Сабақ жоспары Тақырыбы: «Тт» дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет3/3
Дата13.08.2017
өлшемі499,05 Kb.
#23357
түріСабақ
1   2   3

Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі.

Кіп кішкентай ағаштар

Су құйғанда өседі.

3-тапсырма. Сөздерді , буындарды оқы.

Т----- А ТА ТА ТА ТА ТА

А----ТА АТА АТА АТА АТА АТА

ТАЛ ТАЛ ТАЛ ТАЛ

4-тапсырмасы. «Кім тез ойлайды?» дидактикалық ойыны.

Шарты: Т дыбысына қатысты сөздер ойлап, буынға бөлу, сөйлем құрату.

- Балалар, Тт дыбысы сөздің барлық жерінде кездесе береді екен. Қане, барлығымыз бірігіп «Т» дыбысы сөздің басында кездесетін сөздерді айтып көрейік пе? (тауық, таға, тас, тары)

- Өте жақсы, енді сөздің ортасында кездесетін сөздерді тауып көрейік? (астық, маса, қасқыр т.б.)



- Енді «Т» дыбысы сөздің аяғында кездесетін сөздерді айтып көрейік. (хат, қарақат, Болат, жарқанат)

5-тапсырма. Түлкінің суретін боя. Түлкіні сипатта.



6-тапсырма. «Бауырсақ» ертегісін айтып бер.



7-тапсырма. Жаңылтпашты жаңылмай айт.

Торғай, торғайды ұнатады,

Торғай торғайды қуантады.

-Өте жақсы.Сонымен, балалар, сендер аққудың тапсырмаларын орындадыңыздар. Көгершін сіздерге рахмет айтып, тапсырмалардың жауаптарын алып аққуға келеді. Аққу оған былай деп ақыл айтады.

- Сен осы тоғайда үйсіз-күйсіз, жұмыссыз жүрген құстар бар, солардың бірін тап та, өтініп көр. Мүмкін солардың біреуі саған ілесіп барып теректі емдеп берер, – дейді. Аққудың ақылын тыңдап, көгершін ормандағы сенделіп жүрген құстардың ішінен бір құсқа кез болады. - Ол құс көгершіннің тілегін орындап, Теректің құрт ауыруын жазған екен. Содан бері әлгі Терек жайқалып өсіп тұр екен. Ол құс құр келмей сіздерге «сұрақ- жауап» ойынын алып келген.

Ой толғаныс

«Сұрақ- жауап» ойыны.

- Ол қандай құс деп ойлайсыңдар? - Ол құс – тоқылдақ.

- Дұрыс айтасыздар. Сол күннен бастап тоқылдақ орман дәрігері болып, барлық ағаштарды құрттардан тазартып жүрген. Енді осы тыңдаған ертегіден қандай қорытынды жасауға болады? - Біздер де ағаштарды қамқорлыққа алып, олардың әдемі боп өсуіне өз үлесімізді қосуымыз керек.

Өте дұрыс. Сонымен бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?

«Т» дыбысы қандай дыбыс ?

«Т» әрпі неше таяқшадан тұрады?



Т дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?

Мадақтау

Педагог: Қошаман Айнагүл Есқуатқызы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет