Сабақ жоспары пән аты: Информатика Сыныбы: 6 «А» Сабақтың аты



Дата24.04.2017
өлшемі398 Kb.
#15125
түріСабақ


Сабақтың тақырыбы:

§22. Кестелер. Кестелерді құру.

Сыныбы: 6 «А»

Пәні: Информатика

Пән мұғалімі: Қасымова Айгүл Тұратқызы

2014-2015 оқу жылы

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 6 «А»


Сабақтың аты

Кестелер. Кестелерді құру.

Сілтеме

Жоспар

Оқулық, §22

Ғаламтор, www.google.kz, www.sabak.kz, www.45minut.kz, www.you tube.com т.б.


Жалпы мақсаты

  • MS Word мәтіндік редакторында кестелер жайлы ақпарат беру;

  • Кестелерді құру тәсілдерін түсіну;

  • MS Word мәтіндік редакторда кестелерді құруды үйрету;

Күтілетін нәтиже

  • MS Word мәтіндік редакторында кестелер жайлы білетін болады;

  • Кестелерді құру тәсілдерін түсінеді;

  • MS Word мәтіндік редакторда кестелер құруды үйренеді.

Негізгі идеялар

MS Word мәтіндік редакторында кестелер; кестелерді құру тәсілдері туралы мағлұмат беріледі. Топтық жұмыста «MS Word-тің стандартты және пішімделген құралдар тақтасы» жайлы шығармашылық жұмыс жасайды. «Полиглот» ойыны арқылы жұптық жұмыс жүргізіледі. «Сен білесің бе?» викториналық сұрақтар арқылы жаңа сабақты бекіту. Рефлексия жазу арқылы сабақты қорытындылау.

Тапсырмалар

Жеке жұмыс: Тест тапсырмалары

Жеке жұмыс: Деңгейлік тапсырмалар.

Топтық жұмыс: «MS Word-тің стандартты және пішімделген құралдар тақтасы»

Жұптық жұмыс: «Полиглот» ойыны

Жеке жұмыс: «Сен білесің бе?» викториналық сұрақтар

Жеке жұмыс: Рефлексия




І. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)

Оқушылармен сәлемдесу. Топқа бөлу. Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді.

Оқушыларға қарапайым мәтіндік редактор мен мәтіндік процессорларының сақталу форматы жазылған парақшалар («TXT», «RTF», «DOС») таратылады. Үш топқа бөлінеді. «БЛОКНОТ» тобы, «WORD PAD» тобы және «MS WORD» тобы. Топ ережесін құру.
Ескерту: Бүгінгі сабақта оқушылар БАҒАЛАУ ШКАЛАСЫ арқылы бағаланады. Әр орындалған қадам бойынша топ мүшелері жинаған ұпайларды белгілеп, сабақ соңында мадақтау.
ІІ. Жеке жұмыс. Үй тапсырмасын сұрау – тест тапсырмалары. (5 минут)

Бағдаршам арқылы өзін-өзі бағалау: «5» - жасыл, «4» - сары, «3» - қызыл.

1. Артығын таңдаңдар:

a) Word Pad b) Microsoft Word c) Paint* d) Блокнот

2. Кегль-ол:

a) Қаріптің сырт пішімі b) Қаріптің мөлшері* c) Абзацтың элементі

d) Пішімдеу сызғышындағы маркер

3. «х2» мәтінін теру үшін қандай батырманы басу керек?

a) Жоласты белгісін b) Жолүсті белгісін* c) Форматты тазалау

d) Кірістіру-Символ-Басқа символдар бұйрығын

4. Microsoft Word мәтіндік процессорды іске қосу үшін қандай командалар орындалады?

a) Бастау-Стандартты-Word Pad b) Бастау-Барлық бағдарламалар-MS Office-MS Word*

c) Бастау-Стандартты-Блокнот d) Жауаптардың ешқайсысы дұрыс емес

5. Құжатты сақтау бұйрығы қайда орналасқан?

a) Жолақтың Басты тіркеме парағында b) Файл мәзірінде

c) Оffice батырмасының мәзірінде* d) Тек пернетақтадан қолжетімді

6. Түр (Вид)-Басқа терезеге ауысу бұйрығы не үшін керек?

a) Жаңа терезе ашу үшін b) Жаңа құжат құру үшін

c) Бұрын құрылған құжатты ашу үшін d) Ашық құжаттар бойынша жылжу үшін*

7. «х2» мәтінін теру үшін қандай батырманы басу керек?

a) Жоласты белгісін* b) Жолүсті белгісін c) Форматты тазалау

d) Кірістіру-Символ-Басқа символдар бұйрығын

8. Вирус-ол:

a) Дискілерді тексеру құралы b) Файлдарды көшіруге арналған программа

c) Операциялық жүйедегі қателердің салдары d) Көбеюге қабілетті зақымдаушы программа*

9. Антивирус-ол...

a) Файлдарды сығуға арналған программа b) Файлдарды көшіруге арналған программа

c) Компьютерлік вирустарды жоюға арналған программа*

d) Вирустарды құруға арналған программа

10. Модель тек ... құруға болады

a) Нақты бар нысанға b) Ойластырып алған нысанға

c) Кез келген нысанға, үдеріске, құбылысқа* d) Табиғи құбылыстарға



ІІІ. Жаңа сабақ (5 минут)

«Жасырын сөзді тап!» ойын түрімен жаңа сабақтың тақырыбын оқушылар табады.




MS Word мәтіндік редактор терезесінде кестелерді құру тәсілдері жайлы таныстырылым жүргізіледі.


ІV. Жеке жұмыс. Практикалық жұмыс (15 минут)

Оқушыларға алдын ала таратылып берілген оқушы парағындағы А, В, С деңгейіндегі тапсырмаларды компьютерде отырып орындайды. Әр оқушы тапсырманы орындап болысымен тақтада ілінген посьтерге берілген деңгей тұсына белгі қояды. Бұл белгі олардың өзін-өзі бағалауға септігін тигізеді.


Сергіту сәті (2 минут)
V. Топтық жұмыс (4 минут)

Үш топқа плакат, желім және құралдардың аттары жазылған кеспе парақшалар таратылады. Берілген уақыт ішінде үш топ плакатқа MS Word стандартты және пішімделген құралдар тақтасының элементтерін жапсыру керек.

Дұрыс жауап тақтада көрсетіледі, топ өзін-өзі бағалайды.
VІ. Жұптық жұмыс «Полиглот» ойыны (6 минут)

Интерактивті тақтада ағылшын тілінде ДК құрылғыларының атаулары беріледі. Жұптасқан оқушылар бірі орыс тіліндегі екіншісі қазақ тіліндегі атауын табады.



Тапсырма жұлдызша арқылы бағаланады
VII. Жеке жұмыс «Сен білесің бе?» викториналық сұрақтар (2 минут)

Жаңа сабақты бекіту үшін орындалатын жұмыс. Тапсырма геометриялық фигуралар арқылы бағаланады.


VІІІ. Жеке жұмыс «Оқушы парағымен жұмыс» (2 минут)

Оқушыларға арнайы рефлексия жазуға арналған парақша таратылады. Оқушылар дауыстап оқиды.



Оқушыларды мадақтау («Көшбасшы», «Информатор» және «Хакер» атты медальдармен марапаттау)

Кейінгі тапсырмалар

146-157 беттер.

Кейінгі оқу

§22-23



Каталог: uploads -> doc -> 0eb6
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0eb6 -> Сабақ № Тараудың, /сабақтың/ тақырыбы Сабақтың мақсаты Сағ саны
0eb6 -> М. Мақатаевтың 85 жылдық мерей тойына орай өткізілген «Жырлайды жүрек» атты әдеби – жыр кеші М. Мақатаевтың суреті мен «Жырлайды жүрек»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет