Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы
Анықтама: Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы осы бұрыштың синусы деп аталады.
.
Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының тангенсі
Анықтама: Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына қарсы жатқан катеттің іргелес жатқан қабырғасына қатынасы осы бұрыштың тангенсі деп аталады.
α сүйір бұрышының косинусы, синусы сияқты, α сүйір бұрышының тангенсі да, сол бұрыштың градустық өлшеміне ғана тәуелді. Демек, әр-бір α сүйір бұрышқа бір ғана cosα-ның , sinα-ның мәні сәйкес келеді.
Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының котангенсі
Анықтама. Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына іргелес жатқан катетінің қарсы жатқан катетке қатынасы сол бұрыштың котангенсі деп аталады.
Оны: түрінде аламыз.
α сүйір бұрышының косинусы, синусы және тангенсі сияқты, α сүйір бұрышының котангенсі да, сол бұрыштың градустық өлшеміне ғана тәуелді. Демек, әр-бір α сүйір бұрышқа бір ғана cosα-ның , sinα-ның, tgα-ның және
ctgα-ның мәні сәйкес келеді.
Сергіту сәті : «Балапандар биі» арқылы жаттығу жасау (оңға 1қадам, солға 1қадам, алға 1 қадам, артқа 1 қадам және қолымызды еппен қимылдатып, жаттығу жасап аламыз).
Достарыңызбен бөлісу: |