Электр кедергісінің температураға тәуелділігі. Асқын өткізгіштік.
Сабақтың мақсаты:
Электр кедергісінің температураға тәуелділігін ұғындыру;
Асқын өткізгіштік ұғымын түсіну;
Сілтеме
Р.Башарұлы Физика және астрономия 8 сынып оқулығы; 2012жыл
Физика есептер жинағы 8сынып
Дерек көздер
АКТ, Миға шабуыл, 7маймыл тапсырмасы, ой қозғау, постер, флипчарт, маркер, стикер, тәжірибелік құралдар: динамометр, серіппе, резеңке, слайд т.б.
Күтілетін нәтиже:
Электр кедергісінің температураға тәуелділігін біледі;
Асқын өткізгіштік ұғымын түсінеді;
Кезеңдері
Уақыты
Тапсырмалар
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
Оқу үшін және оқуды бағалау
Мотивациялық кезең
10 мин
Сергіту сәті:
"Аялы алақан"
Мақсаты: Біріге отырып кедергілерден шыға білу
Үй тапсырма: «Адасқан нысан» Ток күші мен кернеудің арасындағы байланыс өрнегі қандай?
Кедергінің есептеу өрнегі?
Кедергі мен ток күшіне байланысты өрнек?
Сабаққа дайындық жаттығуларын жүргізу.
Оқушылар шаттық шеңберін құра отырып, бір - бірінің қолдарын ұстайды. Осы біріккен оқушылар бір – біріне тілектер айтады.
Пазылдарды құрастыра отырып, топқа бөлінеді.
1топ: Кедергі;
2 топ: Кернеу;
3 топ: Ток күші;
Осы пазыл бөлшектерінің артындағы сауалдарға жауап береді.
Пазылдарды құрастырып болған соң жаңа сабақ тақырыбымен таныстырамын. Осы тақырыпты түсіну мақсатында, электронды оқулықты тыңдатамын.
Жаңа сабақтағы негізгі есептеу өрнектерін, сызбалар арқылы түсіндіремін.
Асқын өткізгіштік
Шаттық шеңберін құрып, бір – біріне тілектерін айтады.
Жаңа сабақ тақырыбымен керекті негізгі ұғымдарды оқушылар дәптерлеріне жазып отырады.
Жұлдызшалар беру арқылы бағалаймын.
Операциялық кезең
15 мин
1тапсырма: Тақырыпты оқу
2 тапсырма: Маңыздылықты ажырату;
Оқушыларға 7 маймыл тапсырмасын тарату, осы тапсырмалардың орындалу ережесін түсіндіру;
Оқушылар тақырыпты оқып шығып толықтай тақырып туралы түсінігін айтады.
Рефлексиялық кезең
15 мин
Үй тапсырмасы
5 мин
Сабақтан кейінгі рефлексия
Не сәтті өтті?
Неліктен?
Не сәтсіз өтті?
Неліктен?
Сабақта кездескен қиындықтарды шешу үшін не істеймін
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Мұғалім : __Кушетерова М. С.__ Күні: _____24 – 29.01.2015ж_____
Өткiзгiштердi тізбектей және параллель қосу. Резистор және реостат.
Сабақтың мақсаты:
Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу жайлы мағлұмат беру;
Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосуды күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер
шығаруда қолдана білуге үйрету;
Топта бағалай білуге баулу
Сілтеме
Р.Башарұлы Физика және астрономия 8 сынып оқулығы; 2012жыл
Физика есептер жинағы 8сынып
Дерек көздер
АКТ, Миға шабуыл, 5 зымыран тапсырмасын орындау, ой қозғау, постер, флипчарт, маркер, стикер, тәжірибелік құралдар: динамометр, серіппе, резеңке, слайд т.б.
Күтілетін нәтиже:
Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу жайлы мағлұмат алады;
Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосуды күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер
шығаруда қолдана білуге үйренеді;
Топта бағалай біледі;
Кезеңдері
Уақыты
Тапсырмалар
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
Оқу үшін және оқуды бағалау
Мотивациялық кезең
10 мин
Сергіту сәті:
"Аялы алақан"Мақсаты:
Біріге отырып кедергілерден шыға білу
Үй тапсырма: «Өрмекші торы»
Ток күші деген не?
Ток күшінің өлшем бірлігі, есептеу өрнегі қандай?
Кернеу деген не ?
Кернеудің өлшем бірлігі мен есептеу өрнегі қандай?
Сабаққа дайындық жаттығуларын жүргізу.
Оқушылар шаттық шеңберін құра отырып, бір - бірінің қолдарын ұстайды. Осы біріккен оқушылар бір – біріне тілектер айтады.
Сынып оқушылары жіпті бір – біріне лақтыру арқылы өрмекші торын құрастырып, өтілген тақырыптар бойынша сауалдарға жауап береді;
Шаттық шеңберін құрып, бір – біріне тілектерін айтады.
Оқушылар өздеріне қойылған сауалдарға жауап береді; Егерде жауап бере алмаса, өрмекшінің торына түседі;
Жұлдызша-
лар беру арқылы бағалай-мын.
Операциялық кезең
3 мин
Ток көзі және оның полюстерін қосатын өткізгіш тұйық электр тізбегін жасайды.
Электр құрылғыларын тізбектей қосу.
Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күштері тең, ал тізбектегі жалпы кернеу оның бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады:
U=U1+U2+U3+…
I1=I2=I3=…
R=R1+R2+R3+…
Жаңа сабақ тақырыбы мен керекті мәліметтерді дәптерге жазып отырады.
Операциялық кезең
12 мин
1 тапсырма Зерделеу блогы
Электр құрылғыларын параллель қосу.
Өткізгіштерді параллель жалғағанда, тізбектің барлық бөліктерінде кернеу бірдей, ал жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең, жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергісінен кем болады.
I=I1+I2+I3+… U1=U2=U3=… 1/R=1/R1+1/R2+1/R3+…
Рефлексиялық кезең
15 мин
Үй тапсырмасы
5 мин
Сабақтан кейінгі рефлексия
Не сәтті өтті?
Неліктен?
Не сәтсіз өтті?
Неліктен?
Сабақта кездескен қиындықтарды шешу үшін не істеймін
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Мұғалім : __Кушетерова М. С.__ Күні: _____ 30 – 31.01.2015ж_____