Сабақ жоспары «Шығыс Қазақстан»



Дата08.09.2017
өлшемі57,68 Kb.
#30692
түріСабақ
География пәніне 9 класқа арналған сабақ жоспары «Шығыс Қазақстан»
Тақырыбы: §40. Шығыс Қазақстан
Мақсаты:
Білімділік:
Шығыс қазақстан экономикалық ауданының географиялық орны, пайдалы қазбалары, шаруашылығы, халқы табиғи ресурстары туралы білімдерін кеңейту;
Тәрбиелік: Шығыс Қазақстан туралы түсінік бере отырып, табиғат көркемдігін түсіне білуге үйретіп, эстетикалық тәрбие беру, экологиялық сауаттылыққа баулу;
Дамытушылық: Қазақстанның экономикалық карталармен жұмыс істеп шаруашылығына сипаттама беруге үйрету, жаңа технологияны меңгерту және қосымша тапсырмалар беру негізінде, логикалық ой-өрісті дамыту.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, әңгімелеу, баяндау, топпен жұмыс, картамен жұмыс, дәптермен жұмыс т.б.

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның әкімшілік картасы, атлас, кескін карта, тірек схемалар, карточкалар, оқулық, т. б.
Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдас-тыру кезеңі

5 минут


Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Шаттық шеңберін құрып бір-бірлеріне тілек айтады. 3 топқа бөлінеді.

Кіріспе сұрақтарын қояды.

Ең ірі теңіз? Сарыарқа басқаша қалай аталады? Жер сілкінуді зерттейтін ғылым? Қазақстан туралы алғашқы деректер кімнің еңбегінде кезедеседі? Австралияның астанасы? Қазақстан темір қоры жөнінен дүние жүзінде нешінші орында? Исландияның астанасы? Толық циклды комбинат қай қалада орналасқан? Батыс Сібір жазығы қай аумақта орналасқан? Теңіз деңгейінен ең төмен жатқан нүкте? Биіктігі? Қазақстанның табиғат зоналарын ата? Түйе шаруашылығы қай аймақта жақсы дамыған? Канаданың астанасы? Ең ұзын өзен? Эквадордың астанасы?



Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Мұғаілмнің нұсқауы бойынша топқа бөліну. Кіріспе сұрақтарына жауап беру.

Үй тапсырма-сын сұрау кезеңі

10 минут


«Миға шабуыл» әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралады.

1.Қарағанды өнеркәсібі бойынша нешінші орында алады?\

2. Қарағандының негізгң мамманданған саласы?

3. Ең ірі ЖЭС орналасқан қалалар?

4. Қарағандыда таскөмірдің және кокстелетін көмірдің қанша % өндіріледі?

5. Мыс өнеркәсібінің негізгі кен орындары?

6. Металконструкция зауыттарын ата.

7. Қарағандыдағы жеңіл өнеркәсіп орталықтары?

8. Қарағандыдағы тамақ өнерәсіп орталықтары?

9. Теміртаудағы өнеркәсіптің жетекші саласы?

10. Балқаштағы негізгі кен орындары?

11.Семей ядролық жарылысының Қарағанда аумағына тигізген әсері?

12.Қарағанды аумағында қандай экологиялық қауіпті жағдай орнаған? Себебі?

13. Облыста қоршаған ортаны қорғау жөнінде қандай ұйымдар бар?

14. Аумақта экологиялық апатты болдырма үшін қандай шаралар ұйымдастырылған?
Картамен жұмыс. Аталған кен орындары, ірі қалаларын картадан көрсету.


Үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға оқушылар жауап беруі тиіс. Картамен жұмыс жасайды.

Жаңа сабақ кезеңі

15минут


-Оқушылар Орталққа Қазақстанға бір ғана облыс кіреді. Сол секілді тағы қай ауданға бір ғана облыс кіреді? (Шығыс Қазақстан). Олай болса бүгінгі жаңа тақырыбымыз Шығыс Қазақстан.

Экономикалық – географиялық жағдайы Шығыс Қазақстан - республикамыздағы экономикалық аудандар арасында аумағы жағынан ең кішісі. Ертіс өзенінің жоғарғы ағысында, Алтай тауы мен Сарыарқаның шығыс бөлігін алып жатыр. Ресей және Қытай мемлекеттерімен шекаралас. Шығыс Қазақстан табиғатының алуан түрлілігі тек республиканың оңтүстік аудандарына ғана жол беріп, ал жер қойнауы байлығы жөнінен Ресейдің Орал ауданымен қатар тұр.


Табиғат ресурстары. Шығыс Қазақстанның аумағында басын мәңгі қар мен мұз басқан Алтай, Сауыр - Тарбағатай биік таулары, орташа биіктіктегі Қалба тауы, ұсақ төбелі жазықтықтар, тау аралық кең алқапты алып жатқан қазаншұңқырлар, сонымен бірге өзен аңғарларындағы жазықтар кездеседі.
Табиғи ресурстары. Шығыс Қазақстан табиғи ресурстарының молдығы жөнінен елімізде алдыңғы орында. Мұнда полиметалл кені XVIII ғасырдан бері өндірілуде. Полиметалдың негізгі құрамы – қорғасын, мырыш және мыс. Аудан аумағында жалпы мемлекеттік қорғасын қорының 26, 1 %, мырыштың 45, 8 %, мыстың 47, 9 %, алтынның 52, 2 %, титанның 37, 1 %, тантал кенінің 59 % шоғырланған.
Су энергетикалық ресурсы республикадағы су қорының 50 % осы ауданның үлесіне тиеді.
Ірі бөгендері: Бұқтырма, Өскемен
Ірі өзендері: Ертіс, Бұқтырма, Үлбі, Шар, Нарын
Ірі көлдері: Зайсан, Сасықкөл, Марқакөл, Алакөл
Халқы. Шығыс Қазақстан халқының саны жөнінен Орталық Қазақстаннан кейінгі орында. Халқының орташа тығыздығы 1 км ² жерге 6 адамнан келеді. Ауданда 9 қала, 24 қала типтес елді мекен бар. Қалалық елді мекендердің қалыптасуы пайдалы қазбалар өндіру, кен байыту комбинаттары мен металлургия кәсіпорындарының орналасуымен байланысты.

Шығыс Қазақстан туралы видеролик көрсетіледі.




Жаңа тақырыпты меңгереді.

Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі

10 минут


Әр топқа жеке тапсырмалар беріледі.

1-топ. Сәйкестендіру.



Полиметалл кендері

Суздаль




Андреев




Риддер

Алтын кен орындары

Бақыршық




Кендірлік

Таскөмір және жанғыш тақтатас

Тишинск




Боко

Көмір кен орны

Зырян




Қаражыра

2-топ. «Зымыран сұрақтар». Сұраққа жауап.

Шығыс Қазақстанның көлемі?




Алып жатқан аумағы?




Туризмді дамытуға мүмкіндік беретін аймақтар




Алтай қалай бөлінеді?




Шығыс Қазақстан қай аудандармен шектесіп жатыр?




Шығыс Қазақстандағы биік тауларды ата.




Полиметалдың негізгі құрамы




Полиметалдың негізгі кен орындары?




Шығыс Қазақстанда кездесетін металдар?




Су энергетикасы республикадағы су қорының қанша % алып жатыр?




Тұзды көлдерді ата




Орман қоры үлесі?




Халық саны



3-топ. «Сандар аялдамасы».

9% -

200-250 мм –



XVIII –

26,1% -


59% -

50% -


20 –

1449 м –

70% -

449 –


1 394 234 –

Картамен жұмыс. Кен орындарын картадан тауып көрсету.

Дәптермен жұмыс.



Дәптермен жұмыс. Кесте толтыру.

Көлемі




Халқы




Тығыздығы




Урбандалу деңгейі




Мамандану салалары







Тапсырмаларды орындау. Картамен жұмыс.

Бағалау кезеңі

Сабаққа белсене қатысқан оқушылар бағаланады. Тапсырмалар бойынша топтар бір-бірлерін бағдаршам түстері арқылы бағалайды.

Оқушылар бағасымен танысады.

Үйге тапсырма беру кезеңі

§40. Шығыс Қазақстан

Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет