Сабақ жоспары тақырыбы: Жұлдызды аспан. Аспан сферасы. Бейнеу 2016 ж Сабақ жоспары



бет1/2
Дата01.04.2017
өлшемі292,96 Kb.
#12895
түріСабақ
  1   2
Үстірт орта мектебі

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы: Жұлдызды аспан. Аспан сферасы.

Бейнеу 2016 ж

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Жұлдызды аспан. Аспан сферасы.

Мақсаты:

а) білімділігі: шоқжұлдыздар; аспан сферасы, негізгі элементтері; жұлдызды аспанның жылжымалы картасы, жұлдыздардың экваторлық координаталары, шырақтардың шарықтауы (кульминациясы); жер бетінде географиялық координаталарды (ендікті) анықтау; есептер шығару; Аспан сферасы және оның негізгі элементтері туралы және де аспан координаталарының жүйелері жайында ақпарат беру.

б) тәрбиелігі: топішілік, топаралық бағалау тәсілдері арқылы оқушыларды адалдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, тапсырмаларды деңгейлеп беру арқылы бәсекелестікпен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

в) дамытушылығы: интерактивті тақтаны қолдану дағдысын қалыптастыру; жұлдызды аспанның жылжымалы картасын пайдаланып, шоқжұлдыздардың бағытын анықтауы арқылы оқушылардың іскерлік дағдысын қалыптастыру; Жер бетіндегі географиялық ендікті анықтауы арқылы есептеуге дағдыландыру.



Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту сабағы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.


ІІ. Жаңа сабақ.

  1. Айсыз ашық түні аспаннан сан жетпес жұлдыздар жымыңдап, адамның көңілін өздеріне еріrсіз аударады. Шынында да, жер бетінің кез келген орнынан бір мезетте аспан күмбезінен құралсыз көзбен үш мыңға тарта жұлдызды көруге болады. Оларды танып білмек үшін адамдар өте ерте заманда жұлдыздардың өзара орналасуын жан – жануарларға немесе басқа нәрселерге ұқсатып топтастырып, оларға шоқжұлдыз атауларын берген.

Ең танымал шоқжұлдыздар Жетіқарақшы (Үлкен Аю), Геркулес, Торпақ, Аққу, Бүркіт, Қарақұрт, Жылан, сужылан т.б.

Шоқжұлдыздардың астрономияда осы күндері қолданылып жүрген атауларының 48-і өте ертеден Египет (Мысыр), Вавилон және Грекия замандарынан белгілі. Ежелгі Гиппарх (б.д.д. 180 не 190 – 125 жж.), Птоломей (90-160жж.) шоқжұлдыз атауларын бір жүйеге келтіріп, олардағы жұлдыздардың алғашқы тізімдерін, суреттемесін жасаған. Бірақ ол тізімде Жер шарының солтүстік жарты шарында орналасқан елді мекендердің аспанында көрінетін шоқжұлдыздар ғана қамтылған. Ал аспанның қалған бөліктерінің жұлдыздарын саяхатшылар ХVІ – ХVІІІ ғасырларда оңтүстікке шеккен сапарларында шоқжұлдыздарға топтастырып, картаға түсірген.



Шоқжұлдыз дегеніміз – аспанның нақты шекарасы анықталған белгілі бір бөлігі.

Аспанда барлығы 88 шоқжұлдыз белгіленген. Шоқжұлдыз шекаралары Халықаралық астрономия одағының (ХАО) арнаулы қаулысы бойынша бекітілген, бірақ олардың ешқандай физикалық мағынасы жоқ. Шоқжұлдыздардың 31-і аспанның солтүстік жарты шарында, 48-і оңтүстік жарты шарында, ал қалған 9-ы аспан экваторының бойында екі жарты шарға да ортақ орналасқан. Халықаралық деңгейде шоқжұлдыз атаулары латын тілінде қолданылады. Ұлт тілдерінде олар латын тілінен тікелей аударылып қолданылады.

Жарық жұлдыздардың көпшілігінің ежелден келе жатқан өзіндік атаулары бар.

1603 жылы Йоган Байер әр шоқжұлдыздағы жарық жұлдыздарды грек алфавитінің әріптерімен таңбалауды ұсынды. Әдетте, ең жарық жұлдыз α, одан сәл солғындау жұлдыздар реті бойынша грек алфавитінің келесі әріптерімен белгіленді.

ХІХ ғасырдың ортасында ағылшын астрономы Норман Погсон жұлдыздық шаманың осы заманғы шкаласын ұсынды. Бұл шкалада 5 жұлдыздық шама (ж.ш.) жұлдыз жарықтылығының 100 есе өзгеруін көрсетеді. Демек, бір ж.ш. айырмашылығы жұлдыз жарықтылығының  есе өзгеруіне сәйкес келеді.

Көрінерлік ж.ш. m (латынның magnitudo – шама сөзінен) әрпімен таңбаланады.

Астрономияда жұлдыз жалтырлығы (жылтырауы) деген ұғым қолданылады. Ол жұлдыздың одан келетін сәулеге перпендикуляр орналасқан бірлік ауданды жарықтандыратын жарық мөлшерін береді.

Екі жұлдыздың Е12 жалтырлығы мен олардың m1, m2 жұлдыздық шамалары арасындағы байланыс Погсон формуласымен өрнектеледі:



Жарық өлшегіш аспап – фотометрді пайдаланып жүргізілген өте дәл өлшеулер жұлдыз жалтырлығының әрқилы болатындығын көрсетеді. Сондықтан кейбір жұлдыздардың жалтырлығы ж.ш. бойынша бөлшек және теріс мәндермен де өрнектеледі.

Жұлдыздардың шын мәніндегі жарықтылығын анықтау үшін абсолют жұлдыздық шама , жұлдыздың стандарт қашықтық – 10 парсек немесе 32,6 жарық жылы қашықтықта орналасқандағы көрінерлік ж.ш.

1 парсек =3.08567758 × 1016 м



Жарық жылы — ұзындықтың астрономияда қолданылатын жүйеден тыс бірлігі;
1 Жарық жылы жарықтың 1 жылда жүріп өтетін қашықтығына тең: 1 Жарық жылы=0,3068 парсек=9,46051015 м

  1. Аспан сферасы.

Жұлдыздардың, планеталардың т.б. аспан денелерінің орналасу орындарын анықтау және өлшеу сияқты практикалық мәселелерді шешу үшін астрономияда аспан сферасы деген ұғым қолданылады.

Аспан сферасы – радиусы анықталмаған жорамал сфера. Аспан шырақтары әр түрлі қашықтықта болғандықтан, оның бетіне бақылаушы белгілі бір уақытта өзі орналасқан орыннан көретін бүкіл аспан шырақтары проекцияланады. (кітапта 123-сурет)

Аспан сферасының орталық нүктесі, әдетте Жер орталығымен, немесе жер бетіндегі бақылаушы тұрған орынмен (бақылаушы көзімен) сәйкестендіріледі.


Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет