Сабақ жоспары Тақырып: М. Дулатұлы «Шешенің балаларын сүюі»



Дата09.03.2022
өлшемі1,43 Mb.
#134852
түріСабақ
Байланысты:
Документ (4), 1 Лекция, Лекция 5, 8 сынып тест, Ықтималдықтар теориясының негіздері, Шоқан Уәлиханов Ыстықкөл күнделігі қысқа мерзімді жоспар (10класс), БЖБ №2 8-сынып әдебиет, ru plan2022-2023

Сабақ жоспары

Тақырып: М.Дулатұлы «Шешенің балаларын сүюі» өлеңі

Мектеп: «Теміртау қаласының №15 қазақ мектеп -гимназиясы» КММ

Күні:

Қатысушының саны

Қатыспағаны

Пән: қазақ әдебиеті

Мұғалімнің аты-жөні: Тусупбекова Ж.Р.




Сынып: 8 «Ә»

Оқыту
мақсаты:

Тақырыпты түсініп оқып, өлеңді талдайды, тақырыпты өмірмен, байланыстыра отырып шығармашылық жасауға дағдыланады.

Оқыту
мақсаты/ Күтілетін нәтижелер:



Ақынның өмірі және шығармашылық жолын біледі.
Өлеңдерінің тақырыбы туралы білімдерін кеңейтеді.
Топпен жұмыс істеу барысында өз ойларын еркін айтады және толық жеткізе алады;

Тілдік мақсат:

Тұрақты тіркестер мағынасын ашу. Түн ұйқысын төрт бөлу, кірпік қақпау, көз жасын көлдетету, төбесі көкке жету

Қолданылатын технологиялар

«Блум таксономиясы», «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясы

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Скрайбинг, Миға шабуыл, Kahoot, “Футбол” ойыны






Ж о с п а р

Жоспарлау уақыты (минутпен)

Жоспарланған іс-әрекеттер

Бағалау



Ресурстар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеттері

Кіріспе
Ұйымдастыру кезеңі
1 минут

Үй тапсырмасы
Конструкциялау технологиясы
9 минут

Оқушылармен амандасу.
Топқа бөлу. Сыныпты 4 топқа бөлу.
І жазушы тобы
ІІ ақын тобы
ІІІ ағартушы тобы
ІV көсемсөзші
Скрайбинг әдісі арқылы үй жұмысын тексеру. 3 топқа өткен сабақ бойынша берілген арнайы тапсырманы тексеру.

Амандасады. 4 топқа топтасып отырады.

Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармалаырна байланысты арнайы дайындап алып келген видео скрайбинг жұмыстарын көрсетеді.



Ауызша мадақтау
Қ.Бітібаева технологиясы бойынша

Интербелсенді тақта
Видео Скрайбинг



Презентация
Білу

Қызығушылықты ояту


2 минут
Бейнебаян көрсету
bilimland.kz
2 минут

«Миға шабуыл» әдісін пайдалану арқылы тақтада анаға хат туралы бейнебаян беріледі. Бейнебаян арқылы жаңа тақырыпты ашады.

Міржақып Дулатұлына байланысты бейнебаян көрсету



Бейнебаянды көріп, оған қатысты ойларымен бөліседі. Жаңа тақырып не жайында болатынын болжайды.

Бейнебаян көреді.






И нтербелсенді тақта

b ilimland.kz



Негізгі бөлім
1.Түсіну
3 минут


2.Қолдану
5 минут
3.Талдау
5 минут

4.Жинақтау
10 минут

5.Бағалау
1 минут

Әр топқа ақын өмірі туралы қосымша мәліметтер беріледі соны топпен түсініп оқып, талдау. «Шешенің балаларын сүюі» өлеңін оқу.
Әр топ өлең желісі негізінде
берілген тақырыптар бойынша тапсырмалар орындайды.

Өлеңге сатылай кешенді талдау.



Kahoot тест алу. Жаңа тақырыпты меңгергендерін тексеру үшін тест тапсырмасы арқылы топпен жарысады.
«Мен үшін...» әр жеке тұлғаның Міржақып Дулатұлы бойынша өз ой – пікірлерін тыңдау



Берілген мәліметтерді топта талқылайды, талдайды. «Шешенің балаларын сүюі» өлеңін оқиды.

І жазушы тобы – аналарына хат жазады.


ІІ ақын тобы – ақын-жазушылардың аналарының есімін жазады.
ІІІ ағартушы тобы – ана туралы ән орындайды.
ІV көсемсөзші – ана туралы мақал-мәтел жазады.

Өлеңге сатылай кешенді талдау.


1. Авторы: М.Дулатов
2. Тақырып: Бұл өлеңнің тақырыбы ананың баласына деген махаббатына арналған
3. Жанр түрі– поэзия ( өлең)
4. Идеясы– ананың бар арманы, өмірінің мәні – баласы, соның амандығы
5.Шумақ– аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді.
6.Тармақ— өлеңнің әр шумағы
7. Бунақ– белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі. 3 бунақ
8. Буын саны– сөздің құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты. ( 8,11 буын)
9.Ұйқас. Қара өлең ұйқасы (а, а, б, а)
10. Арнау– бір адамға, не көпшілікке, не табиғаттың бір құбылысына
қайрыла арнай сөйлеу.Олар кейде лепті сөйлем, кейде сұраулы сөйлем, кейде риторикалық сұраулар арқылы
құрылады. ( Сұрай арнау)
12.Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні – балаға ана қадірін құтыру, ананы сүюге,қамқор болуға, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.
Kahoot арқылы топта бірлесіп тест сұрақтарына жауап береді.

1. Мен үшін Міржақып Дулатұлының өлеңдерінің тәрбиелік мәні зор…


2. Алаш арыстары аңсаған армандарына біздер жетіп отырмыз…
3. «Ғылым- жанып тұрған шырақ»,-дегендей…



Бас бармақ
арқылы мадақтау

Ауызша мадақтау


Экрандағы нәтижелері бойынша І орында тұрған топты ауызша мадақтап отыру.

Оқулық

Kahoot сайты
Ұялы телефон



Үй тапсырмасы
Бағалау


Рефлексия

Өлеңді жаттау. «Анама лайықты құрмет көрсетіп жүрмін бе?» тақырыбында эссе жазу

Оқушыларға бағдаршам түстері беріледі, біреуін таңдап, кері байланыс парағын толтыру.



1.Жасыл түс –Бүгінгі сабақтың ұнаған жері қандай? Не үйрендің?


2.Сары түс Креатив


Менде қандай идеялар бар?
Сен осы сабаққа қандай өзгеріс енгізер едің?

3. Қызыл. Жағымсыз.


Бүгінгі сабақта не ұнамады?










Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет