Сабақтың тақырыбы: Парыз тәртіптен басталады (14 сабақ)
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: адалдық, жауапкершілік
Мұғалім: Мешитбаева Г.қ.
Сынып: 7
Сабақтың мақсаты: оқушыларға тәртіп пен парыз туралы түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
|
Ресурстар:Мультимедиялық тақта, оқулық, дәптер, мақал-мәтел, дәйексөз, маркер,аққағаз, гүл, жүрек, көбелек суреттері
|
Дәйексөз
Тәртіпке бағынған ел құл болмайды.
Бауыржан Момышұлы
|
Дәйексөзді бірінші кезекте ұл балалар қайталап оқиды. Содан соң қыз балалар қайталап айтады.
|
Әңгімелеу
Ә. Қайдар шығармасынан үзінді Талдау сұрақтары:
Автор неліктен жер бетіндегі өмірдің мәнін адамдардың өзара саналы карым-қатынасынан, адамдардың өзара түсіністігінен, біріне- бірінің көмек-жәрдемінен, ықылас-ниетінен, ілтипатынан, істеген игі жақсылығынан құралады дейді? Себебін түсіндіріңдер.
«Қарыз» бен «парыздың» айырмашылығы неде?
Автор парыздың қандай түрлері жайлы айтады?
Парыз дегеніміз не? Ол адамға не үшін керек? Оны қалай орындау қажет?
Өздерің парыздарыңды қалай өтеп жүрсіңдер?
Парызды өтеудің ерте, кеші бар ма? Неліктен?
|
Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |