Пәні
Информатика
|
8-сынып
|
|
|
Тарау:
|
Телекоммуникация
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері, жергілікті желі. Ауқымды компьютерлік желі. Интернетте ақпарат іздеу
|
Сілтеме:
|
|
Стратегия:
|
1. Желілік технология білімі қалыптасады
7 модуль идеяларын осы мақсатқа жұмылдыру
1.1.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер (Диалогтық оқыту)
1.2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
|
Сабақтың мақсаты:
|
Компьютерлік желінің түрлері туралы түсінік алады. Байланыс хаттамалары мен желіде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық технологиялар мен танысады.
|
Оқыту үрдісінде оқушылардың әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, өздеріне деген сеніміндері артады. Салыстыра білу, қорытындыға келу дағдылары қалыптасады.
|
Өзара ынтымақтастыққа, бірлікке үйренеді. Топтық жұмысқа қалыптасады, өз ойларын еркін жеткізеді, мақсатқа жетуге топ болып ұмтылады, бірін - бірі бағалайды, шығармашылыққа ұмтылады.
|
Сабақтың түрі:
|
Жаңа сабақ
|
Әдіс-тәсілі:
|
Талдау, пікір-талас
|
Пәнаралық байланыс:
|
физика
|
Көрнекі құралдар:
|
Суреттер суреттер бейне фильм
|
Түйінді идеялар:
|
ІNTERNEТ – ғаламтор, халықаралық желі. Телекоммуникациялық желілер – ақпарат алмасу және оны өңдеуді бөлісу желісі.
|
Сабақ кезеңдері:
Берілген уақыт мөлшері:
|
Мұғалім қызметі
|
Оқушы қызметі
|
|
Ұйымдастыру кезеңі:
|
Оқушыларды түгендеу
|
Келмеген оқушылар
туралы мәлімет айтады.
|
|
Түрлі- түсті стикерлермен оқушыларды топқа бөлу
|
Өзіне ұнаған түсті алып топқа бөлініп отырады
|
|
Үй тапсырмасын тексеру
Білу
|
Балалар MS Excel кестелік редакторымен танысқан болатынбыз. Өткен білімді еске түсіре отырып берілген тапсырмадағы сөйлемді толтырып шығыңдар. 3 топқа бірдей бақылау диктанты беріледі.
|
Сөйлемді толықтырады. Көп нүктенің орнына сөз қояды.
|
|
Қызығушылығын ояту
|
Интернеттің шығу тарихы туралы бейне фильм көрсету
|
Оқушы не көргендігін баяндайды. Интернеттің шығу тарихын мәлімдейді
|
|
Жаңа материалды меңгерту
|
1. Мәтінді топқа бөліп оқып талдау жасау.
|
Әр топ оқушылары мәтінді оқиды .
|
|
2.. Мәліметтегі терминдерді (атау сөзді ) тауып ,талдап дәптерге жазу
|
Дәптерге жазады
|
|
3.Желілердің түрлерін анықтай білу
|
Анықтап жазады
|
|
Мәтінге сыни көзқарас
|
Әр оқушы мәтін тұжырымдамасымен бөліседі
|
|
Мағынаны тану
|
1. ІP-мекенжайы DNS-тен несімен ерекшелінеді?
2. Домен дегеніміз не?
3. Желілердің түрлерін ата.
4. Интернет үшін қандай хаттама негіз болады?
|
Сұраққа жауап береді.
|
|
Қорытынды бөлім
|
Интернетте ақпаратты іздеу бағытымен жұмыс жасау
|
Әр топ оқушылары интернеттен ақпаратты іздеп, қолданады
|
|
Бағалау
|
Балалар бүгінгі сабақта бірімізді біріміз бағалап көрейік
|
Критерийлер бойынша және Рефлексия арқылы білімдерін бағалайды.
|
|
Үйге тапсырма
|
Терминдерді, анықтамаларды жаттау.
|
|