1. Қышқылдар дегеніміз не? Қандай шарттарға байланысты жіктеледі?
1)HCI-тұз қышқылы
2 HBr-бромсутек қышқылы
3)HI-йодсутек қышқылы
4)HF-фторсутек қышқылы
5)HNO2- азотты қышқыл
6)HNO3 –азот қышқылы
7)HMnO4 –марганец қышқылы
8)H2S-күкіртсутек қышқылы
9)H2SO3-күкіртті қышқыл
10)H2SO4-күкірт қышқылы
11)H2SiO3-кремний қышқылы
12)H2CO3-көмір қышқылы
13)H3PO4-ортофосфор қышқылы
14)H3BO3-бор қышқылы
Қышқылдар дегеніміз құрамы бір немесе бірнеше сутегі атомынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар
Құрамындағы сутекгі атомының санына қарай:
Қышқылдар
Бірнегізді қышқылдар: HCI,HBr,HI,HF,HNO2HNO3,HMnO4
Екінегізді қышқылдар: H2S,H2SO3,H2SO4,H2SiO3,H2CO3
Үшнегізді қышқылдар: H3PO4 ,H3BO3
Құрамында оттегі атомының болу болмауына қарай:
Қышқылдар
Оттексізқышқылдар: HCI, HBr,HI,HF,H2S
Оттекті қышқылдар: HNO2,HNO3 ,HMnO4 H2SO3,
H2SO4,H2SiO3,H2CO3,H3PO4 ,H3BO3
2.Қышқылдардың физикалық қасиеті
Тұз қышқылы, азот қышқылы, күкірт қышқылы-сұйық заттар. Ортофосфор қышқылы, бор қышқылы-қатты заттар. Кремний қышқылынан басқа қышқылдардың барлығы суда ериді. Қышқылдардың қышқыл дәмі болады.
3.Қышқылдардың химиялық қасиеті
А)Индикаторлар түсін өзгертеді
Индикаторлар дегеніміз қышқыл және сілті ерітіндісінде түсін өзгертетін заттар.
индикатор
|
Қышқылдық ортадағы түсінің өзгеруі
|
лакмус
|
қызыл
|
фенолфталеин
|
түссіз
|
метилорандж
|
қызғылт
|
Ә)Металдар+қышқыл→тұз+сутегі
(Ескерту: металдардың белсенділік қатарында сутегіден кейін орналасқан металдар және концентрлі күкірт қышқылы мен кез келген концентрациядағы азот қышқылы бұл ережеге бағынбайды)
Mg+H2SO4→MgSO4+H2
Б)Негіздік оксид+қышқыл→тұз+су
Li2O+2HCI→2LiCI+H2O
В)Негіз+қышқыл→тұз+су
(Бейтараптану реакциясы)
KOH+HNO3→KNO3+H2O
Г)Тұздармен әрекеттеседі
(Әрбір қышқыл өзінен әлсіз қышқылды тұзынан ығыстырады)
H2SO4 HCI HNO3H3PO4H2SO3H2CO3 H2S H2SiO3
BaCI2 +H2SO4→BaSO4↓ +2HCI
Ғ)Кейбір қышқылдар қыздырғанда ыдырайды
H2CO3→CO2↑+H2O
4.Қышқылдардың алынуы
А)сутегі+бейметалл→қышқыл
H2+CI2→2HCI
Ә) Қышқылдық оксид+су→қышқыл
P2O5+3H2O→2H3PO4
Қышқыл+тұз→қышқыл+тұз
NaCI+H2SO4→2HCI+Na2SO4
5.Қышқылдардың қолданылуы
Қышқылдар тұздар алуда,дәрі-дәрмек, бояу, пластмасса алуды қолданылады. Күкірт қышқылын «Химиялық өндірістің наны» деп атайды.
7-зертханалық тәжірибе:
Әртүрлі металдардың сұйытылған қышқылдармен әрекеттесуі
|