Сабақ жоспары: Пән: Ана тілі Сабақ өтілетін күн: 25. 02. 2015 Орны: 20 кабинет Барлық оқушы саны-19



бет2/2
Дата18.02.2017
өлшемі215,49 Kb.
#10001
түріСабақ
1   2

3-кезең. Ой- толғаныс:



Топтық жұмыс.Табыс критерийлеріне сүйене отырып жауап беру.

Постер қорғайтындарға суреттердің қиындыларын да беру





1 топ:Мәтіннің мазмұны бойынша постер жасау

2 топ:Ашық және жабық сұрақтар.Өлең бойынша 2 ашық(иә,жоқ деген сұрақтар),3 жабық сұрақтар (неліктен? не себептен?) құрастырады.

3 топ:Сұхбат.Журналист және қонақ ретінде рөлдерді бөліп алып,3 жабық сұрақ құрастыр және соған жауап беру.

4 топ:«5 жолды өлең» тақырыпқа байланысты сөзді алу(Ұшқыш)

Екі жұлдыз бір тілек

3-кезең. Ой- толғаныс:



«Жанды суреттер»



Оқушылар жанды сурет тоқтаған тұсын сөйлету

-Суретті сөйлет

-Шынайы сурет қандай?

-Көзімізге не көрінбейді? Н.Ә.Назарбаев,Т.Әубәкіров,Т.Бигельдинов




Критериалды бағалау

«Бас бармақ»




Қорытынды

Тақырыптың түйінді сөздері.

тақырыпқа қатысы бар сөздерді оған қатысы жоқ сөздермен араластырып орналастырылған.

Келтірілген сөздердің қайсысы тақырыпқа сай соны оқушылар «Сөздер банкісінен»,«Біздің тақырыпқа» ауыстырады


Оқушылар тақырыпқа қатысы бар сөздерді «Сөздер банкісінен»,«Біздің тақырыпқа» керекті сөздерді ауыстырады.



Ду қол шапалақ

Рефлексия

Бүгінгі сабақ туралы пікірлерін сұрайды. Кері байланыс орнатады.«Сұрақтарыңды қалтырыңдар»

Оқушылар сабақ туралы не ұнады, не ұнамады, қандай ұсыныстары бар екенін айтып шығады.

Шығу парағын толтырады.


Шығу парағы

Бағалау

Бағалау парағы бойынша бағалату

Әр оқушы өзін жеке бағалайды, қорытынды бағаны мұғалім қояды


Бағалау парағы

Үйге тапсырма

Үйге тапсырма беру

Бағалау парағы бойынша бағалату



Барлығына: Өлең жаттау. Т.Айбергенов туралы біліп келу.

Қызыл түс- мазмұны бойынша сурет салу

Жасыл түс- Туған жер туралы 1 мақал- мәтелдің мәнін ашу

Сары түс- Туған жер тақырыбына өлең құрастыру.

Көк түс-Ұшқыш тақырыбына өлең құрастыру





Рефлексия.

Абай атындағы мектеп-гимназияның 4 сыныбында ана тілі сабағынан ашық сабақ өткізілді.Сабақтың тақырыбы «Ұшып келем».Сабақтың мақсаты: Оқушыларға С.Жиенбаевтың «Ұшып келем» өлеңінің негізгі идеясын меңгерту, байланыстырып сөйлеу шығармашылықпен ойлау дағдыларын дамыту, туған жердің құдыретін дәріптеу. Түйінді идея:Туған жердің қадірін түсіне білу, туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас

Әдістер: «Бір айналым сөйлем», «Конверттегі сұрақ», «Домино», «Қабырғаға қарап оқу», «Лездеме», «Жанды суреттер»,синквейн, постер , эссе,

Көрнекіліктер:интербелсенді тақта, стикерлер, А-3 форматы, фломастер, маркерлер, түрлі түсті қағаздар,желім, қайшы, ұшақтың,тік ұшақтың,зымыранның,құстың,ұшқыштың суреті, смайликтер, парақшалар, «Бағдаршам», «Шығу парағы», «Бағалау парағы»,

Оқыту нәтижелері:-С.Жиенбаев туралы мәлімет алады

-өлеңнің негізгі идеясын ұғынады;

- мәнерлі оқу, байланыстырып сөйлеу дағдылары дамытылады;

- шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдырылады;

- өлең бойынша ашық және жабық сұрақтар қоя алады;

- туған жер тақырыбына мақал-мәтелдерді біледі; Сабақ психологиялық ахуал арқылы өтті.Әо оқушының алдына өзіндік бағалау парағын үлестіріп бердім.Сонымен қоса топ өздерінің іштерінен топ басшысын сайладу.Топ басшысы топты бағалап отырды. «Қызықты жазулар» стратегиясы арқылы сабақ басталмас бұрын партаның астына стикерлер жапсырып қойдым.Сол стикерді тапқан бала үй тапсырмасын айтты. Бұл балаларға тосын жағдай болды.Өздерінің алдыңғы сабақта бөлініп отырғанынан байланысты топқа берілген үй тапсырмаларын сұрадым.

1 топ:«5 жолды өлең» Астана және Алматы(2бала) 2 топ:Мақтанышым Астанам Эссе жазу(1бала) 3 топ:Астана сөзіне сөзжұмбақ (1 бала)

4 топ: «Лездеме» Екі оқушы шығып конверттен бір-біріне көрсетпей кезекпен қағазда жазылған сөзді алады.Сол алған сөзді атамай досына мағынасын түсіндірді. (Алматы,Астана).Жаңа сабаққа байланысты оқушылар жаңадан топқа бөлінді.Топқа бөліну жұмысы Миға шабуыл арқылы өтті.

Оқушылар тыңдалу аймағына шеңбер құрып тұрды да, «Домино» әдісі арқылы мақал- мәтелді құрап оқиды.

Қолдарындағы суретті қағазға жапсырып іледі.Қағаздың түсі арқылы топталуды оқушылар өздері ойлап табуы қажет.

Қандай мақал- мәтел шыққанын оқиды.

1-топ: Отан үшін отқа түс, күймейсің.

2-топ: Әркімнің өз туған жері- Мысыр шаһары.

3-топ: Туған жердің күні де, түні де ыстық.

4-топ: Туған жердің ауасы да шипа. 

Оқушылар мақал-мәтелдердің туған жер тақырыбына байланысты алынғанын айттыБұл бір жағынан сабаққа байланысты мақалдарды еске түсірсе,бір жағынан жаңа сабақтың тақырыбын ашты . АКТ арқылы ақынның шығармашылығынан бейнефильмі көрсетілді де,дарынды оқушы автордың өміріне дайындап келген жұмысын қорғады.Керекті жерін оқушылар жазып отырды. «Қабырғаға қарап оқу» стратегиясын қолдану арқылы өлеңмен танысты.Ой толғаныс кезеңінде Топтық тапсырмалар берілді.1 топ:Мәтіннің мазмұны бойынша постер жасады

2 топ:Ашық және жабық сұрақтар.Өлең бойынша 2 ашық(иә,жоқ деген сұрақтар),3 жабық сұрақтар (неліктен? не себептен?) құрастырды.

3 топ:Сұхбат.Журналист және қонақ ретінде рөлдерді бөліп алып,3 жабық сұрақ құрастыр және соған жауап берді.

4 топ:«5 жолды өлең» тақырыпқа байланысты сөзді алды.(Ұшқыш)Топ интерактивті тақтада көрсетіліп тұрған критериилер арқылы бірін-бірі бағалады.Келесі кезеңде оқушылар жанды сурет(Стоп кадр) тоқтаған тұсын сөйлету

-Суретті сөйлет

-Шынайы сурет қандай?

-Көзімізге не көрінбейді? Н.Ә.Назарбаев,Т.Әубәкіров,Т.Бигельдинов туралы видео көрсетілді.Балаларға өте әсерлі болды. «Тақырыптың түйінді сөздері» стратегиясында

тақырыпқа қатысы бар сөздерді оған қатысы жоқ сөздермен араластырып орналастырылған.

Келтірілген сөздердің қайсысы тақырыпқа сай соны оқушылар «Сөздер банкісінен»,«Біздің тақырыпқа» ауыстырды. Сабақ соңында кері байланыс алынды.Оқушылар сабақ туралы не ұнады, не ұнамады, қандай ұсыныстары бар екенін айтып шықты.



Шығу парағын толтырды.Бағалау кезінді әр оқушы өзін жеке бағалады, қорытынды бағаны қойдым.

Сабақ барысында

Не сәтті болды? Себебі?

Не сәтсіз болды? Себебі?

Топқа бөлу, топ ішіндегі жұмыстар:


1.Уақытты үнемді қолданбау,себебі топта талқылау көп уақытты алды.

2.Бағалау кезінде түсінбеушілік орын алды.Себебі,шын бағалау жүрмеді.



Тапсырмалар сәтті болды: Оқушыларға берілген тапсырмаларды қызу және бір-бірімен ақылдаса отырып орындады.

Оқушыға сабақтың идеясын, нәтижесін жақсы ашты

Болашақта мен ...

сабақ өткізгенде уақытты үнемдеу мен баларды бағалаудың әр түрін үйрету керек екенін ұқтым.
Каталог: uploads -> doc -> 00b9
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
00b9 -> ТҮсіндірме жазба
00b9 -> Ұзынағаш ауылы Т. Рысқұлов атындағы орта мектеп мдшо және мжи кмм 4 «Б» сынып жетекшісі
00b9 -> Сабақтың мақсаты: 1 «Көктем келді»
00b9 -> Күні: Білім беру саласы: Қатынас Тақырыбы
00b9 -> Қазақстан Республикасындағы 2012 жылғы елеулі оқиғалар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет