Сабақ жоспары: І. Ұйымдастыру. ІІ. Мерекелік әдеби-музыкалық монтаж. ІІІ. Ауған соғысының ардагерлерімен сұхбат



Дата06.07.2018
өлшемі16,44 Kb.
#47295
түріСабақ
Тәрбие сағатының тақырыбы: Ерлік-ұрпаққа мұра.

Мақсаты: Оқушыларды туған жерін, Отанын сүюге, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу. Олардың достық, адамгершілік қасиеттерін, патриоттық сезімдерін дамыту.

Көрнекілігі: шарлар, ұрандар, Ауғанстан жерінің картасы.

Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Мерекелік әдеби-музыкалық монтаж.

ІІІ. Ауған соғысының ардагерлерімен сұхбат.

ІҮ. Құттықтаулар.

Өту барысы: І. Ұйымдастыру.

ІІ. Мерекелік әдеби-музыкалық монтаж.

Кіріспе сөз

Мұғалім: 22 жыл бұрын 1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлері ауған жерінен біржолата шықты. Он жылға созылған бұл соғыстан елге қйтқан жауынгерлердің көбі мүгедек болып оралды. Талайы жат жер топырағын құшты. Бұл соғыста ТМД елдерінің 15000 жуық адамы құрбан болды. «Ерлік қашан да елге мүра, ұрпаққа - ұран» болатыны белгілі. Соның бір үлгісі ретінде ауған майданының ардагер жауынгері –Өтемісов Думан Ибрахимұлы ортамызда. Бүгінгі біздің «Ерлік-ұрпаққа мұра» атты тәрбие сағатымыздың «Интернационалист – жауынгер» сізге арналады.

1-жүргізуші (Малика), ІІ-жүргізуші (Ділназ)

Ділназ: Ат басына күн туса,

Ауыздығымен су ішер.

Ер басына күн туса

Етігімен су кешер – дегендей ХХ ғасырдың аяғында, яғни 1979-1989 жылдары ауған жеріндегі соғыс апатын шеккен азаматтарымыз аз емес.

Малика: 1978 жылдың сәуір айында Ауғанстанда революция жасалды. Революциялық кеңес және Республика үкіметі құрылып, төраға қызметі Н.М.Таракиге жүктелді. Жаңа үкіметтің нақтылы реформалық іс-әрекеттері дамыған социалистік елдердегі құрылысқа ұқсас болды. Жаңа өмірдің қалыптасуы барысында басқарушы партия арасында алауыздық пайда болып, өзара тартыс басталды.

Ділназ: 1979 жылы желтоқсанда КСРО әскерлері ауған жеріне енгізілді. Бұл әрекет елдегі жағдайды одан ірң шиеленістірді. Ауғанстан жерінде болған ұрысқа 22200 Қазақстандық қатысып, оның 701 жауынгері қаза болса, 484 адам мүгедек болып оралды. 20 жауынгер хабарсыз кетіп, 2205 жауынгер орден, медальдармен марапатталды.

Малика: Міне, осы Ауған соғысының аяқталғанына 22 жыл өтіпті. Сол кездегі әсерге алынған жас жігіттеріміздің бірталайы соғыс зардабын тартып, қазіргі уақытта Ауған соғысының ардагері атанып отыр.

Ділназ: Бүгінгі біздің «Ерлік – ұрпаққа мұра» атты ашық тәрбие сағатымызға ауған ардагерлері Өтемісов Думан келіп отыр, қошеметпен қарсы алайық.

Жансұлтан: Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер төркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықта

Кім айта алар

Болмаған,-деп-Әнұран?!

Әнұран орындалады.

Мадина: Көп аузынан түспейтін,

Отан деген немене?

Оның тұлға, түс, кейпін

Достым, білгің келе ме?

Отан-сенің ата-анаң

Отан-досың, бауырың,

Отан-өлкең, астанаң,

Отан-аудан,ауылың

Отан-тарих, Отан-тіл,

Жасаған елің, өз халқың!

Отан-өлең, Отан-жыр

Көтерген көкке ел даңқын.

Отан-осы достарым,

Көңілге мұны түйе біл!

Отан деп өсіп жан-жағың,

Оны ардақтап, сүйе біл!

Аян: Әуелің Отан-ана алды

Ауыл алды, аунаған шөптің қасы.

Сағынғанда тым ыстық көрінеді

Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы.

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен-

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

Аяулым: Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен,асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған «Отан»-деп сыбырлаған

Жаным менің, кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған!

Отан!

Отан!


Бәрінен биік екен

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Отанды сүймеуің де күйік екен,

Отанды сүйгенің де күйік екен.

Ән «Мен-қазақпын».

Нияз: Отан белгілі бір адам үшін оның өзінің елі ғасырлар бойы ғұмыр кешіп және солай болып қалуы үшін жанын пида қып күресіп келе жатқан өңір, өлке ғана емес, туған шаңырағы, ата-ана, бала-шағасы, жары, дос-жаран туысы. Солармен бірге жалғанған көретін қызығы мен бақытты тұрағы, өлгеннен кейін де, ұрпақтарына рухы жар болып жататын топырағы.

Нұрсұлтан: Сақтады олар елін, жерін, қонысын

Ақтады олар азаматтық борышын

Сол үшін де қолтығынан сүйейік,

Ардагерге-майдангерге

Иейік біз барлық жерде

Басымызды сол үшін.

Әмина: Сапқа тұр, ақ ниет адамдар

Кел қосыл бейбітшіл шеруге

Тыныштық жауларын жеңуге.

Бейбіт күн тулары самғасын

Тыныштық тулары шарласын,

Жетім боп ана мен балалар,

Ойран боп от басы қалмасын.

Жол берме соғысқа азамат

Сен ғана тыныштық қорғаны.

Ділназ: Ауған соғысында интернационалдық борышын өтеген қаншама жас жауынгерлер қаза тапты. Оларды еске алу мақсатында 1 минут үнсіздік жариялайық.

Жалғас: Жастық шақта жалын жұтып, қан кешкен,

Жарқын дүние жанарынан сан көшкен.

Ардагерлер-естелігі ерліктің,

Ұрпақтары-бұтақтары,

Қасиеттің, өсиеттің, ұмытылмас мәңгі естен.

Хор: «Отан!»

Аяжан: Туған жердей жат жердің болмайтыны-ақиқат,

Оған көңлің толмайтыны-ақиқат.

Алтын торда алтын құс өсірсеңде, бұлбұл құс

Өскен бағы болмаса, қонбайтыны-ақиқат.

Би: Қара жорға

Манас: Жаулардан қарсы келген жасқанбаған

Жасаған ерлігіне мастанбаған.

Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,

Тарихта ардагерлер асқан бағаң.

Дамир: Қызығы балалықтың тарқамаған,

Кезінде-ақ әр ауылдан, әр қаладан

Аттанып қан майданға сендерсің ғой

Соғыстың бар азабын арқалаған.

Ділназ: Дамирдың орындауында ән: «Туған жер».

Тоты: Қазіргі бейбіт өмір солдаттары:

Еліме сақшымын, қалқатай,

Қазір мен, сағындым нақ шыным

Күт мені, әзірлен,-дейді.

Малика: Ән «Ауылым»

ІІІ. Ауған соғысы ардагерлерімен сұхбат.

Ділназ: Құрметті ауған соғысының ардагерлері, осы соғыс туралы сіздерге қоятын оқушылардың бірнеше сұрақтары бар.

Нұрсұлтан: Адам жүрегіне жара, санасына ауыр салмақ салып, сұм соғысқа өз еркіңізбен бардыңыз ба?

Жалғас: Соғысқа шыдамай өз-өзіне қол жұмсаған адамдар болды ма?

Динара: Бейбіт өмірде өмір сүріп жатқан адамдарға тілегіңіз.



ІҮ. Құттықтаулар.
Каталог: uploads -> doc -> 1043
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1043 -> Абай атындағы жалпы білім беретін орта мектебі 9 «а» гимназия сыныбының
1043 -> «Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер» модулі бойынша коучинг-сессияның өткізілу жоспары
1043 -> Қайырлы таң достарым, Қайырлы күн болсын! Аптаның әр күні Сәттілікке толсын! Біздің алар бағамыз Кілең бестік болсын!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет