Сабақ жоспары
Күні:
Пәні: Қазақ әдебиеті. 8«А»
Тақырыбы: Д.Исабеков «Әпке» драмасына талдау, кейіпкерлерге мінездеме беру.
Мақсаты:
а) білімділік: Шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекеті мен мінез-құлықтарын сипаттап ашу. Жан-жақты талдау жасау.
ә) дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойларын дәл, нақты жеткізе білуге, позициясын қорғай білуге дағдыландыру, сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу, дүниетанымын кеңейту, пәнаралық байланыс арқылы пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру;
б) тәрбиелік: оқушылардың ата-ананаң қадірін білуге қастерлеуге,құрметтеуге, үйрету, атасына деген сүйіспеншілігін ояту, сезімдерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ жауап, топтық жұмыс, ой шақыру,кластер, талдау жинақтау, бағалау,салыстыру.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, театр.
Сабақтың көрнекілігі: Портрет, түрлі- түсті қалам, қима қағаз,стикер, маркер, флипчарт.
Техникалық құралдар: слайд, интерактивті тақта, бейнетаспа.
Ұйымдастыру кезені:
1) Жақсы көңіл- күй қалыптастыру.
2) Топ құру.
3) Өткен білімді пысықтау.
Үй тапсырмасын сұрау:
Ассоциация: 1-топқа Д.Исабеков кім?
2-топқа «Әпке» драмасы желісін қысқаша баяндау.
Сабақтың барысы:
Ой шақыру: Видео сюжет көрсету «Әпке» фильмінен үзінді.
Мағынаны ашу: Фильм жайында ой қозғау, ой дамыту. «Ойлан-Жұптас-Бөліс» әдісі.
Фильм мен оқулықта берілген драманың айырмашлығы қандай?
Кейіпкерлердің мінез-құлқы қаншалықты дәл жеткізілген?
Отбасы жағдайы туралы не қосар едің?
Фильм несімен ұнайды?
Қамажай тағдыры туралы не ойлайсыңдар? Оның әрекеті дұрыс па?
Топпен жұмыс: Драма кейіпкерлеріне мінездеме беру және өзіңе ұқсас кейіпкеріңді табу, салыстыру.
1-топ: Қамажай, Омар, Нәзила, Кәмилә
2-топ: Тимур, Ермек, Гаухар, Султан, ҚАБЕН
Шығармашылық деңгей: Рөлдік ойын.
Көрініс ұйымдастыру. 2 топқа драмадан үзіндіні көрініс етіп көрсету.
Жинақтау кезеңі: 2топқа: «Отбасы» Қандай болу керек? Моделін сызу, жасау, көрсету.
Қорытынды кезеңі: ИНСЕРТ әдісі
Не білдім?
|
Не білемін?
|
Не білгім келеді?
|
|
|
|
IX. Үйге тапсырма: Драманы толық оқу, фильмнен үзінді көру.
X. Бағалау. 1.Критерилер бойынша бағалау парақшасын толтыру.
Достарыңызбен бөлісу: |