Сөнген жанартау – адамзат тарихында ешбір атқылауы жөнінде мағлұмат қалмаса
Ұйқыдағы жанартау – сөнген жанартаудың кенеттен атқылауы
Сөнбеген жанартау – ұдайы атқылап тұрады.
А- кратер; Б- бүйірлік кратер;
Ә- көмей; В- магма ошағы;
Гейзер
Гейзер дегеніміз - мезгіл-мезгіл ыстық су мен бу шаппіып түратын көз. Жер қойнауындағы жарықты бойлап, температурасы 100°С-тан асатын ыстық су тереңнен жоғары көтеріледі. Гейзердің көмейінен алдымен ыстық бу, оған ілесе бірнеше ондаған метр биіктікке дейін ыстық су атылады. Сонымен бірге қатты күркіреген дыбыс шығады. Бұрқақ 1-2 минут шапшиды да, келесі ыстық су мен бу жиналғанға дейін біраз уақыт тоқтап түрады.
Ыстық бұлақ
Жер шарының кейбір аудандарындағы жер асты суының температурасы жоғары болады және оның құрамында еріген түрде әр түрлі тұздар мен газдар кездеседі. Оларды минералды сулар деп атайды. Мұндай сулардың пайда болуы әлі салқындап бітпеген магма ошағының жақын орна-ласуымен байланысты. Магма суды қыздырып, түздарды ерітеді.