Үй жұмысын тексеру
8 минут
|
$14.Отбасы және қоғам
Оқушылар үй тапсырмасына өмірде кездесетін келенсіз жағдайларды болдырмау мақсатында көрініс қояды және оқушылар сұрақтарды талқылайды
1.Отбасында бір ғана бала болуын міндеттейтін заңы бар мемлекетті атаңыздар
2. Қоғамның тірегі, алғашқы ұясы-
3. Ата-анасының біреуі ғана бар болса, ол отбасы қалай аталады?
4. Ата-анасы мен балаларынан басқа туыстары қосылып өмір сүріп жатқан отбасын қалай атаймыз?
6. Отбасын құрудың басты құндылығы не?
7. Отбасын құру мақсатын көздеген ер мен әйелдің ерікті және тең одағын атыңыздар
8. Қазіргі Қазақстанның отбасы-неке
заңдылықтары бойынша қосарланған
фамилияға рұқсат етіледі ме?
9. Қ.Р Неке және отбасы туралы заңы
бойынша ерлер мен әйелдер үшін неке жасы
10. «Отбасы және неке» туралы заң қашан қабылданды?
11. Отбасы және неке туралы заң қанша бөлім және баптан тұрады?
12. Некелік формалардың ішіндегі ең көп тараған түрін атаңыздар
13. Екі немесе одан да көп әйел алушылықты қалай атаймыз?
|
Оқушылар көріністі көре отырып сұрақтарды талқылайды және жауап береді
|
Жаңа тақырып барысында ұйымдастыру кезені
2минут
|
Сергіту сәті арқылы сыныпты шағын төрт топқа суреттер арқылы бөлемін (суреттің астында тапсырма беріледі, мысалы «Қазақ» ұлтының тобы «Қамажай» биін билеп бір-бірін тауып алады.
|
Оқушылар суреттердегі тапсырмаларды орындау арқылы топтарға бөлінеді және серігіп алады
|
Жаңа сабақ
24 минут
|
«Татулық пен бірлік» атты бейнетаспаны көрсетеді
Жоспары:
1. Адамдар қауымдастықтарының ұлтқа дейінгі формалары
2. Автохтонды ұлт және диаспоралар
3. Ұлтаралық қатынастар
4. Этносаралық қатынастар
Автохтонды ұлт-елдің жергілікті тұрғындары. Қазақстан үшін қазақтар-автохтонды ұлт. Өйткені олар этногенетикалық аумақта тарихи қалыптасқан, ежелгі дәуірден бері осында тұрып, өмір сүріп келе жатқан халық.
Диаспора- адамдардың тарихи отанынан өзге жерлерде тұратын бөлігі.Соңғы жылдары ғылыми әдебиеттерде белен алған тұжырымдар бойынша, Қазақстан аумағындағы автохтонды ұлт-қазақтардан өзге ұлт өкілдерін ұлттық диаспоралар деп қарастыру қабылданған.
Қазақстанның ұлт мәселелеріне байланысты басқа елдермен қатынас жасауы (мемлекетаралық) ұларалық қатынастар деп аталады.
Қазақ халықымен - Қытай қазақ диаспоралары
Ресей халқымен – Қазақ орыс диаспоралары
Этнос-ежелгі грек тілінде халық, топ және тайпа деген ұғымды білдіреді.Этносаралық қатынастарға түрлі диаспоралар өкілдерінің ел ішіндегі өзара байланыстары жатады
Қазақстан Республикасы-өз аумағында тұратын барлық азаматтардың ортақ Отаны. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев: «Тәуелсіздік жағдайындағы Қазақстан мемлекетінің көздеп отырған аса маңызды идеологиялық міндеті-қазақстандық отаншылдыққа тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру» деп жариялаған болатын.
Халық деп белгілі бір географиялық ортада (әкімшілік бірлікте, мемлекетте, елде, елдер тобында, өңірде) тұрып, әлеуметтік белсенді және жүйелі әрекет ете алатын, азаматтығы бар қоғам мүшелерінің жиынтығын айтамыз.
Ұлт – белгілі бір аумақты мекен еткен, өзіне тән шаруашылық жүргізу ерекшелігі бар, өзінің тарихи дәстүрлері қалыптасқан, тілі, мәдениеті, ұлттық психологиясы айшықтана көрініс беретін адамдар қауымдастығының орнықты формасы. Белгілері де салыстырмалы түрде орнықты. Сан жағынан да, сапалық қасиеттері жағынан да адамдар қауымдастықтарының ұлтқа дейінгі формаларына қарағанда әлдеқайда жоғары тұр. Ұлт–өзінің тіліне, мәдениетіне, дәстүрлеріне берік, ұлттық санасы жоғары қауымдастық. Рухани ресурстарының молдығы оған өзін жаулап алушыларға қарсы, керек десеңіз, ғасырларға созылатын ұзақ күрес жүргізетіндей қуат береді
|
Оқушылар бейнетаспаны көреді, талдайды
Оқушылар сабақ жоспары мен танысады және тақырыпты дәптерлеріне жазады
|
Тапсырмалар
|
№1 Тапсырма бойынша оқулықтағы мәтінді төрт топқа бөлу.
№2 Төрт топқа төрт түрлі тапсырмалар беру арқылы тақырыптарды ашқызу
Тапсырмалар:
1. Кластер
2. Сәйкестендіру сұрақтары
3. Құқықтық диктант
4. Шығармашылық жұмыс
|
Оқушылар топ болып ақылдаса отырып тапсырманы орындайды және ортаға шығып қорғайды
Оқушылар топ болып тапсырмаларды орындап жатыр
|
Өмірмен байланыстыру
|
Сұрақ:
Көпұлтың елімізде мекендеуі жақсы ма, әлде......
|
Оқушылар ойды ашып жалғастырады
|
Жаңа сабақты бекіту
5 минут
|
Сұрақтар мен сабақты бекіту
1. Жергілікті ұлт, республика тұрғындары ғылым тілінде қалай аталады?
2. Қазақстан үшін қазақтарды атаңыздар
3. 2009 жылғы халық санағының қорытындылары бойынша Қазақстандағы қазақтардың үлес салмағы қанша пайызды құрайды?
4. Қазақстанда тұратын ұлттар мен
ұлыстардың арасындағы үлесі жағынан
қазақтардан кейінгі екінші орындағы диаспора:
5.Қазақтардан өзге Қазақстан территориясында тұратын ұлт өкілдерін жалпылама қалай атаймыз?
6. Қазақстанның ұлт мәселелеріне байланысты сол елдермен мемлекетаралық қатынас жасауын қалай атаймыз?
7. Этнос сөзінің мағынасы қандай?
|
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
|
Үй тапсырмасын беру
1 минут
|
$15. Ұлттар және ұлтаралық қатынастар туралы мәлімет іздеп келу
|
Күнделікке үй тапсырмасын жазып алады.
|
Бағалау
3 минут
|
Бағалау парақшалары таратылады
|
Оқушылар бағалау парақшалары арқылы өздерін бағалайды
|
Кері байланыс
1 минут
|
Оқушыларға ұлттарды бейнелейтін карточкілер таратылады
|
Карточкіге оқушылар сабақтан алған әсерлерін жазады және шаңырақ бейнеленген суретке жабыстырады
|