5-тапсырма. Түлкінің суретін боя. Түлкіні сипатта.
6-тапсырма. «Бауырсақ» ертегісін айтып бер.
7-тапсырма. Жаңылтпашты жаңылмай айт.
Торғай, торғайды ұнатады,
Торғай торғайды қуантады.
-Өте жақсы.Сонымен, балалар, сендер аққудың тапсырмаларын орындадыңыздар. Көгершін сіздерге рахмет айтып, тапсырмалардың жауаптарын алып аққуға келеді. Аққу оған былай деп ақыл айтады.
- Сен осы тоғайда үйсіз-күйсіз, жұмыссыз жүрген құстар бар, солардың бірін тап та, өтініп көр. Мүмкін солардың біреуі саған ілесіп барып теректі емдеп берер, – дейді. Аққудың ақылын тыңдап, көгершін ормандағы сенделіп жүрген құстардың ішінен бір құсқа кез болады. - Ол құс көгершіннің тілегін орындап, Теректің құрт ауыруын жазған екен. Содан бері әлгі Терек жайқалып өсіп тұр екен. Ол құс құр келмей сіздерге «сұрақ- жауап» ойынын алып келген.
Ой толғаныс
«Сұрақ- жауап» ойыны.
- Ол қандай құс деп ойлайсыңдар? - Ол құс – тоқылдақ.
- Дұрыс айтасыздар. Сол күннен бастап тоқылдақ орман дәрігері болып, барлық ағаштарды құрттардан тазартып жүрген. Енді осы тыңдаған ертегіден қандай қорытынды жасауға болады? - Біздер де ағаштарды қамқорлыққа алып, олардың әдемі боп өсуіне өз үлесімізді қосуымыз керек.
Өте дұрыс. Сонымен бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
«Т» дыбысы қандай дыбыс ?
«Т» әрпі неше таяқшадан тұрады?
Т дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
Мадақтау
Педагог: Қошаман Айнагүл Есқуатқызы
Достарыңызбен бөлісу: |