Қызылорда облысы
Қазалы ауданы
Әйтеке би кенті
№249 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі:Жулдаякова Инкар
Сабақ жоспары
Пәні: Еңбекке баулу
Сабақтың тақырыбы: «Алтын күз» панносы.
|
|
Сабақтың мақсат-міндеттері:
|
А) білімділік:
|
Оқушыларға еңбекке баулу сабағында табиғи материалдарды пайдалана отырып «Алтын күз» панносының жасалу жолын үйрету.
|
|
Ә)дамытушылық:
|
Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, қол икемін,үйлестірушілік қабілетін дамыту.
|
|
Б) тәрбиелік:
|
Оқушыларды сабақ барысында ұқыптылыққа, жинақылыққа, тазалыққа, әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу
|
|
Сабақта қолданылатын педагогикалық технология:
|
СТО технологиясы
|
|
Сабақтың типі:
|
Жаңа білімді меңгерту
|
|
Сабақтың түрі:
|
Аралас сабақ
|
|
Сабақтың әдістері:
|
Түсіндіру, сұрақ-жауап
|
|
Сабақтың формасы:
|
Жеке, топтық
|
|
Сабақтың пәнаралық байланысы:
|
Бейнелеу өнері, дүниетану
|
|
Сабақтың көрнекілігі мен қажетті құралдар:
|
Күз мезгілінің суреті. Арнайы дайындалған паннолар.
Асқабақтың тұқымы, тары, желім, күріш, түсті қағаз, қарындаш, өшіргіш, акварель бояуы, қылқалам.
|
|
Сабақ барысы:
|
|
І. Ұйымдастыру бөлімі
|
-амандасу;
-түгелдеу;
-оқушылардың назарын сабаққа аудару;
-оқу құралдарының
дайындығын тексеру
|
|
ІІ. Жаңа материалдарды түсіндіру кезеңі
|
- Балалар, не себепті күз мезгілін алтынға теңейді?
- Табиғи материалдарды қай мезгілде жинайды?
- Қандай дәнді – дақылдардың түрлерін білесіңдер?
(мұғалім оқушыларды 3 топқа бөледі)
1-топ «Береке»
2-топ «Ырыс»
3- топ «Байлық»
Психологиялық дайындық: «Ой қозғау»
Балалар, бүгінгі тақырыбымызға қажетті құрал-жабдықтарымызды жұмбақ арқылы тауып көрейік. Егер қайсы топ көбірек жұмбақтың шешімін тапса,сол топқа әрбір жұмбақ үшін 1ұпайдан беріледі.(интерактивті тақтадағы жұмбақтарды мұғалім оқиды)
1.Естіртпе деп ине, жіптің күңкілін,
Бүтіндейді қағаз, қалам жыртығын ( желім )
2. Өзгені бақытты етем деп,
Өзі қажалып бітеді ( қарындаш )
3.Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі ( сызғыш )
4.Төрт қырлы аппақ,
Тақтадағы ізі аппақ ( бор )
5. Ілулі тұр кең алаң,
Керегімді мен одан.
Жазып алам көшіріп,
Сүртем сосын өшіріп (тақта )
6.Екі семсер айқасқан,
Оқта – текте шайқасқан ( қайшы )
|
|
Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі
V.Қорытындылау:
VІ.Бекіту кезеңі:
VІІ. Үйге тапсырма:
|
Практикалық жұмыс.
Қажетті құрал - жабдықтар:
1. Дәнді дақылдар
2. Желім
3. Қарындаш
4. Ақ қағаз
5. Акварель бояуы
(мұғалім 3 – топқа алдын ала бейнеленген күз мезгілінің бейнесін таратып береді.
Жұмыстың орындалу реті:
Ақ қағазға күз мезгілінің бейнесін саламыз
2. Жұмысқа қажетті табиғи материалдарды дайындап аламыз. Күріш, тары, жүгері, бидай, арпа дәндерін панно жасауға пайдаланамыз.
3. Дәнді - дақылдарымызды түсіне қарай дайын бейнемізге желімдейміз.
4.Табиғи материалдарды желімдеп болған соң, акварель бояуын қолданып, панноға қосымша өң береміз.
- Осылайша «Алтын күз» панносын табиғи материалдарды қолдану арқылы жасап шығамыз. (мұғалім әрбір топтың жұмысын топ басшысы қорғауын өтінеді, жасаған панноларын салыстырып ұпай береді)
Бекіту сұрақтары:
- Жұмыс жасау барысында табиғи материалдарды қалай пайдаландың?
- Акварель бояуын не үшін қолдандың?
Сергіту жаттығуы:
(мұғалім оқушылармен бірге сергіту жаттығуын жасайды)
Сәйкестендіру тесті ойыны:
Мақалдың жалғасын табыңдар:
(мұғалім интерактивті тақтадан тапсырманы оқиды, мақалды дұрыс тапқан әрбір топқа 1 – ұпай беріледі)
А) Ас тұрған жерде нәрсе жоқ
Астан үлкен ауру тұрмайды
Аурудың бәрі астан
Ә) Достары көпті ертеңі таусылмас
Еріншектің инемен құдық қазғандай
Білім дау алмайды
(мұғалім әрбір топтың жинаған ұпайларын санап, ұпайы көп топты марапаттайды)
Бекіту сұрақтары:
- Сонымен балалар, бүгінгі сабағымызда біз нені үйрендік?
- Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
- Несімен ұнады?
1. Жасаған панноларыңның жиегін түсті қағазбен жақтауша жасап, безендіріңдер.
2. Барқыт мата, қатты қағаз, желім, бор ала келіңдер.
|
|
ІІХ. Бағалау:
|
Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, сабаққа қатысу белсенділігіне қарай бағалау.
|
|
Қызылорда облысы
Қазалы ауданы
Әйтеке би кенті
№249 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі:Жулдаякова Инкар
Сабақ жоспары:
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: «Халыққа жеткіз күйімді»(Әбу Сәрсенбаев).
|
|
Сабақтың мақсат-міндеттері:
|
А) білімділік:
|
Оқушыларға әдебиеттік оқу сабағында Әбу Сәрсенбаевтың «Халыққа жеткіз күйімді» мәтіні бойынша түсінік беру.
|
|
Ә) дамытушылық:
|
Тілін жетілдіру , ойлау белсенділігін, шығармашылығын дамыту. Дүниетанымын кеңейту.
|
|
Б) тәрбиелік:
|
Ұқыптылыққа, жинақылыққа, тазалыққа, еңбек, өнерсүйгіштікке,мейірімділікке,қамқор болуға,жылдам ойлауға тәрбиелеу.
|
|
Сабақта қолданылатын педагогикалық технология:
|
Дамыта оқыту технологиясы
|
|
Сабақтың типі:
|
Жаңа білім беру
|
|
Сабақтың түрі:
|
Аралас сабақ
|
|
Сабақтың әдістері:
|
Түсіндірме-көрнекілік, сұрақ-жауап
|
|
Сабақтың формасы:
|
Жеке,ұжымдық
|
|
Сабақтың пәнаралық байланысы:
|
Бейнелеу өнері,дүниетану
|
|
Сабақтың көрнекілігі мен қажетті құралдар:
|
Интерактивті оқу құралдары,тақта,бор,оқулық.
|
|
Сабақ барысы:
|
|
І. Ұйымдастыру бөлімі
|
-амандасу;
-түгелдеу;
-оқушының назарын сабаққа аудару;
-оқу құралдарының
дайындығын тексеру
-психологиялық икем
|
|
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
|
Оқушылардан «Сәкен аға» мәтіні бойынша түсініктерін сұрау.
|
|
ІІІ. Жаңа материалдарды қабылдауға дайындық
|
- Балалар,мәтін не себепті «Халыкка жеткіз күйімді» аталған деп ойлайсыңдар?
- Қандай күйлерді білесіңдер?
- Дина атты күйші апаларың жайында не білесіңдер?
|
|
ІV. Жаңа материалды түсіндіру
|
1.а)Мәтін оқылып,мәтіннің аталуына мән беріліп, сұрақ-жауап арқылы тақырып мазмұны ашылады.(оқушылар өз ойларын жарыса айтады)
2. Негізгі бөлім:
Оқулықпен жұмыс.
а)Рөлдерге бөліп оқыту
г)тауып оқу(Құрманғазы мен Динаның кездескені жазылған жолдарды,Құрманғазының налыған жері айтылған жолды,Динаға берген батасын тауып оқы)
ғ)кейіпкерді сипатта(әңгімеге сүйеніп, Дина мен Құрманғазыға мінездеме бер)
3.Жоспар құру.
(мәтінді бірнеше бөліктерге бөліп,әр бөліктерге ат қой)
4. «Көзқарас»
(Оқушылар мәтін бойынша сол заманғы іс-әрекеттерге өз көз-қарастарын білдіреді).
5.Сұрақтар мен тапсырмалар:
-Мәтінде басты кейіпкерлер кім?
-Динаның іс-әрекеті дұрыс па?
-Ол қандай қыз?
-Дина атасын қандай ант берді?
-Антын қалай орындады?
6. «Суретпен бейнелеу»
(Оқушылар мәтін бойынша түсініктерін сурет арқылы бейнелейді)
-Суретте не көріп тұрсың?
-Суретте мәтіндегі қандай оқиға бейнеленген?
-Өзің мәтін бойынша қандай сурет салар едің?
7.Мақал-мәтел
(Оқушылар мәтінге сәйкес келетін өнер туралы мақал-мәтелдер айтады,дәптерлеріне жазады,ауызша оқиды)
«Өнер алды-қызыл тіл»
«Өнерлі бала сүйкімді»т.б
|
|
|
- Сонымен, балалар,мәтін неліктен «Халыққа жеткіз күйімді» аталған деп ойлайсыңдар?
- Автор осы мәтін арқылы бізге не айтқысы келді деп ойлайсыңдар?
-Мәтіндегі «Өркенің өссін ,қарағым,мұрамды менің алып қал»тіркесін қалай түсіндіңдер?
|
|
VІ. Үйге тапсырма.
|
Мәтінді түсініп оқыңдар. Және Құрманғазы мен Динаның күйлерін жазып келіңдер.
|
|
ҮІІ.Бағалау
|
Сабаққа қатысу белсенділігіне қарай оқушыларды бағалау.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |