Сабақ жоспарының Үлгісі



Дата02.02.2022
өлшемі88,76 Kb.
#116935
түріСабақ
Байланысты:
6-сабақ.Екі санның қатынасы. Екі санның пайыздық қатынасы


ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:




Пән/Сынып:

Математика 6 сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

2 АПТА 1 САБАҚ

Тарау немесе бөлім атауы:

6.1А Қатынастар және пропорция

Сабақтың тақырыбы:

Екі санның қатынасы. Екі санның пайыздық қатынасы

Оқу мақсаты:

6.1.1.1 екі санның қатынасы нені көрсететінін түсіну;

6.1.2.1 сандардың қатынасы ұғымын меңгеру;

6.1.2.2 берілген қатынасқа кері қатынасты табу;

6.5.2.1 екі санның қатынасын оқу және жазу;



Бағалау критерийі:

  • екі санның қатынасын түсінеді;

  • сандардың қатынасы ұғымын біледі;

  • берілген қатынасқа кері қатынасты таба алады;

  • екі санның қатынасын оқи және жаза біледі.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі




Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету



Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы



Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Бағалау

Ресурстар

1 минут

Ұйымдастыру

Тақырып, мақсаттармен таныстыру

Не меңгеретінін білу үшін

Мұғалім оқушылардың мақсатпен танысқанын бақылайды




Презентация № 1бет

5 минут

Қайталау сабақ

Өтілген сабақты қайталау арқылы еске түсіру

Өтілген тақырыпты қайталау

Оқушылардың сабақты цифрлық ресурстар арқылы игергендерін бақылайды




Презентация № 2бет

8 минут



Тәжірибе

1,2 тапсырма орындау (тілдік мақсат орындалу керек)

Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру

Оқушылардың тақырыпты практикалық жұмыс жасау арқылы меңгергендерін бақылайды

Бағалау критерийлерін ұсыну

Презентация № 3бет

5 минут



Бекіту

Жеке тапсырма ұсыну

Тақырыпты меңгергенін анықтау

тақырыпты меңгерудегі кедергілерді анықтау, түзету жұмыстарын жүргізу

Бағалау критерийлерін ұсыну

Презентация № 4бет



Ұжымдық жұмыс


Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету



Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы



Пысықтау сұрақтары:

С-1:Екі санның қатынасы дегеніміз не?

С-2:Берілген қатынасқа кері қатынас қалай табылады?

С-3: Кері қатынасқа мысалдар келтіру.

С-4: Берілген қатынасқа тең қатынас қалай табылады?

С-5: Екі санның қатынасын процентпен қалай өрнектеуге болады?


Екі санның бөліндісі сол сандардың қатынас деп аталады.

Егер берілген қатынастың алдыңғы мүшесін соңғы мүше етіп, ал соңғы мүшесін алдыңғы мүше етіп, орындарын ауыстырып жазсақ, онда берілген қатынасқа кері қатынас алынады.



қатынасы қатынасына кері қатынас.

Қатынастың екі мүшесін де нөлден өзге бірдей санға көбейтсек немесе бөлсек, берілген қатынасқа тең қатынас шығады.

Екі санның қатынасын процентпен өрнектеуге болады. Ол үшін екі санның қатынасын (бөліндісін) 100 – ге көбейтіп, процент белгісін (%) тіркеу керек.




Тапсырмалар:

№1. Тік төртбұрыш пішінді жер учаскесінің қабырғаларының қатынасы ға тең. Оның ұзындығы м. Тік төртбұрыш пішінді жер учаскесінің ауданы неше гa?



Нұсқау. Ұзындығы ені болатынын айқындап есепті шеш.

Жауабы: 11,34 га.


№2. 6 «а» және 6 «б» сынып оқушылары театрдан 60 билет сатып алып, оны сәйкес 2:3 қатынасында бөліп алды. 6 «б» сыныбы неше билет алды?

2+3=5


60:5=12

12*2=24


12*3=36

Жауабы: 36 билет
№3. Ерітінді қалайы мен мыстан тұрады, олардың сәйкес массалары 2:3 қатынасындай. Егер қалайының массасы 360 г болса, онда ерітіндінің массасы неге тең?
Жауабы: 900 г

Тапсырмалар:
1. Әдетте жидек тосабын дайындау үшін жидек пен құмшекердің мынадай қатынаста 1:1 алады. Егер 5 литр жидек тосабын сапалы дайындау үшін неше литр жидекке неше килограмм құмшекер қосу керек? 1:1 қатынасты қалай түсінесіз?
2. Оқушы тор көзбен жол көз дәптерлерін 2:1 қатынасындай сатып алды. Егер оқушы 24 тор көз дәптерін сатып алған болса, онда оқушы қанша жол көз дәптерін сатып алған? 2:1 қатынасты қалай түсінесіз?



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет