Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы



Дата04.07.2018
өлшемі137 Kb.
#46684
түріСабақ
Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

«Толғауы тоқсан қызы тіл» бөлімі



Мектеп: Жаңғызтөбе орта мектеп - балабақша кешені КММ-сі

Күні:.13.01.2018 жыл

Мұғалімнің аты-жөні: А. Т. Акшолакова

Сынып: 7 қазақ әдебиеті

Қатысқандар: 17

Қатыспағандар:0

Сабақтың тақырыбы

«Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: «Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы» оқиға желісі арқылы айтыстың ой түйінін анықтайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: айтыстағы ақындардың сөз саптауларына қарай өзінше тұжырымдайды.

Кейбір оқушылар орындай алады: Айтыстың тағдырын шешкен Сүйінбайдың ақындық құдіреті жайлы дәлелдеп жазады.

Бағалау критерийі

  • Берілген тіркестер, көркемдегіш құралдарды пайдаланып, «Сүйінбайдың Қатағанмен айтысының» түйінін анықтайды;

  • айтыстағы ақындардың сөз саптауларына қарай өзекті мәселелердің «концептуалды картасын» құрады, көзқарасын білдіреді;

  • Қатаған мен Сүйінбайдың ақындық тіл шеберлігі жайлы дәлелдеп жазады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: қағыну, жалынмын, қанаты сынған, аттың түгіндей, сөзден жаңылды. Сүйінбай сені жеңемін, Құдайға да сиынбай! құтыңды қашырма, қапада, құйындай, мүбәрак, бұралқы

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер;

Найзамен шаншып ет жеген, Шөгіп жатқан мұнарым! Бүркітпенен ойнадың! Керегесі күмістен, Босағасы асыл тас,


Жағамдағы құндызым! Маңдайдағы жұлдызым, Болаттан құрыш қылышпын, Тіл тигізіп халыққа, Аруаққа тас атты! Судан шыққан сүйрікпін





Талқылауға арналған сұрақтар:

Асқа жиналған күллі қазақ пен қырғыздың ортасында шығарған Қара Бәйтік шешіміне не айтар едің?



Құндылықтарға баулу

Айтысты оқыта оқыта отырып «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының 6-құндылық идеясы «Тарихтың, мəдениет пен тілдің біртұтастығы» ішінара жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыс

Тарих, география, музыка

АКТ

Бейнефильм, таныстырылым

Алдыңғы оқу

«Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы». Аолдыңғы білімді дамыту

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Оқушының назарын сабакка аударылады. С.Сыныпты топқа бөлу.

Оқушыларды достық нышандағы суреттер бойынша топқа бөлінеді.Себебі, «Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы» екі ел арасындағы татулық пен достықты насихаттайды.



Сабақтың мақсаттары мен критерийлерімен таныстыру.





Сабақтың ортасы (35 мин)


Ж. І тапсырма.

«Кезбе тілші» әдіс арқылы айтыста ақындардың өрбіген ойларына бағытталып сұрақтар беріледі

- Сүйінбай ақынның қырғыз халқына арнаған сәлемдесу жырында қандай тіркестерді пайдаланды?

-Қатағанның жеңілу себебі не, «Қызып тұрған темірге, Өзі келіп қарылды», - деуінде қандай мән бар?

- Айтыстың негізгі түйініне арқау болған ой.


Бағалау критерийі: Ақындардың сөз қолданысын ажыратады, сөз сырына үңіледі, түйінді идеяны таба алады.

Оқулық,

«Бес ғасыр жырлайды»





ЖЖ. ІІ тапсырма:

Айтыстан үзінді «Стоп кадр» әдісі арқылы (бейнефильм https://youtu.be/xVNwhBJE3lg ) арқылы тыңдатып, «Концептуалды кесте» толтырады



Цитота

Кімнің сөзі

Менің пікірім




























Бағалау критерийі: Айтыстағы ақындардың сөз саптауларына қарай өзекті мәселелерді анықтайды, ой-тұжырымын жасайды.

кесте


ТЖ.ІІІ тапсырма: Сұрыптап талдау жұмысын «Сүйінбайдың Қатағанмен айтысынан» үзінді таратылады, осы үзіндіден әр топқа тапсырма берілген, топ өз жұмыстарын «Графикалық органайзер» әдісі арқылы жинақтап көрсетеді, қорғайды 
1- топ: «Сүйінбайдың Қатағанмен айтысында» көркемдегіш құралдарды пайдаланып, сөз мағынасын анықтау; (Постер)

2- топ: айтыстағы ақындардың сөз саптауларына қарай өзекті мәселелерді анықтап, ой-тұжырымын жасайды; (Графикалық органайзер. Ақпаратты сүзу.Мәтінді оқып, тірек сөздерін анықтаңыз. Маңызды емес сөздер құбырға ағып кетіп, тек маңызды сөздер ғана «сүзгіде» қалады)

3- топ: Қатаған мен Сүйінбайдың ақындық айбаты жайлы дәлелдеп жазады. («Ромбтық» жіктелім) . Қатысушыларға айтарлықтай маңыздысын анықтап, ромбының жоғарғы жағына, ал оншалықты маңызды еместерін төменгі бөлігіне орналастырады. Басымдықтар мен перспективаларды қамтуға мүмкіндік береді.

Бағалау критерийі:сын пікір айта біледі, маңызды ойды іріктеп, түсіндіре алады.

«Сүйінбай мен Қатаған айтысы» Оқулық.

Үлестірмелі материал


А3, маркер





ҚБ. «ПОПС» формуласы. Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... айтыс ... » Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … айтыстың ... » Үшінші сөйлем «Оны мен мына мысалдармен дәлелдей аламын … » Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім .... ».

http://smk.edu.kz/

Сабақтың соңы

6 минут

Кері байланыс:

«СМС» хат: сабақ соңында оқушылар өтілген тақырып бойынша сұрақ қояды немесе түсінбеген сұрақтары бойынша ұсыныстарын жазады.

1.Бүгін бәрінен де не ұнады?

2.Үйренгендеріңнің ішінен сіз үшін айтарлдықтай құнды.

3.Өзіңнің қосатын ойларың.



Интербелсенді тақта

«Домбыраның» макеті



Үйге тапсырма

Асқа жиналған күллі қазақ пен қырғыздың осы айтысты ұйымдастыруға не түрткі болды? Эссе жазып келу




Қосымша мәлімет

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


Тапсырмаларды жүйелі түрде, сыныптың оқу деңгейіне сай бере отырып, айтыстағы кейіпкерлердің бейнесін және сөз қолданыс ерекшелігін ашуға бағыт беріледі. Оқушылардың айтыстың сағынасын түсіну арқылы сын-пікірлер айта білуіне қолдау көрсетіледі.


«Концептуалды кесте», «Кезбе тілші», Сұрыптап талдау жұмысы 

жұмыстары арқылы бағалау жүзеге асырылады.



Тарих, музыка, географиямен байланысады. Тарихтың, мəдениет пен тілдің біртұтастығы құндылығын жетілдіруге бағытталады.

Берілген тапсырмалар оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіремейді.

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта алады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Пән бойынша тақырыптың мазмұнымен анықталған әдістер оқушының тақырып бойынша оқу мақсатына жетуіне ықпал етеді.

Берілген тіркестер, көркемдегіш құралдарды пайдаланып, «Сүйінбайдың Қатағанмен айтысының» түйінін анықтады,айтыстағы ақындардың сөз саптауларына қарай өзекті мәселелердің «концептуалды картасын» құрады, көзқарасын білдіреді.



Тақырыыбыма байланысты қалыптастырушы бағалауға өзгеріс енгіздім, себебі жұмыстың нәтижесі айқын бағаланбай қалды, сондықтан өзгеріс енгіздім

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: «Графикалық органайзер» арқылы берілген топтық жұмыс.

2: Кері байланыс: «СМС» хат: сабақ соңында оқушылар сабақтан алған әсері мен ұсынысын жазғаны
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: «Кезбе тілші» әдісі арқылы айтыста ақындардың өрбіген ойларына бағытталып сұрақтар берілді

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

  1. Белсенді оқыту әдістеріне назар аударамын;

  2. Саралау әдісіне негізделген тапсырманы таңдар, іріктей алу.

Каталог: uploads -> 2018 -> post02
post02 -> СҚО, Есіл ауданы «Горное негізгі мектебі» кмм мусина Динара Муратовна
post02 -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан барысы мультфильм негізінде Сабақ негізделген оқу мақсаттары
post02 -> Бастауыш сынып мұғалімі: Байтлеуова Ж. Ш. Астана қаласы №84 мектеп-лицейі «Толағай» зияткерлік сайысы Мақсаты
post02 -> Армысыңдар, бүгін жиналған қауым!
post02 -> Тақырыбы: «Great Britain» «Ұлы Британия» Апталықтың ашылуы. Мақсаты
post02 -> «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің №4 орта мектебі» мм
post02 -> Ұлыстың ұлы күні
post02 -> Дипломдық жұмыс Мамандығы: 5В011900- шет тілі: Екі шетел тілі Қазақстан Республикасы Алматы, 2017
post02 -> Сабақ тақырыбы: І. Есенберлин өмірі мен шығармашылығы
post02 -> Сабақ негізделген оқу мақсаттары мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру. Сабақ нәтижесі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет