Сабақ жоспары Пән: химия



Дата06.02.2022
өлшемі3,56 Mb.
#80062
түріСабақ
Байланысты:
Металдар бейметалдар


Қысқа мерзімді сабақ жоспары





Пән:химия

Мұғалімнің аты-жөні:

Дата:

Класс:8

Оқушы саны:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

8.3А
Химиялық элементтердің периодтық жүйесі

Сабақтың тақырыбы

Металдар және бейметалдар

Бастапқы білім

Атом құрылысы – атомдық (протондық) нөмір мен массалық (нуклондық) сан

Оқыту мақсаттары

9.2.1.7-химиялық элементтің периодтық кестеде орналасуына сай қасиеттерін болжау

Сабақтың мақсаттары

-бір топта орналасқан элементтердің қасиеттері ұқсас екенін түсіну.
-периодтық жүйенің жалпы заңдылықтарын түсіну
- химиялық элементтің периодтық кестеде орналасуына сай қасиеттерін болжау

Бағалау критерийлері

-оқушылар периодтық жүйенің құрылысын біледі.
-оқушылар белгісіз эленттің қасиеттерін болжайды.

Тілдік мақсаттар



Оқушыларорындайалады:
элементтердіжіктеупринциптерін ауызшажәнежазбаша түсіндіру, сұрақтар қою
блок, тенденция,қасиеттер, топ, периодтық кесте, ядролық белгі, протон, атомдық нөмір, элемент, радиоактивті, қатты заттар, сұйықтар, газдар (бей-) металдар
мысалы, сұрыптау, байқау, жіктеу, әзірлеу
Периодтық кесте элементтер тобына бөлінген
Бір топтағы элементтер бірдей қасиеттерге ие
X у сияқты бір топқа жатады, себебі олардың екеуі де z тең
Неге (элемент) осы топқажатады?

Құндылықтарды
дарыту

Адалдық, серіктестік, толеранттылық, үштілділік, денсаулық, құрмет, жауапкершілік жәнеүздіксіз оқу.



Пәнаралық байланыстар

Пән

Кезең

Физика

1-3тапсырмаларын орындау барысында.

Дифференциация

Барлық оқушылар:периодтық жүйенің құрылу принципін біледі.
Оқушылардың көбісі:топтардағы элементтердің қасиеттрін ұқсастығын біледі.
Кейбір оқушылар: бейтаныс элементтердің физикалық және химиялық қасиеттерін болжай алады.

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушыларға презентацияны PowerPointжәне де оның мүмкіндіктерін көре алады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1.Бөлмені желдету.
2Қауіпсіздік ережесін сақтайды.


Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері



Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы
0-3 минут


3-5 минут



Оқушылармен амандасу.
Оқушыларды түгелдеу.
Сыныпта ынтымақтастық орнату.
Сабақтың тақырыбын анықтау.

Сабақтың мақсатын оқушылардан сұрау немесе бірге мақсат қою.
9.2.1.7-химиялық элементтің периодтық кестеде орналасуына сай қасиеттерін болжау

Слайд 1-3

Сабақтың ортасы
5-10 минут

10-25 минут

25-37 минут





Жұптық жұмыс (оқушыларға сұрақтар қойылады, алғашқыда оң жақта отырған оқушы жауап береді, ал сол жақта отырған оқушы оның жауабын дұрыстығын айтады, сосын сол жақта отырған оқушы жауап беріп, оң жақта орналасқан оқушы бағалайды.)
Сұрақтар презентацияда көрсетіледі немесе қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалардың ішінде орналасады.

  1. Металл дегеніміз не?

  2. Бейметалл дегеніміз не?

  3. 1-ші топ элементтері қалай аталады?

  4. 2-ші топ элементтері қалай аталады?

  5. 7-ші топ элементтері қалай аталады?

  6. 8-ші топ элемнттері қалай аталады?

  7. Периодтық жүйеде период бойынша оңнансолға қарай қандай қасиет артады?

  8. Периодтық жүйеде топ бойынша жоғарыдан төмен қарай қандай қасиет өзгереді?

Жеке жұмыс
Қайсысы артық?
Оқушыларға элементтер тобы беріледі, элементтер арасынан артығын тауып, неліктен осы элементті таңдағанын түсіндіру керек.



Оқушылар жеке өздері орындап жатқанын қадағаланылады. Тапсырма аяқталған соң бір оқушы сұрау арқылы қалған оқушылардың жауабын тексеру қажет.
Топтық жұмыс.
1 .топ
Бұл элементті 1808 жылы ағылшын химигі Хэмфри Дэви ашты. Қосылыстарында +2 тотығу дәрежесін және ІІ валенттілік көрсетеді. Бұлщық ет жұмысына қажет фермент қызметі мен қан ұю жүйесі үшін . Ол кейбір фермент жұмысын жеделдетеді, адам және мал сүйектері мен тістері құрамына кіреді. Адам және мал азығында мөлшері жетіспесе, мал рахит ауруына шалдығады, жүрек жұмысы әлсірейді,қанның сапасы кемиді. Минералдарының қоры Қаратау өнірінде.Мәрмәрдің,бордың,әктастың негізгі құраушысы.
Cұрақ: Бұл қай элемент? Бұл элемент жайында не білеміз?_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Дескриптор:

  1. Мәтін ақпаратын пайдаланып өз жауабын жазады.

2 топ Төменде келтірілген мүмкін пайымдауларды әр қатардан «Иә»немесе «жоқ»деп айналдыра сызыңыз.

Магний жүрек, қан тамыр жүйесінің қалыпты жұмысын қамтамассыз етуге қатысады

Иә \Жоқ

Темірді тіршілік элементі деп айтуға болама?

Иә \Жоқ

Металдар адамзат тарихында өте маңызды рөл атқарады

Иә \Жоқ



Дескриптор:

  1. Кітапта берілген ақпаратты пайдаланып, дұрыс жауап нұсқасын белгілейді.

  2. Металдардың адам өміріндегі маңызы жайлы ақпарат алады.

3 топ
Металдар тірішілік үшін зиян келтіретін жағдайлары бола ма? Оны болдырмау шаралары жөнінде не білесіздер?
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Дескриптор:

  1. Металдар тірішілік үшін зиян келтіретін жағдайлары жайлы мағлұмат алады.

  2. Сұрақ бойынша өз ойларын жеткізеді.

Тапсырма орындалып болған соң, жиналып мұғаліммен тексеріледі.

4-слайд

5-слайд
6-слайд

8-слайд

PISA форматындағы тапсырмалар 2017 жыл


Мәтіннен мәліметтерді анықтап, нақты жауап бере алады.


Жаратылыстану сауаттылығы дамиды




Сабақтың соңы
37-40 минут

Рефлексия


Слайд8



Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?
Дифференциация дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар
болды, неліктен?




Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім?




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет