4.Тапсырма «Салыстыру кестесі» Жеке жұмыс.
№ 1 Зертханалық жұмыс. Өсімдік ұлпаларын жіктеу.
Жұмыс мақсаты: дайын микропрепараттарды микроскоп арқылы қарап, өсімдік ұлпаларының құрылысымен танысу.
Құрал-жабдықтар: микроскоп,өсімдік жасушалары мен ұлпаларының дайын микропрепараттары.
Жұмыс барысы:
1.Өсімдіктің 6 ұлпасының әрқайсысының құрылысын қараңдар
2. Ұлпалардың әртүрлі типтерінің құрылысының мынадай қырына назар аударыңдар:
1) Жасушалар бір типі ме?Олардың пішіндері қандай?
2) Жасушалар тығыз орналасқан ба, әлде бос орналасқан ба? Жасушааралық қуыстары ірі ме, әлде жасуша бір-біріне тығаз орналасқан ба?
3) Вакуольдің құрылысы қандай? Олар көріне ме?
4) Пластидтері көріне ме? Егер көрінетін болса,түсі қандай?
5) Көрген ұлпалардың суретің салыңдар. Олардың атауларын жазыңдар.
6) Ұлпалардың әрбір типінің ерекшеліктеріне сипаттама беріңдер. Кестені дәптерге сызып алып толтырыңдар.
|