Сабақ жоспары
Күні: 09.02.2017 жыл Өткізілетін орны: 209
Сынып: 9 «А»
Пәні: алгебра
Мұғалім: Шерғозы Фариза Мәлікқызы
Cабақтың тақырыбы: Арифметикалық және геометриялық прогрессия тақырыбына есептер шығару
Сабақтың мақсаты: арифметикалық және геометриялық прогрессия формулаларын пайдаланып әртүрлі және аралас есептерді шығару дағдысын жетілдіру; практикадан өз білімін жүйелі әрі дұрыс пайдалануға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: практикалық сабақ
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, бор, оқулық, слайд, таратпа материялдар, плакаттар
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу,түгендеу,сынып тазалығына көңіл бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: /5-мин/. Өткенді қайталау:
1).Сандар тізбегі дегеніміз не?
2).Арифметикалық прогрессия дегеніміз не?
3).Геометриялық прогрессия дегеніміз не?
4).Арифметикалық прогрессияның қасиеті.
5).Геометриялық прогрессияның қасиеті.
Енді формулаларды есте сақтау:
«Тыңда, ойлан,тап!» ойынын ойнап көрейік. Мен сұрақтарды оқимын сендер формуланың реттік нөмерін жазып отырасыңдар.
1).Шексіз кемімелі геометриялық прогрессияның қосындысы
2).Геометриялық прогрессияның мүшелері оң болғандағы қасиетінің формуласы
3). Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы
4).Геометриялық прогрессияның алғашқы n-ші мүшесінің қосындысы
5). Арифметикалық прогрессияның қасиеті
6).Геометриялық прогрессияның n–ші мүшесінің формуласы
7).Геометриялық прогрессияның еселігі
8).Геометриялық прогрессияның мүшелері теріс болғандағы қасиеті
9).Арифметикалық прогрессияның айырмасы
10).Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы
ІІІ. Есептер шығару. /30-мин/. Кім тапқыр? (Әр есепке 2 балл).
1. Арифметикалық прогрессияның , d=4 тең, оның мүшесі неге тең? Жауабы: 47
2. Геометриялық прогрессияның , тең, оның мүшесі неге тең? Жауабы: -24
3. Арифметикалық прогрессияның , тең, оның алғашқы мүшесінің қосындысын табыңдар.
Жауабы: 105
4. Геометриялық прогрессияның , тең. Оның алғашқы мүшесінің қосындысын табыңдар. Жауабы: 400
5. 1++………… шексіз кемімелі геометриялық прогрессиясының барлық мүшесінің қосындысын анықтаңдар. Ж : 2
Біліміңді тексер: (Деңгейлік тапсырма)
«А» деңгейі: 3 балл.
а1=50 , d=-3 болатын арифметикалық прогрессияның оныншы мүшесін тап.
Жауабы: 23
«В» деңгейі: 4 балл.
b1 = 4 және b2 = -8 болса, онда геометриялық прогрессияның –ын тап.
Жауабы: 12
«С» деңгейі: 5 балл.
а4=10, а7=19 болса, онда арифметикалық прогрессияның S10 қосындысын есепте.
Жауабы: 145.
Сергіту сәті: /5-мин/. Сандарды үш тілде айтайық.
«1» бір, один, one «10» - он, десять, ten «100»-жүз, сто, hundred
«25» - жиырма бес, двадцать пять, twenty five «98» - тоқсан сегіз, девяносто восемь, ninety eight «143»- жүз қырық үш, сто сорок три, one hundred forty three.
Тест. 1 есеп 1 балл.
1.Арифметикалық прогрессияны көрсет:
а) -1;0;-3.... б) 8;4;2....
ә) 1;4;16;.... в) 15;10;5.... (В)
2. Өспелі прогрессияны көрсет:
а) -1;-2;-3.... б) 8;4;2....
ә) -5;0;5.... в) 4;05;8.... (Ә)
3. Геометриялық прогрессияны көрсет:
а) -10;5;0.... б) 6;4;2....
ә) 5;25;125.... в) 100;200;300.... (Ә)
4. Арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесі 4-ке тең, айырымы -1-ге тең болса, онда оның 5-ші мүшесін тап:
а) -5 б) 0 ә) 1 в) -8 (Б)
5. Геометриялық прогрессияның еселігі -1-ге тең, бірінші мүшесі 2-ге тең болса, онда оның 5-ші мүшесін тап?
а) -2 б) -1 ә) 1 в) 2 (А)
6. 10;8;6.... прогрессияның 21-ші мүшесін тап:
а) -20 б) 10 ә) -30 в) 30 (Ә)
7. 1;2;3....20 қосындысын тап:
а) 200 б) 210
ә) 220 в) -200 (Б)
ІV.Қорытынды: /3-мин/ Рефлексия
Алған әсеріңіз қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |