-Балалар қыс мезгілінің келгенін қайдан білеміз.
-Қар жауады, аяз, боран болады, мұз қатады. Дұрыс айтасыңдар, алдымен қыс мезгілі келгенде қар жауады.
-Қане саусақтарымызбен қар жауғызайықшы.
Қардың тапсырмасы. Қардың сендерге әкелген сиқырлы сандықшасы бар екен.
(ҰЖ) «Сиқырлы сандықша». Сандықшаның ішіндегі жасырынып тұрған затты алдарыңдағы берілген сөздер арқылы тауып алуларың керек.
Иіссіз, дәмсіз, қатты, ақ түсті, ізі аппақ, төртбұрышты және дөңгелек болады. (Бор) (ҚБ. «Бағдаршам»)
-Бор сөзінде қай әріп таныс емес? Б әріпі. Дұрыс айтасыңдар. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Б әрпі және дыбысы. Мұғалім түсіндірмесі. Артикуляциясы: «Б» - еріннің бір-біріне нық тиіп, артынша кілт ашылуынан пайда болатын ұяң дауыссыз.Б дыбысы дауыссыз ұяң дыбыс. Б әрпінен басталатын сөздерді айтқызу. Мысалы: бор, бақа, барабан.
(ЖЖ) «Айна» әдісі. Қане, біріміз айна, біріміз адам болып б дыбысын 3 рет айтып көрейікші. Бор сөзін үш тілде айту.Бор сөзіне дыбыстық талдау жасап, сөйлем құрастыру. (ҚБ. «Смайлик» арқылы бірін бірі бағалайды)
Оқулықпен жұмыс. «Бор неден жасалады?» мәтінді оқыту.
Сергіту сәті: П әрпіне басталатын сөз – қол шапалақтаймыз. Б әрпіне басталатын сөз - аяқпен тарсылдатамыз.
Қар жауғаннан кейін қатты жел тұрса, ол қандай ауа райы құбылысына айналады?
-Қане, балалар, боран қалай соғады, көрсетейікші. (УУУ) (ТЖ) Шашылған буындардан сөз құрау. І топ: Б дыбысынан басталған адам есімдерін табу. ІІ топ: Б әрпі сөздің ортасында кездескен сөздерді табу.
ІІІ топ: Б әрпі бар жануарларды атауын табу. (ҚБ «Бас бармақ» ) Қар жауды, боран болды, енді қандай құбылыс болады деп ойлайсыңдар? (Аяз) Аяз болғанда адамдар, жануарлар, құстар қалай тоңады. Қане көрсетейікші. Аяздың тапсырмасы: ( ДЖ) Сәйкестендіру.
Бар қорқақ
биік жоғалту
батыл жоқ
табу аласа (ҚБ. «Жұлдызша»)
Балалар, біз аяздан қатты тоңып қалдық, енді жылынып алайықшы.
Сергіту сәті: «Бақа» биін билеймиз
Енді қандай ауа райы құбылысы болады деп ойлайсыңдар? (Мұз)
Қане барлығымыз мұз болып қатып қалайықшы. Бәріміз мұз болып қатып қалсақ та, мен сендерді өзімнің жүрек жылуыммен ерітемін.
Балалар ата-аналарың, ата-әжелерің сендерді қандай жылы сөздермен еркелетеді. (ҚБ «Жылы лебіз» )
Ботам, ботақаным, қошақаным, ақ қояным, балапаным, көжегім, құлыным,айым, жұлдызым, күнім.
Дәптермен жұмыс
Б әрпін партаға, көршілерінің арқасына жазу. Дәптерге Б әрпінің бас әріпін жазу.
|