Сабақтың мақсаты: оқушыларға «жасампаз», «жасампаздық» ұғымын түсіндіру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
|
Ресурстар:
Мультимедиялық тақта, оқулық, дәптер, мақал-мәтел, дәйексөз, маркер,
аққағаз, гүл, жүрек, көбелек суреттері
|
Дәйексөз
... Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық. Абай
|
Дәйексөзді бірінші кезекте ұл балалар қайталап оқиды. Содан соң қыз балалар қайталап айтады.
|
Әңгімелеу
«Брюссель трамвайында» Талдау сұрақтары:
Мәтінді оқығанда қандай сезімде, ойда болдыңдар?
Трамвай кондукторының жұмысына осындай қатынасының себебі неде деп ойлайсың?
Трамвай кондукторының айнала қоршаған ортаға деген қатынасын адам жасампаздығы деуге бола ма?
Трамвай кондукторын жасампаз етіп тұрған не деп ойлайсыңдар?
Мәтіндегі автордың «Қалай ғана бір адам көп нәрсе жасай алады» деген ойын қалай түсінесіңдер?
Өздерің өз еңбектерің мен өмірлеріңе қандай қатынас жасайсыңдар? Неліктен?
|
Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.
|