Қостанай қаласы әкімдігінің білім беру басқармасы
Қазақ тілі пәнінен «Адамның денсаулығы» атты тақырыптағы ашық сабақ жоспары.
Өткізуші: Таткенова Гүлбану Хайдарқызы
Қостанай қаласы №2 мектеп лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Қостанай қ. – 2015ж.
Сабақтың тақырыбы: «Адамның денсаулығы».
Сабақтың мақсаты: білімділік – тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді меңгерте отырып, олармен сауатты, дұрыс сөйлемдер құрастыра білуге жаттықтыру. Шылауларды басқа сөз таптарынан ажырата білуге үйрету;
дамытушылық – сұрақтарға дұрыс жауан беру арқылы сөйлеу тілдерін дамыту. Сөз бен сөзді байланыстыра білуге, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс қолдана білуге дағдыландыру. Тілдерін, сөйлеу мәдениетін дамыту;
тәрбиелік – дене мүшелерін, денені таза ұстауға үйрету. Тазалық туралы әңгімелер жүргізе отырып, денсаулықтарын күтуге баулу.
Түрі: жарыс сабақ.
Әдісі: мәнерлеп оқу, аудирование, сұрақ-жауап, сөйлесу, көрнекіләк, тіл дамыту, аударма, топтастыру, ойын.
Дидактикалық қамтамасыз етілуі: әр түрлі суреттер, электронды оқулық, сөздер жазылған қағаздар, үлестірмелі материалдар, кесте.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. ҚР-ның әнұраны.
3. Сыныптағы оқушыларды түгелдеу, келмеу себебін сұрау, білу.
4. Оқушылардың қөңілін сабаққа бейімдесу, ыңғайлау.
5. Тіл дамыту сәтін өткізу.
«Денсаулық – зор байлық»
Оқы, аудар, мағынасын түсіндір, сөздерді сөз құрамына алда.
II. Жаңа сабақтың тақырыбы мен өту барысын талқылау.
1. Кіріспе: -Балалар, біз сендермен бүгінгі сабағымызда «Адамның денсаулығы» деген тақырыппен танысамыз. Сабақтың мақсаты: тақырып бойынша сауатты сөйлемдер құрастыра білу, шылауларды ажырата білу.
Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше. Сабақта біз 3 топқа бөлініп жарысамыз.
Жарыс 6 кезеңнен тұрады:
I кезең «Денсаулық – зор байлық»
1. 3 топ берілген тақырыптар бойынша жобаларын қорғайды.
2. Мәтінмен жұмыс.
II кезең «Сөз көркі - мақал»
1. Мақал жарыс.
2. Терме диктанты.
III кезең «Тазалық- саулық негізі»
1. Аударма жұмысы.
2. Грамматикалық тапсырма.
IV кезең «Шынықсаң – шымыр боласың»
1. Суретпен жұмыс.
2. Деңгейлік тапсырма.
V кезең «Ас – адамның арқауы»
1. Аудирование
2. «Не пайдалы, не зиянды» ойыны
VI кезең «Бірінші байлық - денсаулық»
«Денсаулықты қалай күту керек?» топтастыру
III.Өткен сабақты пысықтау:
I кезең «Денсаулық – зор байлық»
а) Әр топ өз жобаларын қорғайды.
I топ «Адамның дене құрылымы»
* Жер бетінде 6 миллиардтан астам адам өмір сүреді.
* Барлық адамдардың дене құрылымы бірдей.
* Олардың қызметтері де бірдей, т.б.
II топ «Ұялы телефон мен компьютердің денсаулыққа зияндығы»
*Компьютерден денсаулыққа зиянды сәулелер бөлінеді.
* Компьютердің алдында ұзақ отыруға болмайды.
* Ұялы телефоннан бөлінген зиянды сәулелер миға, адамның ішкі құрылысына әсер етеді.
* Ұялы телефонды 16 жасқа дейін пайдалануға болмайды, т.б.
III топ «Адам денсаулығына ұйқының тигізетін пайдасы»
*Ұйқы сергектік береді.
* Ұйықтар алдында аяқ-қолыңды жу, бөлмені желдет.
* Ұйықтайтын бөлме таза, тыныш болуы тиіс.
* Төсегің жайлы, жастығың аласа болсын.
ә) Мәтінмен жұмыс.
1. Жаңа сөздерді меңгерту
Күту – ухаживать
Нығайту – укреплять
Қадагалау – следить
Бұлшық ет – мускулы
Сергектік – бодрость
Кірлеу – грязнеть
Ауыстыру – менять
Әсіресе – особенно
Қатаю - затвердеть
2. Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқу
Әрбір адам денсаулығын кутуі және нығайтуы тиіс. Ол үшін тазалық сақтап, өзінің денесін қадағалауы керек. Адамның терісі кірлейді, сондықтан күнделікті жуынып, киімдерін ауыстыруы қажет. Әсіресе, денсаулық үшін әр түрлі дене жаттығулары өте пайдалы. Спорттық жаттығулар мен ойындар біздің бұлшық еттерімізді қатайтып, бізге серектік сыйлайды.
3. Аударма жұмысы
1. Каждый человек должен укреплять сове здоровье.
2. Для хорошего здоровья особенно полезны разные физические упражнения.
3. Кожа человека загрязняется, поэтому нужно мыться каждый день.
4. Мәтіннен септік жалғаулы сөздерді теріп жаз
Денсаулығын-табыс септік
Өзінің-ілік септік
Денесін-табыс септік
Адамның-ілік септік
Киімдерін-табыс септік
Еттерімізді-табыс септік
Бізге-барыс септік
Қорытынды: - Балалар, «Денсаулық – зор байлық» кезеңінде жобаларымыз арқылы денсаулықты сақтау үшін бізге не керек екенін, мәтінді оқып, денсаулықты қалай сақтау керектігі туралы білдік, білімімізді тексеріп көрейік:
Денсаулықты күту үшін не істеу керек ?
* тазалық сақтау
* дене жаттығуларын жасау
* дұрыс тамақтану.
II кезең «Сөз көркі - мақал»
а) Денсаулық тақырыбына мақал-мәтелдер айт:
1. Денсаулығыңды күт !
2. Денсаулық – басты байлық.
3. Денсаулық – зор байлық.
4. Жаман ауруға – жақсы ас.
5. Бірінші байлық – денсаулық.
6. Көзің ауырса, қолыңды тый,
Ішің ауырса, тамағыңды тый.
ә) Терме диктантын жазу (тақтамен жұмыс)
Көзің ауырмаса да жылына бір рет көз дәрігеріне көріп.
I топ. Қатаң дауыссыз дыбыстар: (к, с, т)
II топ. Ұяң дауыссыз дыбыстар : (з, д, ж, б)
III топ. Үнді дауыссыз дыбыстар : (ң, у, р, м, л, н)
Қорытынды: -Бұл кезеңде біз нені қайталадық ? (фонетиканы)
III кезең «Тазалық - саулық негізі»
а) (үлестірмесі материал түрінду таратып беру, оқушылар оқып аударады)
І топ. Тазалықты сақтау үшін киімді үнемі ауыстырып тұру керек.
Киім кірлеген кезде таза киім киген дұрыс.
ІІ топ. Су мен сабын микробтардан арылуға көмектеседі.
Даладан келгенде қолыңды міндетті түрде жу ?
ІІІ топ. Жуынып болғанан кейін құлағыңның, мұрныңның ішін тазала, тырнағыңды ал.
Мұрынды тазалау арқылы біз бактериядан құтыламыз.
ә) Осы кеңестерге сұраулық шылауларды қойып айтып көрейік (ма? ме? ба? бе? па? пе?)
Қорытынды: - Бұл кезеңнең біз нені үйрендік ? Қандай тақырыпты қайталадық ? (шылау)
IV кезең «Шынықсаң – шымыр боласың»
а) Суретпен жұмыс: 3 топ берілген суреттер бойынша мәтін жазады ( жүзу, жаттығу, жүгіру)
ә) Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей. Қандай спорттық ойындарды білесіңдер?
ІІ деңгей. Септік жалғаулы сөзді тап: Денсаулықты сақта. Спортпен айналыс. Таза ауада серуенде.
ІІІ деңгей. «Денсаулық» тақырыбына жұмбақ айт немесе өлең оқы.
Қорытынды: - Балалар, «Шынықсаң шымыр боласың» кезеңі несімен ұнады ? Сендер нені үйрендіңдер ?
V кезең «Ас – адамның арқауы»
а) Аудирование: «Қалай дұрыс тамақтану керек ?»
Адам ағзасы сау және күшті болуы үшін тағамның кұрамы түрлі болу керек. Ас ішер алдыңда қолыңды жу. Ал, тамақтану кезіңде теледидар қарауға, кітап оқуға болмайды, өйткені сенің ағзаң да алаңдайды. Тағамды асықпай әбден шайнап же. Тамақтанған кезде тоюға бір-екі қасықтай қалғанын сезген сәтте тоқтаған дұрыс. Артық тағаммен ағзаның жүгін көбейтпеген жөн.
(Оқушылар не түсінгеңдерін айтып береді).
ә) Ойын: «Зиянды, пайдалы»
Тағамдардың қайсысы денсаулыққа зиянды, қайсысы пайдалы ?
Неге пайдалы ?
Неге зиян ?
Зиянды тағамдар Пайдалы тағамдар
Достарыңызбен бөлісу: |