Сабақ жоспарларының үлгілері (іс-тәжірибеден) Құрастырған: Қосаман Дархан Қосаманқызы



бет3/4
Дата06.11.2016
өлшемі0,73 Mb.
#1165
1   2   3   4

ІҮ Дәлелдеу (Білім сайысы)

1-сұрақ. «Жолдастар» тобына:

Мәскеуде 1929 жылы «Коммунистік академия» баспасынан шыққан «Әдебиет энциклопедиясының» бірінші томында ол туралы: «Аса көрнекті қазақ ақыны, журналисі және педагогы... Ол – қазақ тілі емілесінің реформаторы, грамматиканың және қазақ әдебиеті теориясының негізін салушы» - деп бағаланып, өмірбаяны берілген. Бұл кім? (А. Байтұрсынов)

1-сұрақ. «Жас қалам» тобына:

«Қиын да азатты жолдың барлық кезінде ол үнемі жұмыс үстінде болады... Бастан өткен бұрылыс-қалтарыстарға ол жалғыз өзі кінәті емес. Кеңес үкіметі алғаш орнағаннан кейін белгілі бір шешімге келе алмай толқыған сәттері болды, бірақ бұл ұзаққа созылған жоқ. Мәскеудегі жоғары әдебиет-көркем өнер институтында оқыды, сол кезде профессорлардың бірі оны «Қазақтың Пушкині» деуші еді».

Башқұрттың көрнекті жазушысы Сафи Құрдаш кім туралы айтып тұр? (М. Жұмабаев)

2-сұрақ. «Жолдастар» тобына:

Күннен туған баламын,

Жарқыраймын жанамын

Күнге ғана бағынам

Өзім – күнмін, өзім – от.

Сөзім, қисық көзім де – от

Өзіме өзім табынам. Бұл кім? (М. Жұмабаев)

2-сұрақ. «Жас қалам» тобына:

Кедей деп туғам, кедей деп өлем,

Не көрсем де кедеймен көрем.

Кедей қуанса, кедей жұбанса

Бір елі көкке тимейді төбем.

Жырлағаным – кедейдің жыры.

Сырлағаным – кедейдің сыры.

Сырым да бір, жырым да бір,

Мен дағы сол кедейдің бірі. Бұл кім? (Б. Майлин)

3-сұрақ. «Жас қалам» тобына:

Сол сұлу, сұлу екен атқан таңдай

Бір соған бар сұлулық жиылғандай.

Торғын бет, шапақтай бет, тісі меруерт,

Сөздері су сылдырлап құйылғандай.

Бір улап, қөзқарасы бір айнытқан,

Жұлдыздай еркелеген сөнбей-жанбай...

Шын ер ғой кім? Алып қайтқан.

Еліне сол сұлуды естен танбай.

Батыр кім? Кімнің, қай шығармасы? Кімнің портреті?

(Батыр Баян. М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы. Қалмақ қыздың портреті)

3-сұрақ. «Жолдастар» тобына:

Сол қыздың он жетіге келген жасы

Оралған аш беліне қолаң шашы.

Қап-қара қарлығаштың қанатындай,

Иілген ақ маңдайда екі қасы.

Аш белі көк шыбықтай солқылдайды.

Қолаң шаш бейне жібек толқындайды.

Батырлар сол сұлуға салыстырған

Жалғыз-ақ аспандағы Күн мен айды.

Кімнің, қай шығармасы? Қай кейіпкердің портреті?

(С Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасы. Тұтқын қалмақ қызының портреті)

Қазылар алқасының бағасын көрейік.

Топ мүшелеріне тапсырма: Қарсы топтың (кластың) екі оқушысының (бір ұл, бір қыздың) портретін жазу, сол оқушыларға мінездеме беру, жалпы айтқанда сипаттама беру. Қарсы топ осы оқушылардың кім екенін табуы керек.

«Жас қалам» тобы бастайды.

... Ұзынша бойлы, мөлдір қара көзді, атжақты, жіңішкелеу қою қара шашты. Ара-арасында таңдайын қағып, жылдам сөйлейді. Жүргенде бір аяғын лақтырып, денесін қозғалтып жүреді. Іс-қимылы да ширақ. Сабаққа үнемі дайындалады, үлгерімі жақсы. Сабақтан себепсіз қалмайды. Қарым-қатынасы бірқалыпты. Күлегеш, тез ашуланады. Жеке шаруасына тиянақты, мығым, үй шаруасына тындырымды.

... Аласа бойлы, дембелше, мықырлау. Дөңгелек жүзді, сары. Көкшіл көзді, пұшық мұрынды, тік мінезді. Аяқ-қолдары, саусақтары да қысқа. Қимылы шапшаң. Жұмысқа өте мықты. Пысық. Жұмыссыз бір күн де қарап жұре алмайды. Сөйлегенде жылдам даңғырлап сөйлейді. Дене бітімі нып-нығыз, тұт-тұтас құйған шойындай. Әзіл-қалжыңға шебер. Мінезі бір қарағанда бала мінезді сияқты, бірақ ересектерге тән ойлылығын байқатады. «Өзім дегенде өгіз қара күшім бар» дегендей жеке ісіне тындырымды. Сабақ үлгерімі орташа.

«Жолдастар» тобы:

... Қазақтың қарапайым қара қызы. Орташа бойлы, қасы қиылған, қара көзі ботадай мөлдіреген. Шиедей еріні қызарып, бетіне көрік беріп тұрғандай. Шашы иығына төгілген. Қыз мінезді, салмақты. Әрқашанда езуіне күлкі үйіріліп тұрады. Мөлдіреген көзімен қарағанда, жүрегің елжіреп, бойыңды жылытып жібереді. Мінезі тәкаппар көрінгенмен, жолдастарымен қарым-қатынасы жақсы.

... Ұзынша бойлы, сида арық, сопақша бетті, шүңіректеу сұр көзді, қыр мұрынды қара жігіт. Ақкөңіл, ауызын асша көмекейі көрінеді. Жоғары класта оқыса да, мінезі әлі баланыкіндей, қашан көрсең де көңілді. Үлкенге құрмет кішіге ізет көрсете біледі. Жолдастарының арасында сыйлы. Орташа оқыса да, сабаққа деген талпынысы жақсы. «Жігітке жеті өнер де аз» дегендей, би кештерінде билеген кезде, жолдастарын артқа қалдырады.

Қазылар алқасының шешімі қандай? Барлық ұпай саны қанша?

Ү. Шиеленіс. Көркем шығармадағы оқиғаның, кейіпкерлер арасындағы тартыстың күшейуі.

Топ мүшелерінің бір-біріне сұрағы.



«Жас қалам» тобына:

  1. ... «Бәрі де әдеппен сызылып, қасындағы жігіттермен аңдысып сөйлесіп отыр. Күні бойы қымыз ішкен жұрт тағы да қымыз ішкен соң, тегіс қызып алды. Екі-үш жерде шала жанулы. Отау лық толған. Сырттан сығалап, үйге кіріп кеткен бала-шағаларды шығарып, есік жақта екі-үш жігіт жүр. Әнші старшын жігіт біздің қарсы қарсы алдымызда домбыраны безеп, сыңқылдатып шертіп отыр».

Қай шығармадан үзінді? ( Ж.Аймауытов «Қартқожа» )

  1. Кімнің сөзі? «Артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі». (М.Әуезов)

«Жолдастар» тобына:

  1. Марқакөлдің суы балдай. Марқакөлдің суын ішіп, отын жеген сары қарын, тұтам емшек жануардың бауырынан сүт сорғалап, сүт емес-ау, құт сорғалап, көнек-көнек лықылдайды; Қара саба емізіктеп,қою, сары, салқын қымыз, быжылдаған дәрі қымыз шара-шара шыпылдайды. Бір шарасын ішкен адам дәл қор қызын құшақтағандай боп, беті шиқандай дуылдайды, ауыз қобыз гуілдейді, мас болады: жел жетпеске мініп алып, Алтай тауын дүрілдетіп, таудың тасын күтірлетіп, көкпар, жарыс, алыс-жұлыс асыр салып жатқаны.

Кімнің, қай шығармасынан үзінді? (Ж.Аймауытов «Ақбілек».)

  1. Кімнің сөзі? «Бейімбет еңбектері жаңа өміріміздің шежіресі еді, биік белесіне енді шыға бергенде үзіліп кетті». (Ғ.Мүсірепов)

Қазылар алқасының бағасы қандай?

ҮІ. Ситуация – әр түрлі эпизодта кездесетін жағдай. Топ жетекшілері, яғни шығарманың басты кейіпкерлері арасындағы тартыс. Топ жетекшілеріне 5-5-тен сұрақ қойылады.

«Жас қалам» тобының жетекшісіне:

  1. Аллитерация деген не? (Өлеңнің әр тармағында бірдей дауыссыз дыбыстың қайталануы)

  2. Сұр бұлт дегендегі «сұр» сөзі ажарлаудың қай түрі? (Эпитет)

  3. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы Ақбілектің әкесі? (Мамырбай)

  4. «Раушан-коммунист» хикаятының авторы? (Б.Майлин)

  5. І.Жансүгіровтің «Күйші» поэмасындағы ханның есімі? (Хан Кене)

«Жолдастар» тобының жетекшісіне:

  1. Ассонанс деген не? (Өлеңнің әр тармағында бірдей дауысты дыбыстың қайталануы)

  2. Сұлудың көзіндей көл. Ажарлаудың қай түрі? (теңеу)

  3. І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасында суреттелетін «Ас» кімнің асы? (Сағынайдың)

  4. «Дала» поэмасының авторы? (І.Жансүгіров)

  5. «Көкшетау» поэмасындағы хан қай хан? (Абылай хан)

Әділ қазыларды тыңдайық.

ҮІІ. Шығарманың шарықтау шегі – тартыстың күшейе түсуі.

Өнер сайысы.

Әділ қазылардың бағасы қандай?

ҮІІІ. Шығарманың шешімі. Шығармадағы суреттелген оқиғаның, қаһармандардың тартысының немен тынатындығы.

Біздің көркем шығармамыздың шешімін қазылар алқасы айтады, яғни қорытынды.



ІХ. Эпилог. Марапаттау.


10-сынып
Тақырыбы: Қорытынды сабақ (Шәкәрімнің өмірі, шығармашылығы)

Мақсаты: Ақынның өмірі, шығармашылығынан алған білімдерін бекіту.

Сабақтың түрі: ойын сабақ

Барысы: Ұйымдастыру, оқушыларды түгендеу. Бөлменің сабаққа даярлығын тексеру.

Үй тапсырмасын сұрау

Ақынның өмірі шығармашылығын қайталау



Негізгі бөлімі: “Шәкәрімнің ең үздік оқырманы” атағы үшін жарыс.

Бәйге

  1. Шәкәрімнің туған жері? (Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Шыңғыстау)

  2. Шәкәрімнің әжесі? (Күңке)

  3. Өлеңге әуестігі неше жасында білінді? (7жас)

  4. Шәкәрімнің лақап аты? (Мұтылған)

  5. Меккеге қай жылдар барды? (1905-1906 ж)

  6. Оңаша сая тапқан жерінің аты? ( Шақпақ)

  7. Қай қаланың кітапханасында отырып жұмыс істеген? (Ыстамбул)

  8. Қай жылы қайтыс болды? (1931.02.10)

  9. Шәкәрім еліктеген орыс жазушысы? (Л.Н. Толстой)

  10. “Мұсылмандық шарты” қай қалада, қай жылы басылды? (Орынбор 1911ж)

  11. Қазақтың тегі тарихы жайлы жазған шығармасы? (Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандары шежіресі)

  12. Семейде 1912ж шыққан өлеңдері жинағы қалай аталады? (“Қазақ айнасы”)

  13. Шәкәрімнің әкесі? (Құдайберді)

  14. Шәкәрімнің анасы? (Дәметкен)

  15. Пушкиннің қай романын өлеңмен аударды? («Дубровский»)

Тіл өнер

  1. Адам үшін кем .....

Өмірден барлық теренім (еңбегім – труд)
2. Кел, жастар, біз бір түрлі ... табалық (жол – дорога)


  1. Тапқыш сол ғой ақылдың мағынасы

Түбі - .... , болады мида басы. (жүрек – сердце)
4. Не ....-өлшеуіш,

Не ....- күміс (ән – песня, өлең – стих –е)


5. Бақытсыз жүрегім

Жалындап жанып тұр,

............. т ілегім.

Орынсыз қалып тұр. (Үмітсіз – безнадежный)




  1. Жасты көксеп кемпір мен шал арманда.

Өсіп үлкен бола алмай ...... арманда. (Бала - )


  1. ... мақтайды сен жақсы көрмек үшін

... мақтанар елірте бермек үшін (дос, дұшпан)
8. Елге көнсем ақ жолдан адасамын.

Көнбей жүрсем , көп ........таласамын. (ит, собака)


9. Кім мен кім баласы аңға шықты,

Жалаң қағып жарап тұр, аты мықты. (бай – багач, кедей – бедный)

10. Біреу маған ... жақ деп қылды бұйрық. (от – огонь)
Жеті жұмбақ


  1. Ауылымның күнбатысы қалың қамыс,

Бүрсікүннен арғы күн болады ал не.

Жас кісіде бар болса жігер – намыс.

Болып кетіп жүрмесін жетпей таныс.

Кімнің сөзі? (Мамырдың)



  1. «Қалқаман - Мамыр» дастанында орта жүзде той жасаған қай хан?

(Сәмеке)

3. Әке – шешесі жоқта Мамыр қандай той жасайды? (бастанғы)

4. Қалқаман Мамырдағы баба кім? (Әнет)

5. «Еңлік – Кебектегі Кебектің ағасы кім?» (Тоқтамыс)

6.Тобықтының биі кім? (Кеңгірбай)

7. «Ей, абыз! Аш балыңды,

Қобызыңды тарт,

Алар ақың болса, мойныма арт

Балыңа не түссе де жасырмай айт. Кімнің сөзі: (Кебектің)

Жорға

1. Ей, жұртым! Бір – екі ауыз сөз айтайын,

Әйтеуір өлтіруің тұр ғой дайын,

«Өлерде үш тілек бар деуші еді» ғой

Құдай үшін, берсеңдер мен сұрайын. Кімнің сөзі: (Еңлік)
2. 15 – інде бұл жігіттің аты шықты

Атты, жаяу бәріне бірдей мықты.

Көзі өткір, қаратооры жігіт екен,

Орта бойлы, тапалдау, кең йықты.

(Кебек)

3.«Ләйлі – Мәжнүн» дастанындағы Мәжнүннің шын аты?



(Қайыс)

4. Еңліктің қайын жұрты

(Найман)

5“Жеті момынның” Кіші жүзде жаз жайлауға алған тауы

(Мұғаджар)

6.Ақтабан шубырынды қазақтың айна сулап қырған көлі (сумал көл Алакөл)

7.Осы тұста Ұлы жүзді билеген хан

(Әбілмәмбет)

8. Намысы жоқ бет аузында сақал, мұрттан

Бұрын да етуші едім едім сырттан

Түн болса ұйқыдан бас көтермейді

Күндіз асық іздейді ескі жұрттан

(Еңліктің айттырған күйеуі)

9.Матай алса, Тобықты тек жата ма,

Азбын деп жанын аяп ар сата ма?

Ауыл шауып, мал алып, қан толлар,

Ойла, қалып жүрмелік теріс батаға.

Кімнің сөзі? (Кебек)

10. Ел қылып Тобықтыны тұра алмаймын

Ешкіммен ойнап – күліп жүре алмсаймын.

Өлерде аяған жоқ, қайда аяйды.

Сендерге енді мойын бұра алмаймын.

Кімнің сөзі? (Қалқаман)

11.Екі қап ауыр болар бір өзіңе,

Сүйсінбе бұл рақымсыз мінезіңе.

Айырылған екі асықты оқа ма екен,

Деп тұрсың алғыс айтар кім өзіңе?

Кімнің кімге айтқан сөзі? (Мамырдың Көкенайға)



Жорға

1.Айсұлудың өгей ағасы кім?

(Барғана)

2. «Айсұлу – Нартайлақтағы» Айсұлудың туған ағасы Тайдың әйелі?

(Былқылдақ)

3. Нартайлақ деген кім?

(Айсұлудың сүйген жігіті)

4. Айсұлу мен Нартайлақтың баласын асыраған күң кемпір.

(Томан)

5. «Дубровский» әңгімесіндегі Троекуров деген кім?



( надан бай)

6.Дубробскийдің Петерборда оқып жүрген баласы кім?

а)Владимир б)Павель в)Алексей

7.Александрды оқытуға келген француз мұғалімінің есімі?

а)Дефорж, б)Джорж, в)Булея

8.Марияны айттырған кәрі князь

а) Веренский б) Покровский в) Пафношие

9. Шіркеуде некені ненің алдында қиды?

а) ялтар б) янтар в) альтар

10. Қыз айтты «Асыл жарым, тыңда мұны»

Немене жетім қыздың көрген күні?

Қолына өгей аға қор қылғанша,

Алмады – ау ажал жетіп мен сорлыны.

Қыз кім? (Айсұлу)

11.Айтайын мен бір ақыл сен балаға,

Қаңғырма сүйек үшін құр далаға.

Үйтастың маңайында бір қорым бар,

Көміліпті жаназасыз сол араға.

Сүйек кімдікі? (Айсұлу)

Үйге тапсырма: Шәкәрімнің «Әділ-Мәрия» романын оқу.


11-сынып

Тақырыбы: Қорытынды сабақ

Мақсаты:


білімділік: М.Әуезов творчествосын оқыту сабақтарында алған білімдерін қайталау, бекіту.

тәрбиелік: ата-баба мұраларын құрметтеуге, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімге, халқымыздың ұлы перзенттеріне деген мақтаныш сезімге тәрбиелеу.

дамытушылық: ой-өрісін кеңейту, тіл мәдениетін және өз бетінше көркем әдебиет оқу дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Абайдың, М.Әуезовтің портреті. Альфрет Курелла: «Сіз әлі «Абайды» оқыған жоқсыз ба? Онда сіз мүлдем ештеңе оқымағансыз…»

Ұлы Абай туралы.

«Онан асқан бұрынғы- соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ».

А.Байтұрсынов.
«Қазақ классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі».

М. Әуезов.

«Әуезов- біздің бүгінгі адамзатқа ортақ мәдениет шеруіне қатысуға жолдама алып берген елшіміз».

Н.Назарбаев.


«Қазақстан үшін Әуезов – екінші Абай».

Н.Погодин.


«Мұхтар Әуезов – шалқар шабытты және зор бақытты жазушы…»

Н.Тихонов.

Мұғалімнің сөзі: оқушылар, біз заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтың өмірі және шығармашылығымен оқып таныстық. Бүгінгі сабағымыз – алған білімімізді қорытындылау әрі бекіту сабағы. Осы сабақты өздерің білетін «ХХІ ғасыр көшбасшысы» ойынының желісімен өткізбек ойдамыз.

ХІ а,б кластарының 8 оқушысы өзара «Мұхтар Әуезовтың ең үздік оқырманы» атағын жеңіп алу үшін сайысқа түседі.




  1. Әбдіғалиева Гүлмира. ХІа оқушысы.

  2. Әбибуллина Мөлдір. ХІб оқушысы.

  3. Әбимолдина Элеонора. ХІа оқушысы.

  4. Әжібекова Гүлнәр. ХІб оқушысы.

  5. Бердеева Раушан. ХІб оқушысы.

  6. Бітімбаева Сәнімгүл. ХІб оқушысы.

  7. Қаленов Артур. ХІб оқушысы.

  8. Қалиев Руслан. ХІб оқушысы.

Оқушыларды кезекпен ортаға шақыру, әділ қазылар алқасының құрамымен, сайыс жоспарымен, шарттарымен таныстыру.

Жоспары және ойын шарттары.



  1. Бәйге. ( Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығынан 16 сұрақ. Дұрыс жауап айтқанша тек 3 оқушыға дейін тыңдалады. Әр жауапқа 10 ұпай)

  2. Тіл өнері. (Абай өлеңдерінен бір сөз жасырылады. Сол сөзді табу. Орыс тіліне, ағылшын/француз-10 ұпай).

Ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығады.

  1. Жеті жұмбақ. (9 ұяшықтарда 9 сұрақ 3-еуі арнайы сұрақ 6 сұрақ «Абай жолы» романына байланысты).

Ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады.

  1. «Асық» ойыны. 4 тақырыпқа беріледі:

әлші жағы-Мұқтардың жақын-жуықтары;

бүк жағы-драматургиясы;

шік жағы-прозасы;

тәйке жағы-аудармасы.

Ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады.


  1. «Жорға». «Жорғаға» 3 оқушы қатысады. Әр қайсысына 7 сұрақтан қойылады.

Ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығады.

  1. Шешендік өнер. Қалған екі оқушы кезекпен жұрт алдында өздерін толғандырып жүрген мәселеге байланысты сөз сөйлейді.

  2. Әділ қазылар шешімі.

  3. Жеңімпазды марапаттау.

Жарыс бөлімдері бойынша сұрақтар.

І. «Бәйге»



  1. М.Әуезовтың туған жері

(Семей обылысы Абай ауданы).

  1. Бала Мұхтарды қалаға оқуға апарған немере ағасы

(Қасымбек).

3) Мұхтардың алғашқы әйелі (Райхан).

4) М.Әуезов 1922 жылы қай университетке өз бетінше тыңдаушы болып

түседі (Ташкент университеті)

5) 1928 жылы Мұхтар бітірген университет (Санкт-Петербург)

6) Ең алғаш баспасөз бетінде жарияланған көсем сөз

(«Адамдық негізі-әйел»)

7) Ең алғашқы көркем туындысы («Еңлік-Кебек» пьесасы)

8) Жас Мұхтар спорттың қай түрімен айналысты (Футбол)

9) «Еңлік-Кебек» пьесасы ең алғаш қайда сахналанды

(Әйгерім отауында)

10)«Түнгі сарын» пьесасы қазақ даласында болған қай оқиғаға арналған

(1916ж ұлт-азаттық қозғалысқа)

11) Ғазиза қай әңгіменің кейіпкері («Қорғансыздың күні»)

12) М.Әуезовтың «Қараш-Қараш оқиғасындағы » бала-Сейіттің өмірдегі прототипі кім (Т.Рысқұлов)

13) «Абай» романының алғашқы кітабы қай жылы шықты (1942ж)

14) «Абай жолы» дәуірнамасы қай жылы Лениндік сыйлыққа ие болды

(1959)


15) «Орыс мәдениеті үшін Пушкин қандай болса шығыс халықтарының мәдениеті үшін Әуезов сондай»-деп пікір айтқан қай жазушы

(Ш.Айтматов)

16) Ділдәның бабасы кім (Қазыбек)
ІІ. Тіл өнері


  1. Мен жазбаймын н е н і ермек үшін

Жоқ барды, ертегіні термек үшін. (Өлеңді).

Орысша- стихотворение

Французша- рosie

Ағылшынша- poet

2) Көңілім қайтты к і м н е н де к і м н е н де

Алдамаған кім қалды тірі жанда. (достан да, дұшпаннан да)

Орысша- друг-враг

Французша- ami- enneni

Ағылшынша- foiend- enemu

3)Н е қылсаң ерінбей,

Тояды қарның тіленбей. (Еңбек).

Орысша- труд

Французша- le tpavail

Ағылшынша

4) Ұйықтап жатқан жүректі н е оятар

Үннің тәтті оралған мәні оятар. ( Ән )

Орысша- песня

Французша-

Ағылшынша

5) Н е н і іздеп,

Дүниені көздеп,

Екі жаққа үңілдім. (Ғылымды).

Орысша- наука

Французша-

Ағылшынша

6) Атадан н е ш е у

Анадан н е ш е у

Жалғыздық көрер жерім жоқ. (Алтау, төртеу).


Орысша- шесть, четырье

Французша-

Ағылшынша

7) Біреуді көркі бар деп жақсы көрме,

Лапылдап көрсеқызар нәпсіге ерме

Кім жақсы болмайды көркіменен

Мінезіне жетпей көңіл бөлме! (Әйел)

Орысша- женщина

Французша-

Ағылшынша

8) Қар жауса да тоңбайды бай баласы

Үй жылы, киіз тұтқан айналасы.

Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты

Ағып жүріп ойнатар н е с і . (Көздің жасы).

Орысша- слёзы

Французша-

Ағылшынша



  1. Қайрат пен ақыл жол табар,

Қашқанға да қуғанға

Әділет, шапқат кімде бар

Сол жарасар туғанға.
Бастапқы екеу соңғысыз

Біте қалса қазаққа,

Алдың- н е , артың- н е

Барар едің қай жаққа (Жалын, мұз).

Орысша- огонь, лёд

Французша-

Ағылшынша


  1. Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ,

Наданның көзін қойып, көңілін ашпақ,

Үлгі алсын деймін ойлы к і м д е р

Думан-сауық ойда жоқ әуел баста-ақ. (Жас жігіттер)
Орысша- молодые парни

Французша-

Ағылшынша-


  1. Қ а н д а й дос –көлеңке

Басыңды күн шалша,

Қашып құтыла алмайсың.

Басыңды бұлт алса

Іздеп таба алмайсың (Жаман)

Орысша- плохой

Французша-

Ағылшынша-

ІІІ. Жеті жұмбақ.

1) «Абай жолы » эпопеясында Абай- Құнанбай арасының ашылуына себеп болған алғашқы оқиға?

1. Кәмшат трагедиясы.

2. Қодар- Қамқа өлімі.

3. Әмір- Үмітей оқиғасы. (Оң жақтағы 20)


2)«Абай» романының 1- кітабын талқылау жиынында «Немене адамша сөйлейміз бе, жоқ осымен кете бармыз ба? » -деп, соңынан әділ баға беріп, мақала жазған жазушы кім?

  1. С.Мұқанов.

  2. Ғ.Мүсірепов.

  3. Ғ.Мұстафин. (Оң жақтағы 30)




  1. «Абай »романын неше рет қайталап оқысам, сонша әрдайым жаңа бір ой, жаңа бір көркемдік, бұрын оқығанда байқамай кеткен тереңдік табам. Кімнің сөзі?

  1. Ш.Айтматов.

  2. Ә.Тәжібаев.

  3. Ғ.Мүсірепов. (Оң жақтағы 40)




  1. «Мен қазақпын ба, қырғызбын ба ? Мұны білгісі келетіндерге «Манас» жөнін, Мұхтар Әуезов жайын айтып беремін. Бұл екеуі- менің қандас халықтарымның мерейі: осы екеуіне иек артсам болғаны, жат жұрт арасында жалым күдірейіп шыға келеді».

  1. Ш.Айтматов.

  2. С.Мұқанов.

  3. З.Қабдолов. (Оң жақтағы 40)




  1. Абай Әйгерімге Тоғжан салған ән арқылы көрмей тұрып ынтығып, көрген соң Тоғжанның өзін көргенде шын ғашық болады. Сондағы Әйгерім салған ән қай ән ?

1.Татьянаның әні.

2.Топайкөк.

3.Көзімнің қарасы (Ортадағы 30)




  1. «Қараңғы түнде тау қалғып» әнінің түп нұсқасы кімдікі ?

1.Лермонтов

2.Гете.


3. Шекспир. (Сол жақтағы 20)

  1. «Абай жолын» орыс тіліне аударған жазушы кім?

1.Л.Соболев.

2.М.Шолохов.

3.А.Фадеев. (Ортадағы 20)



  1. М.Әуезов пен Д.А. Қонаевтың арасындағы туыстық қандай ?

  1. нағашы-жиен.

  2. ағайын

  3. құдалық (Ортадағы 40 )




  1. Мұхтар Абайға кім болып келеді ?




  1. руласы.

  2. жиені.

  3. күйеу баласы. (Сол жақтағы 30 )

ІV. «Асық» ойыны.



  1. Әлші жағы.

1. Мұхтардың Валентинадан көрген балалары.



  1. Мұрат, Мұғалила.

  2. Ләйла, Ернар.

  3. Мұғалила, Елдос.

2. Мұхтар Райханмен неліктен айырылысты?

1. Оқуына байланысты

2. Веалентина үшін

3. Камила үшін
2. Бүк жағы.

1. «Түнгі сарын» пьесасындағы болыс кім?

1) Ақан болыс.

2) Майқан болыс.

3) Кунту болыс.

2. Мұхтар Әуезовтың пьесасы?

1) «Алпамыс батыр»

2) «Ер Тарғын»

3) «Қара қыпшақ Қобыланды»

3. Шік жағы.

1. 1921 ж. жазылған әңгімесі?

1) «Оқыған азамат».

2) «Қорғансыздың күні».

3) «Қаралы сұлу».


2. Мұхтардың соңғы романы?

1) «Қилы роман».

2) «Өскен-өрен».

3) «Дос-Бедел-Дос».

4. Тәйке жағы.

1. «Отелло», «Асауға тұсауды» кімнен аударған?

1) Шекспир.

2) Прут.

3) Пренев.

2. Гогольдің қандай шығармасын аударды?

1) «Өлі жандар».

2) Тарас Бульба».

3) «Ревизор».
V. Жорға.

1-оқушыға қойылатын сұрақтар:

1. Мұхтар арашашы болған қырғыз жыры ( Манас ).

2. Әйгерімнің шын аты ( Шүкіман ).

3. Шәкәрімнің прототипі ( Дәрмен ).

4. «Еңлік-Кебектен» кейін жазған пьесасы ( Бәйбіше-тоқал ).

5. «Абай» романына берілген ең алғашқы сыйлық

( КСРО Мемлекеттік сыйлығы ).

6. «Абай» романының ІІ кітабы қай жылы жарыққа шықты. ( 1947 ).

7. Абайдың әжесі


2-оқушыға қойылатын сұрақтар:

1. Барлас ақынның прототипі ( Дулат Бабатайұлы ).

2. Әйел есімімен аталатын пьесасы ( «Қарагөз» ).

3. Мұхтар сомдаған әйелдер обазының тұңғышы ( Еңлік ).

4. «Абай» романына КСРО Мемлекеттік сыйлығы қай жылы берілді ( 1949ж ).

5. «Абай жолының» басты кейіпкері ( Абай ).

6. Мұхтардың үлкен қызы ( Мұғамила ).

7. Мұрат Әуезовтың шешесі кім ( Фатима Ғабитовна ).

3-оқушыға қойылатын сұрақтар:

1. Мұхтар Әуезовтың өмірлік жары ( Кузьмина Валентина Николаевна ).

2. Лиро-эпостық жыр желісімен жазылған комедиясы ( «Айман-Шолпан» ).

3. «Абай жолы» романының алғашқы кітабы қай жылы шықты ( 1952ж ).

4. Мұхтардың екінші қызының аты ( Ләйла ).

5. Жас Абайдың сырлас, жолдас жігіті ( Ербол ).

6. Абайдың шешесі ( Ұлжан ).

7. Тоғжанның әкесі ( Сүйіндік ).


VІ. Шешендік өнер.

«Жорға жарысында» озып шыққан Қалиев Руслан ( 175 ұпай ) 12 жылдық мектеп жайлы, ал Бітімбаева Сәнімгүл ( 185 ұпай ) Мемлекеттік тіл жайлы өздерін толғандырып жүрген ойларын ортаға салды. Бұл сайыста Қалиев Руслан озып шығып «Мұхтар Әуезовтың ең үздік оқырманы» атағын жеңіп алды.


VІІ. Мұғалімнің қорытынды сөзі. Жеңімпазды марапаттау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет