап  1929  жылы  «Еңбекші 

қазақ»  газеті  арқылы  ашық  хат  жазады,  қазақ  әдебиетінің  тарихы  туралы 

кітап жазу ойы барлығын айтып, соған керекті дүниелерді ел арасынан жинап 

беруді  сұрады.  Оның    «аса  қажет»  деген  дүниелерінің  кӛпшілігі  қазақ  ауыз 

әдебиетінің әр кездегі нұсқалары болатын. 

Жалпы,  осы  ауыз  әдебиетінің  жиналуы,  зерттелуін  кезеңдерге  бӛліп 

қарастыруға болады. Мысалы : 

XVIII  ғ. II- жартысы 

              Қазақ  фольклорын  арнайы  түрде  жинап,  жариялау  мен  зерттеу  ісі  

XVIII ғ.II  жартысынан басталды.(Орта ғасырдағы авторлардың –М.Қашқари, 

Ж.Баласағұнилердің – еңбектерінде фольклорлық мәтіндер кездеседі.Алайда, 

олар  мақсатты  түрде  ғылыми  талдауға  түскен  жоқ  еді).Қазақ  фольклорын 

жинау,  әсіресе  Ресейдің  Қазақстандытолық  ӛзіне  қарату  үшін  ӛте  актуалды 

болды.Сондықтанда  бұл  кезең  «Отарлау  мақсатындағы  фольклорлық 

зерттеулер»  деп  те  аталады.Сол  орыс  ғалымдарының  ішіндегі  ӛте  елеулі 

деген ғылыми еңбектерге шолу жасаймыз.                              

           Н.Г.Георгидің  –  1779  жылы  Санкт-  Петербург  қаласында    «Описание 

всех  обитающих  в  Российском  государстве  народов»  деп  аталатын  еңбегі 

жарыққа шықты.Қазақ халық әдебиетіне қатысты ең алғашқы ғылыми еңбек. 

П.С.Палластың-«Путишествие  по  разным  провинциям 

Российского 

государство»  деген  кітаптары  жарыққа  шықты.Бұл  еңбегінде  қазақтың 

тұрмыс-салт  ӛлеңдері  мен  діни  аңыздарынан  үзінділер  келтірілген.                                                        

В.Н.Татищев-  XVII  ғасырдағы  ірі  ғалым.Ол  ӛзінің  1768-1769  жылдары 

«Россия  тарихы»  деген  еңбегінде  қазақ  халық  әдебиетіне  тоқталады.1738-

1739  жылы  Орынбордағы  ресми  қызмет  атқарған  кезінен  бастап  қазақ 

ӛнерімен  жете  таныс  болды.Қазақтардың  тілін,  әдебиетін,  тарихын,  әдет-

ғұрпын  халық  ауыз  әдебиетін  жан-жақты  зерттеген.Сонымен  қатар  бұл 

зерттеушілер  арасында  Н.В.Рычковтың,  Г.Спаскийдің,  Г.Говердовскийдің 

еңбектері,  қосқан  үлестері  бар,  олардың  фольклорлық  шығармалары 

«Северный вестник» журналында шыққан. 

XIX ғ.II-жартысы    

       Қазақ  халық  әдебиетін  жинау,  жариялау  және  зерттеу  жұмыстары    XIX 

ғасырда  жоғары  дәрежеге  кӛтерілді.  «Бұл  тұста  қазақ  фольклоры  жеке 

жиналмайды.Ол  жазбаларда,  очерктерде,  георгафиялық,  тарихи  т.б. 




еңбектерде  қамтылып, қазақ елі туралы дерек ретінде пайдаланылады»,- деп 

бұл кезеңге ӛз үлесін қосқан ғалымның бірі Сейіт Қасбасов болды. Сонымен 

қатар,    В.И.Даль  -1833-1841жылдар  Орынбор  мен  Оралда  болып  ауыз 

әдебиеті туралы бірнеше ғылыми мақалалар және кӛркем шығармалар жазды 

.  Мысалы,  қазақ  ӛмірінен  алып  жазған.  «Су  басқан  кӛшеде»,  «Түншіл», 

«Солдаттың  бос  уақыты»,  «Бӛкей  мен  Мауляна»  деген  әңгімелері 

бар.В.И.Даль қазақ фольклорын  ашқан .  А.Янушкевич – «Күнделіктер мен 

хаттар  немесе  қазақ  даласына  жасалған  саяхат  туралы  жазбалар»  деген 

еңбегінде  қазақ  фольклорына  тоқталған  айтыс,  жоқтау,  аңыз,  тарихи 

жырларға анықтама беріп, ерекшеліктері мен ұқсастықтарына мән берген. Ал 

осы кезеңдегі фольклордың жиналып зерттелуіне үлес қосқан ғалымның бірі- 

Л.И.Левшин.  Қазақтардың  этнографиялық,  фольклоры,  тарихы  туралы 

зерттеп  III  томдық  еңбек  жазады.Бұл  еңбегінде  автор  қазақ  фольклорының 

жанрлық үш түр ерекшкліктерін атап ӛтеді. 

а)Тұрмыс- салт ӛлеңдері 

ә)Лирикалық ӛлеңдер 

б)Тарихи жырлар 

Міне  осылайша,үш  түрге  болып  қарастырған  болатын.  Келесі  кезекте 

айтатын ғалымымыз- В.В.Радлов болмақ. Ол 1862 жылы қазақ еліне саяхатқа 

шығып қазақ елін, тілін, мәдениетін зерттейді.1870 жылы «Түрік тайпалары 

халық  әдебиетінің  нұсқалары»  деген  III  томдық  жинағанда  ауыз  әдебиетін 

екіге бӛліп: 

1)  Қара ӛлең 

2)  Кітаби ӛлең ,- деп  қарастырады.В.В.Радлов жинап, жариялаған ғашықтық 

жырларының ең бір қызықтысы «Қозы Кӛрпеш- Баян сұлу» 1870  жылы қазақ 

арасынан жазып алып, 1925 жылы Москвада жеке кітап етіп бастырады.Тағы 

да  осы  ғалымдардың  қатарында  айтатын  ғалымымыз-  И.Белиницин.(1825  -

1830)  Оның  фольклор  жинау  саласы  Аягӛз  маңынан  «Қозы  Кӛрпеш  -  Баян 

сұлу»  эпосының  тағы  бір  және  «Ақбала  -  Боздақ»  жырын  табуы.  Кӛрнекті 

этнограф  ғалым  -  Г.Н.Потанин-1846-1856  жылдардан  фольклорға  оны 

жинауға  қызыққан.  Фольклорды  кӛбіне  конспекті  түрінде  жинаған.Ол  ӛз 

тәсілін  «Аударма  арқылы  жасалған  конспект»  деп  атады.  Г.Н.Потаниннің  

«Қытайдың  Таңғұт  пен  Тибет  жақ  шеті  мен  Орталық  Моңғолия»  деген    II 

томнан  тұратын  еңбегі  бар.Бұл  жинақтың  екі  томы  түгелімен  фольклорған 

арналған.Қазақ фольклорын 4 топқа бӛліп қарастырған. 

1) Ертегілер. 

2) Әпсаналар. 

3) Жеке адамдар мен мекендер жайлы аңыздар. 

4) Жұлдыздар мен жан –жануар туралы эпос. 

  1895  жылы  Г.Н.Потанин  Ақмола,  Кӛкшетау  жерлерін  аралап  «Жиренше 

шешен»,  «Ер  Кӛкше»,  «Алдар  кӛсе»  деген  т.б.  халық  әдебиеті  үлгілерін 

қағазға  түсіреді.Соның  негізінде  «Алтай  аңыз  ертегілері»  деген  жинақ 

құрастырған.  Алекторов-аса  құнды  мағлұмат  берушінің  бірі.  «Қырғыздар 

туралы  кітаптар,  журналдар  мен  газеттердегі  мақалалар  мен  хабарлардың 

кӛрсеткіші».  «Қырғыз  есімдері»,  «Бақсы»,  «Қырғыздардың  халық  әдебиеті» 



т.б. барлығы 100-ден аса еңбек жазып алды.Ғалым қазақ халқының дәстүрін, 

ӛнерін,  музыкасын,  фольклорын  аса  жоғары  бағалаған.Бұл  кезеңдегі 

ғалымдар арсынан елеулі орын алатын педагог, ғалым- Ы.Алтынсарин. Ауыз 

әдебиеті  нұсқаларын  1860  жылдардың  басынан  бастап  жинайды. 

Ағартушының  1879  жылы  жарық  кӛрген  «Қазақ  хрестоматиясы» 

фольклордың  әр  жанрындағы  әдемі  үлгілерін  қамтумен  және  белгілі  бір 

мақсатқа  құрылуымен  құнды.Ыбырайдың  жинап,  жариялаған  ауыз  әдебиеті 

үлгілерінің 

ішінде 

шешендік 

сӛз 

ерекше 


орын 

алады.Қазақ 

хрестоматиясының  1-кітабы 4 тарауға бӛлінеді. 

1) Мысалдар мен халық әдебиеті. 

2) Әр түрлі жастардағы адамдардың ӛмірінен алынған әңгімелер. 

3) Ең жақсы қазақ ақындарының ӛлең-жырлары. 

4) Қазақтың мақал- мәтелдері. 

XIX  ғ.II-жартысндағы  фольклористиканы    кең  кӛлемде  жинап,  зерттеуші  

ғалым  Ш.Уәлиханов  болды.    Оның    «Ұлы  жүз  қазақтарының  аңыздары», 

«Шона 


батыр», 

«Қазақ 


халық 

поэзиясының 

түрлері 

жӛнінде», 

«Қырғыздардың тарихи аңыздары», «Кӛкетайдың асы» деген бірнеше құнды 

еңбектері  осы  кезеңдердің  жемісі.  Ғалымның  назарынан  «Орақ  батыр» 

жырыда  тысқары  қалған  жоқ.  Ол  еңбегінде  жыршылық  ӛнер  туралы  сӛз 

қозғалады.Шоқан  жинаған  мақал-  мәтелдердің  аз  ғана  тобы  баспа  жүзін 

кӛрген. Қазақ халық поэзиясының түрлері туралы  деген аса маңызды еңбегі 

бар,  мұнда  ол  ӛлең  жанрларының    ерекшелігін  ашып,  сипаттап  жіктейді. 

  

1. Эпикалық аңыздарды ғалым 



“жыр

” деп атап, “Ер Кӛкше”, “Орақ батыр”, 

“Қозы 

кӛрпеш- 


Баян 

сұлуды” 


осы 

топқа 


жатқызады. 

2.  Жоқтау  ӛлеңдерді  жеке  топқа  бӛліп  “



жылау

”деген  атпен  берген. 

Жоқтауды 

тек 


әйелдер 

айтатынын 

ескертеді. 

3.  Тойларда  қыз  бен  жігіт  арасында  айтылатын  қысқаша  айтысты 



қайым

"деп 


атаған. 

4.Бір-бір  шумақтан  тұратын,  әрқайсысында  белгілі  бір  аяқталған  ой 

айтылытын 

ӛлеңдер 






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет