Мәтінмен жұмыс істеу мынадай кезеңдерге бөлінеді:
Мәтінді оқығанға дейінгі жұмыс.
Мәтінмен жұмыс кезеңі.
Мәтінді оқығаннан кейінгі кезең.
Мәтін алдындағы жаттығулар мен соған сйкес жұмыс түрлері мынадай бағытта жүргізіледі: тілдік тұлға мен сөйлем үлгілерін мәтінде танып, айыра білу және әртүрлі құрылымдық материалдарды (сөзжасам элементтері, етістіктің жақ, шақ түрлері, т.б.) меңгерту.
Келесі мәтінмен жұмыс кезеңі. Бұл кезеңде мәтіннің тілдік материалы мен құрылымы орындалады. Мәтін ішінен қажет мәліметті бөліп алу, айыра білуге машықтандыру жаттығуларын әртүрлі тәсілмен орындау. Мәтінмен жұмыс былайша ұйымдастырылады: оқығанның мазмұнын айту, мәтін бойынша сұраққа жауап беру, жоспар жасату, бірнеше бөлімге бөліп оқыту, негізгі жанама ойды таптыру, қорытынды жасату.
Шартты түрде алып отырған үшінші кезеңде мәтінді оқып, түсініп, негізгі ойды қазақ тілінде жеткізе білу.
Мәтінді оқығаннан кейінгі жұмыстар:
Логикалық сұрақтар
Сөздік жұмыстар
Фонетикалық жаттығулар
Сөйлем құру
Мәтінге жоспар құру
Аударым
Мәтінге ат қою
Диалог, ситуация құру
Мәтіннің мазмұнын жоспар бойынша айту
Мәтінді оқытудың мынадай түрлерін сабақ үстінде қолданамын:
Дауыстап оқыту арқылы оқушының сөйлеу элементерін меңгергендерін байқауға болады, тағы да бір тиімділігі – оқушылар бірінің қатесін бірі естіп және түзетіп отырады.
Іштей оқу – бұл жұмыстың мақсаты оқушылардың шапшаң оқу дәрежесін анықтау. Мысалы: оқушыларға іштей шапшаң оқу үшін бір мәтін беремін де, қай жерге дейін оқу керектігін белгілеймін. Әркім белгілеген жерге келгенде кітаптарын жауып, бітіргенін байқатады. Солай оқушылардың оқу шапшандықтарын мөлшерін өзім белгілеп отырамын.
Сабақ тиімділігін арттыруда ойын элементтерін қолдану белсенділігін арттырып, оларды ынталандырады, теориялық білімдерін практикада қолдануға үйретеді. Ойын элементтерін сабақта екі түрлі мақсатта пайдаланамын. Біріншісі – сабаққа қызығушылығын арттыру, тілін дамыту, екіншісі – оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, тапқырлыққа баулу.
Сабақта қолданылатын ойындар: «Бәйге», «Кім жылдам?», «Кім тез табады?», «Ойлан тап!», «Жалғасын айт», «Полиглот», «Не,қайда, қашан?». Ойын барысында оқушының ойлау қабілеті, тапқырлығы дамиды.
Модульдік технология мұғалімнің алдында тұрған көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі:
жалпы білім сапасын жоғарылату;
сабақтың тиімділігін жоғарылату;
дарынды оқушылармен жұмыс жүйесін жасау;
оқушылардың мақсаттарына жету жолындағы жетістіктерін есепке алу жүйесін жасау;
жеке тұлғаның өзін-өзі реттеуі, өзін-өзі тәрбиелеуі, өзін-өзі дамытуы.
Модульдік технология алға қойған мақсатқа оқушылармен бірлесе отырып проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |