Топтар тапсырмаларды «Дөңгелек үстел» әдісімен талқылай отырып, орындайды.
(Барлық топ) 1-жаттығудағы берілген етістіктерге –ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе жұрнақтарын жалғап жазады. Сөздердің мағыналары қалай өзгергенін айтады. Бірнеше сөйлем құрастырып жазады.
(1-2 топтар) 2-жаттығудағы сөйлемдерді оқып шығады, ішінен тыйым салынған сөздерді көшіріп жазады. –ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пежұрнақтары жалғану арқылы жасалғанетістіктерді басқа етістіктермен салыстырады. Олардың мағынасын түсіндіреді.
(3-4 топтар)3-жаттығудағы өлеңді мәнерлеп оқиды. Өлеңнен болымды етістіктерді бір бөлек, болымсыз етістіктерді бір бөлек көшіріп жазады. Болымсыз етістіктердің қалай жасалып тұрғанын айтады.
(5-6 топтар) 4-жаттығуда берілген болымды етістіктерді болымсыз етістіктерге айналдырып жазады. Осы сөздерді қатыстырып мәтін құрастырып жазады. Мәтінге ат қояды.
Оқулық.
Сергіту сәті
5 мин
Мұғалім ойыншықты оқушыға болымды етістік айтып лақтырады.
Әр топқа бірнеше болымды етістікті болымсыз етістікке айналдаруды тапсырады, тапсырманы постерде жазып, қорғауды, бір-бірін тексеріп, бағалауды ұсынады.
Шығармашылық жұмыстарда, оқушылардың жауаптарын талдау кезінде әр топтың жұмысында кім белсенділік көрсеткенін сұрайды.
Үйге тапсырмаға 60 беттегі 6-жаттығуды беріп, қалай орындау керектігін түсіндіреді.
«Сөздер банкі» әдісімен болымды және болымсыз етістіктерді ажыратады.