Сабақ жоспары мұғалімнің аты-жөні



бет2/2
Дата25.01.2022
өлшемі24,66 Kb.
#114037
түріСабақ
1   2
Байланысты:
8-сабақ. Қышқылдар

Уақыт

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Баға-

лау

Ресурс-тар

1 минут

2

минут




Ұйымдас-тыру

Алдыңғы білім



Сәлеметсіздер ме!

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Қышқылдар.№ 7 зертханалық тәжірибе «Қышқылдардың қасиеттерін зерттеу»:

Сіздердің білетіндеріңіз:

  • Оксидтердің жіктелуі және аталуы

  • Оксидтердің физикалық қасиеттері

  • Оксидтердің химиялық қасиеттері

  • Оксидтердің алынуы

  • Оксидтердің қолданылуы

Сіздердің меңгеретіндеріңіз:

  • Қышқылдардың жіктелуі және аталуы

  • Қышқылдардң физикалық қасиеттері

  • Қышқылдардың химиялық қасиеттері

  • Қышқылдардың алынуы

  • Қышқылдардың қолданылуы

Тест тапсырмалары

1. Негіздік оксидті көрсетіңіз:

А)CO Б)CO2 С)CaO Д)ZnO

2.Екідайлы оксидті көрсетіңіз

А)Cr2O3 Б)SO2 С)CuO Д)Li2O

3.Қышқылдық оксидті көрсетіңіз

А)Na2O Б)P2O5 С)SO Д)MgO

4.Тұз түзбейтін оксидті көрсетіңіз

А)CO Б)NO2 С)CaO Д)ZnO

5. Құрылыста қолданылатын оксид

А)CO Б)NO С)CaO Д)SO

6. MgO+H2O→ реакцияның өнімін көрсетіңіз

А)MgH2 Б)Mg(OH)2 С) MgOH Д) Mg(OH)3

7. SO3 +H2O→ реакцияның өнімін көрсетіңіз

А)H2S Б) H2SO3 С) H2SO4 Д) H2SO

8. CaO +CO2 → реакцияның өнімін көрсетіңіз

А) Ca, CO2 Б)CaCO3 С) CaО, CO2 Д) CaCO2

9. Натрий цинкатының формуласын көрсетіңіз

А) Na2ZnO2 Б) NaZnO2 С) Na2ZnO3 Д) Na2ZnO

10. Суда ерімейтін қышқылдық оксид

А)SO2 Б) SO3 С) SiO2 Д) CO2


Сабақтың тақырыбы және оқу мақсатымен танысу




Өткен ұғымды жаңғырту








Слайд 1

Слайд 2

Слайд3



20

минут


Жаңа сабақ

1. Қышқылдар дегеніміз не? Қандай шарттарға байланысты жіктеледі?

1)HCI-тұз қышқылы

2 HBr-бромсутек қышқылы

3)HI-йодсутек қышқылы

4)HF-фторсутек қышқылы

5)HNO2- азотты қышқыл

6)HNO3 –азот қышқылы

7)HMnO4 –марганец қышқылы

8)H2S-күкіртсутек қышқылы

9)H2SO3-күкіртті қышқыл

10)H2SO4-күкірт қышқылы

11)H2SiO3-кремний қышқылы

12)H2CO3-көмір қышқылы

13)H3PO4-ортофосфор қышқылы

14)H3BO3-бор қышқылы

Қышқылдар дегеніміз құрамы бір немесе бірнеше сутегі атомынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар

Құрамындағы сутекгі атомының санына қарай:

Қышқылдар

Бірнегізді қышқылдар: HCI,HBr,HI,HF,HNO2HNO3,HMnO4

Екінегізді қышқылдар: H2S,H2SO3,H2SO4,H2SiO3,H2CO3

Үшнегізді қышқылдар: H3PO4 ,H3BO3

Құрамында оттегі атомының болу болмауына қарай:

Қышқылдар

Оттексізқышқылдар: HCI, HBr,HI,HF,H2S

Оттекті қышқылдар: HNO2,HNO3 ,HMnO4 H2SO3,

H2SO4,H2SiO3,H2CO3,H3PO4 ,H3BO3



2.Қышқылдардың физикалық қасиеті

Тұз қышқылы, азот қышқылы, күкірт қышқылы-сұйық заттар. Ортофосфор қышқылы, бор қышқылы-қатты заттар. Кремний қышқылынан басқа қышқылдардың барлығы суда ериді. Қышқылдардың қышқыл дәмі болады.



3.Қышқылдардың химиялық қасиеті

А)Индикаторлар түсін өзгертеді

Индикаторлар дегеніміз қышқыл және сілті ерітіндісінде түсін өзгертетін заттар.


индикатор

Қышқылдық ортадағы түсінің өзгеруі

лакмус

қызыл

фенолфталеин

түссіз

метилорандж

қызғылт

Ә)Металдар+қышқыл→тұз+сутегі

(Ескерту: металдардың белсенділік қатарында сутегіден кейін орналасқан металдар және концентрлі күкірт қышқылы мен кез келген концентрациядағы азот қышқылы бұл ережеге бағынбайды)

Mg+H2SO4→MgSO4+H2

Б)Негіздік оксид+қышқыл→тұз+су

Li2O+2HCI→2LiCI+H2O

В)Негіз+қышқыл→тұз+су

(Бейтараптану реакциясы)

KOH+HNO3→KNO3+H2O

Г)Тұздармен әрекеттеседі

(Әрбір қышқыл өзінен әлсіз қышқылды тұзынан ығыстырады)

H2SO4 HCI HNO3H3PO4H2SO3H2CO3 H2S H2SiO3

BaCI2 +H2SO4→BaSO4 +2HCI

Ғ)Кейбір қышқылдар қыздырғанда ыдырайды

H2CO3→CO2↑+H2O

4.Қышқылдардың алынуы

А)сутегі+бейметалл→қышқыл

H2+CI2→2HCI

Ә) Қышқылдық оксид+су→қышқыл

P2O5+3H2O→2H3PO4

Қышқыл+тұз→қышқыл+тұз

NaCI+H2SO4→2HCI+Na2SO4

5.Қышқылдардың қолданылуы

Қышқылдар тұздар алуда,дәрі-дәрмек, бояу, пластмасса алуды қолданылады. Күкірт қышқылын «Химиялық өндірістің наны» деп атайды.

7-зертханалық тәжірибе:

Әртүрлі металдардың сұйытылған қышқылдармен әрекеттесуі






Қышқылдар-дың құрамы , анықтамасын түсіндіру

Қышқылдар-ды жіктеуге бағыт беру

Қышқылдар-дың физикалық қасиетімен таныстыру

Қышқылдар-дың химиялық қасиетіне сай реакция теңдеулерін жазып, түсіндіру

Қышқылдар-дың алынуына сай реакция теңдеулерін жазу

Қышқылдар-дың қолданылу саласын атап өту

Бейнеролик бойынша қорытынды жасауға бағыт беру






Слайд5

Слайд6


Слайд7

Слайд8


Слайд9

Слайд10


Слайд11

Слайд12
Слайд13

Слайд14

Слайд15






Бекіту

157-бет №7-жаттығу

1.Тұз қышқылы

А)HNO2

2. Күкіртсутек қышқылы

Ә) H3PO4

2.Азотты қышқыл

Б)H2CO3

3.Күкіртті қышқыл

В)H2SiO3

4.Азот қышқылы

Г)H24

5.Күкірт қышқылы

Ғ)HNO3

6.Кремний қышқылы

Д) H23

7.Көмір қышқылы

Ж) H2S

9.Фосфор қышқылы

И)HCI




Жаңа ұғымдарды

бекіту





Әрбір дұрыс жауап1ұпай
Барлығы

9 ұпай


Слайд18




Сабақтың соңы

Оқу тапсырмасы

157-бет, №1,5 жаттығулар












Слайд20


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет