Аққудың 1-тапсырмасы. Суреттерді мұқият қара. Олардың атын ата.
- Балалар, бұл сөздер қандай дыбыстан басталады? - Тт дыбысынан
- Өте жақсы, балалар. Баспа түрі-, жазбаша түрі- Енді ойланып көріңіздерші Тт дыбысын бояғанда қандай түспен бояймыз? - Көк түспен бояймыз.
- Неліктен Тт дыбысын көк түспен бояу қажет деп шештіңіздер?
- Өйткені, ол дауыссыз дыбыс.
- Неліктен дауыссыз дыбыс? - Себебі, дыбысты созып, әндетіп айта алмаймыз.
- Дұрыс айтасыздар, «Тт» дыбысын айтқанда тілмен тіс кедергі жасайды. Қане, айнаға қарап айтып көріңіздерші.
Достарыңызбен бөлісу: |