Сабақ жоспары Пәні: Дүниетану Сынып: 1 «в» Тақырыбы: «Ауа райы деген не?»



Дата04.07.2018
өлшемі13,29 Kb.
#47129
түріСабақ
Сабақ жоспары

Пәні: Дүниетану

Сынып: 1 «в»

Тақырыбы: «Ауа райы деген не?»

Мақсаты: Оқушыларды жыл мезгілдерімен таныстыру, ауа райы және жыл мезгілдері туралы білім беру,ойлау қабілеттерін дамыту.

Түрі: жаңа сабақ

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, дәптермен жұмыс.

Көрнекілігі: суреттер,шартты белгілер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1) Сәлемдесу

2) Оқушыларды түгендеу

3) Оқушылардың назарын сабаққа аудару



ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

  • Балалар бүгінгі сабақта біз жыл мезгілдері және ауа-райы туралы

түсінік аламыз.

Тірек сөздер: жыл мезгілдері, ауа райы.

Жыл мезгілдері – жылдың төрт кезеңі.Олар: қыс, көктем, жаз және күз.

Жылдың әр мезгіліне сәйкес ауа райы да өзгеріп тұрады.

Ауа температурасы, бұлт, жауын-шашын, жел – мұның бәрі ауа райы деп аталады.

Суретпен жұмыс

Суретте қандай жыл мезгілдері бейнеленген?

Адамдар әр жыл мезгілінде немен айналысады?

Ізден

Жылдың әр мезгілінде қандай ойын ойнайсың?

Оқушылардың жауаптарын тыңдау.

Мәтінді тізбектеп оқу.

Жазда суға шомылып, доп қуып ойнаған жақсы.Серуенге шыққан да пайдалы. Қыста шанамен сырғанап, коньки тепкен қызық. Бұлтты күндері үйде кітап оқып, шахмат ойнап, сурет салған дұрыс.



IV. Сергіту сәті. «Қоян»

Сен білесің бе?

Еліміздің аумағы өте үлкен. Бір күнде еліміздің солтүстігінде суық болса, оңтүстігінде жылы болуы мүмкін.

Ауа райының шартты белгілерімен таныстыру.

Орындап көр

Өзің тұратын елді мекеннің ауа райын сипатта. Шартты белгілерді қолдан.



V. Дәптермен жұмыс.

VI. Қорытынды.

  • Неше жыл мезгілі бар?Олар?

  • Ауа райы дегеніміз не?

VII. Үйге тапсырма. 44-45 бет оқу.
Каталог: uploads -> doc -> 0774
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0774 -> Сабақ Қазақ тілі 3-сынып Пән мұғалімі
0774 -> Сабақтың ұраны : Жоспар карта
0774 -> Бекітемін: ­­­
0774 -> Сабақтың тақырыбы : Көңілді қыс
0774 -> Сынып: 5 сынып Тақырып: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет