Пәні : Қазақ тілі
|
Мектеп: Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп –интернаты
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 10
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспаған оқушылар саны:
|
Сабақтың реті: 7
|
|
|
Бөлім атауы
|
І БӨЛІМ. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. (А.Байтұрсынұлы, Ә.Жүнісбек, С.Мырзабеков және басқа да ғалымдардың еңбектерінен алынған мәтіндер) Фонетика/Фонология (18 сағат)
|
Сабақтың тақырыбы
|
Лексикалық тақырыптар
|
Грамматикалық тақырыптар
|
Дыбыс қалай шығады? (Қ.Жұбанов)
|
Дыбыс. Дыбыстың түрлері
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
10.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, ойды жалғастыру;
10.3.1.1 дыбыстың жіктелімін, жасалуын, буын түрлерін, буын үндесімін, тасымал тәртібін, сөйлеудегі ырғақты топтарды, сөз ішіндегі және сөз арасындағы дыбыстық өзгерістерді, интонацияның құрамдас бөліктерін анықтау, фонетика-фонологиялық талдау жасау
|
Сабақ мақсаттары
(SMART мақсаттар)
|
Барлық оқушылар орындай алады:
мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, ойды жалғастыра алады
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
дыбыстың жіктелімін, жасалуын, буын түрлерін, буын үндесімін, тасымал тәртібін, сөйлеудегі ырғақты топтарды, сөз ішіндегі және сөз арасындағы дыбыстық өзгерістерді, интонацияның құрамдас бөліктерін анықтау, фонетика-фонологиялық талдау жасай алады
|
Кейбір оқушылар орындай алады:
Шығармашылық жұмыс түрлерін жасай алады
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Раппорт (сенім орнату)
1 минут
ҚБ
Топтық жұмысты ұйымдастыру
2 минут
Тақырыпты жариялау
1 минут
Сабақтың ортасы
25 минут
Сабақтың соңы
ҚБ
|
Раппорт (сенім орнату) 1 минут
Мұғалім сөзі. Сәлеметсіздер ме, балалар! Көңіл-күйлерің қалай?
Көңіл күйлерің ғажап екен!
1.«Жағымды сөздер» тәсілі арқылы топқа бөлемін. «Бүгін қандай жағымды сөздер естідіңдер?» деп сұрап, оқушылардың жауаптарынан төртеуін тақтаға жазамын. Ықтимал жауаптар:
Тұра ғой, жаным!
Бүгін әдемі болып кетіпсің!
Жұлдызың жансын, шәкіртім!
Сен өте білімдісің!
Осы төрт нұсқаны оқушылар бір-біріне айтып, кім қай сөзді естісе, сол топқа жиналады.
2.Топтың әлеуметтік, танымдық, эмоциялық мақсатын көздеуге байланысты оқушыларға сұрақ қоямын. Топқа бөлу қандай табысқа жеткізеді?
3. Конверт үлестіріледі.
Топтық жұмысқа критерий ұсынамын.
Критерий
|
Жолдастарын топ жұмыстарына жұмылдыру;
Идеяны түсіну;
Сұрақ қою;
Белсенді түрде тыңдау;
Бірін-бірі бағалау;
Идеяларды ұсыну.
|
Дескриптор
|
Тапсырмаларды орындатады;
Мәтінді түсініп оқиды;
Тапсырмаларға сәйкес ашық және жабық сұрақтар қояды;
Тиімді тыңдалымды жүзеге асырады;
Ауызша комментарий арқылы бірін-бірі бағалайды;
Өз пікірлерін ұсынады.
|
Тақырыпты жариялау. 1 минут
Ойтүрткі сұрақтары арқылы.
Сіздер бүгінгі сабақта не үйренеміз деп ойлайсыздар?
Сіздердің үйренгендеріңіздің дәлелі қандай болады?
|