Сабақ жоспары Пән : Дүние жүзі тарихы Сынып : 8 Күні : 14. 01. 2016 Сабақтың тақырыбы : Ұлыбритания



Дата06.07.2018
өлшемі32,74 Kb.
#47671
түріСабақ
18 сабақ жоспары


Пән: Дүние жүзі тарихы

Сынып: 8

Күні: 14.01.2016


Сабақтың тақырыбы: Ұлыбритания.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ұлыбританияның ХІХ ғасырдың І жартысындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы, саяси партиялар, парламенттік реформалар, өнеркәсіп төңкерісі жөнінде түсінік бере отырып, ел дамуындағы басты ерекшеліктерді анықтау.

Сабақтың міндеттері:

- Оқушыларда ХІХ ғасырдың І жартысындағы Ұлыбританияның саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуының ерекшеліктері жөнінде түсінік қалыптастыру;

- Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, тақырыпты талдай білуге үйрету;

- Оқушылардың тіл және сөз байлығын дамыту, топта жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру;

- Бірлесіп жұмыс істеу барысында оқушылар бойында жауапкершілікті тәрбиелеу;

-Сабақ барысында игерген білімдерді әртүрлі тапсырмалар арқылы бекіту.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар Ұлыбританияның ХІХ ғасырдың І жартысындағы экономикалық дамуы, саяси жағдайы туралы түсінеді, біледі.

Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдісі: жеке-дара жұмыс, жұппен жұмыс, топтық жұмыс, постер қорғау, тест, сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс, баяндау, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, үлестірмелер, постер, тест.
Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Уақыт

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру, психологиялық дайындық ("Шаттық шеңбері").

Амандасады, назарларын сабаққа аударады, "Шаттық шеңберін" жасайды.

3 мин.

Тақырыпты және мақсатты анықтау

"Артығын тауып ал да, анықта" (мемлекеттер мен астаналар)


Ресей

Мәскеу

Үндістан

Нью-Дели

Қытай

Пекин

Франция

Париж




Лондон




Тақырыпты жән соған сәйкес сабақтың мақсатын анықтайды

3 мин.

1 тапсырма (оқулықпен жұмыс, жеке-дара)


1. ХІХ ғасырдың басында Англия экономикасы дамыған мемлекет болды. Оған қандай дәлел мен мысалдар келтіре аласыңдар? Оқулықтан тауып оқып, беріңдер.

2. 1811-1812 жылдары қандай қозғалыс болды? Оның ерекшелігін анықтаңдар.

3. ХҮІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басындағы Франция мен Англия арасындағы тартыстың салдары қандай болды?


Оқулықтан тауып, оқып береді.


6 мин.

2 тапсырма: (жеке-дара) (бір-бірін тексереді)

"Өнеркәсіп төңкерісі". Сәйкестендіру.






1733 ж.

Дж. Стефенсон Стоктон мен Дарлигтон арасында жолаушылар пойызын жүргізді


1738 ж.

Джеймс Уатт бу мәшинесін құрастырды (1784 ж. оны жетілдірді)

1765 ж.

Шұға тоқығанда өздігінен қозғалатын қайықша (челнок) ойлап табылды


1771 ж.

Дж. Харгривс "Дженни" атты механикалық ұршықты ойлап тапты


1774 ж.

Адам қолының көмегінсіз жіп тоқуға арналған мәшине жасалды

1825 ж.

Р.Аркрайт алғаш рет су доңғалақтары арқылы мәшинені қозғалысқа түсіретін тоқыма фабрикасын ашты


Қосымша сұрақ:

"Өнеркәсіп төңкерісі" ұғымының мәнін қалай түсінесіңдер.

Қазіргі заманның талаптарын ескере отырып сендер қандай жаңалық ойлап табар едіңдер? Өнеркәсіп саласында қандай төңкеріс жасар едіңдер?


7 мин

3 тапсырма Кесте-сызба толтыру (жұппен)


Заң шығару билігі
Атқару билігі
Саяси партиялар

5 мин.

4 тапсырма: Интеллект-карта (постер) құрастыру


Парламенттік реформа



7 мин.

№5 Сұраққа жауап беру


Параграфтың соңындағы 5-сұраққа жауап беріңдер (стикерлер арқылы)


Англия

"дүниежүзілік

шеберхана"





5 мин.

Бекіту

Тест

1. ХІХ ғасырдың 50-жылдары "әлем шеберханасы" атына ие болған ел:

А) Англия

В) Ресей


С) Германия

Д) Франция

Е) АҚШ

2. Англияда өнеркәсіп төңкерісінің басталуының алғашқы көрінісі:



А) Жұмыс машинасын ойлап табу.

В) Темір жолдың пайда болуы.

С) Алғашқы метроның пайда болуы.

Д) Есептеу машинасын ойлап табу.

Е) Жылдамдықты көбейту.

3. ХҮІІІ ғ. Индустриялық өркениеттің Отаны:

А) АҚШ

В) Ресей


С) Франция

Д) Англия

Е) Германия

4. Алғашқы фабриканы ойлап тапқан адам?

А) Р.Аркрайт

В) Д.Стефенсон

С) Г.Картрайт

Д) Д.Харгривс

Е) Д.Уатт

5. ХІХ ғасырдың ортасында" дүниежүзіліа банкирге" айналған мемлекет?

А) Франция

В) Англия

С) Испания

Д) Португалия



Е) Германия

7 мин.

Бағалау

Бағалау парағы бойынша балдарды санау, баға қою.

1 мин.

Үйге тапсырма:

15-параграфты оқу, сұрақтарға жауап беру.

Күнделіктеріне жазып алады.

1 мин.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет