Сабақ жоспарларының үлгілері (мұғалім іс-тәжірибесінен) Құрастырған: Айтжанова Шаһизада Ахашқызы



бет2/4
Дата01.04.2017
өлшемі0,71 Mb.
#13031
түріСабақ
1   2   3   4

Ү Бөлім .Сұрыптау

Қазақстанның және әлемдегі осы заманғы сұрыптаудың табыстары (Слайдта көрсетілген суреттердің атаулырын атау және дәптерге жазу)

ҮІ Бөлім. Генетика және селекция негіздері бойынша тест жұмысы

1. Гетерозиготалы ағзада бір ғана белгісі бойынша түзілетін жұп гаметасы:

А)8. В)1. С)2. D)4. Е)6.



2. Адам ұрығында жүйке жүйесінің түзілуі... басталады.

А) бір апталық ұрығыңда. В) төрт апталық ұрығында. С) үш апталық ұрығында

D) екі апталық ұрығында. Е) бес апталық ұрығында.

3. Онтогенездік дамуда эктодерма қабатынан пайда болатын:

А) бұлшық ет. В) зәр шығару жүйесі. С) жүйке тақташасы.

D) ішек. Е) хорда.

4. Аллельдік гендердің орналасуы:

А) әр жұп хромосомада. В) жыныс хромосомада. С) бір аутосомда және жыныс хромосомада.

D) гомологты хромосомада. Е) тақ гендер.

5. Ата-аналары бір-бірінен екі жұп белгі бойынша ажыратылатын дараларды шағылыстыру -

А) тіркес тұқымқуалау заңы. В) толымсыз доминанттылық. С) моногибридті шағылыстыру.

D) дигибридті шағылыстыру Е) гаметалар тазалығы ережесі.

6. Комбинативтік өзгергіштік дегеніміз:

А) митоз барысында генетикалық материал көшірмесі В) хромосома кұрылысының өзгеруі

С) гаметалардың кездейсоқ қосылып, жаңа үйлесімдердің түзілуі.

D) сыртқы орта жағдайына эсері Е) хромосомалар санының өзгеруі

7. Аналогиялық мүшелерге жататындар:

А) қүс қанаты мен иттің табаны. В) бүршақтың мүртшасы мен кактустың тікенегі.

С) көртышқан мен бақаның алдыңғы қолдары D) егеуқүйрық пен бақаның алдынғы қолдары.

Е) кұс қанаты мен көбелектің қанаты.



8. Аталык және аналық жыныс жасушаларының қосылуы –

А) тозаң. В) тозаңдану. С) ұрықтану. D) тұқымбастама. Е) тұқым.



9. Ұрпағында ажырамай өзінің белгілерін таза күйінде сақтап қалуы:

А) белгісінің басым болуы. В) гетерозигота. С) гомозигота. D) гендердің жиынтығы. Е) белгісінің жоғалуы.



10. Мейоздық кезеңде хромосомалар жиынтығы:

А) екі есе азаяды. В) бір жұбы артып кетеді. С) кездейсоқ өзгеріске ұшырайды

D) екі есе көбейеді. Е) өзгеріссіз қалады..

11. Жыныссыз жолмен көбегоге жатады:

А) спорамен В) дәнегімен С) тұқыммен D) гүлмен Е) жеміспен



12. Тұқым қуалайтын белгіні ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші:

А) Цитоплазма. В) Митохондриялар. С) Лизосомалар. D) Хромосомалар. Е) Вакуоль.



13. Аллополиплондия:

А) әр түрлі түр жэне туыстардың түтас геномдарын қосу В) туыстарды өзара будандастыру

С) әр түрлі түрлер өзара будандастыру D) көп белгісі бар түрлерді өзара будандастыру

Е) әр түрлі белгісі бар туыстарды өзара будандастыру



14. Митоздык бөліну кезінде аналық жасушадан қанша жас жасушалар пайда болады?

А) 5 В)3 С)2 D)1 Е)4



15. Гетерозиготалы ағзада екі жұп белгісі бойынша түзілетін жұп гаметасы:

А) 2 В) 8 С)1 D) 6 Е) 4



_________ сынып _____________ ФИО ________________________________


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

C

C

C

D

D

C

E

C

C

A

A

D

A

C

E

Эксперттің қорытындысы

Оқушы-ның аты, тобы

Жалпылама сұраңтар

Құпия сан

Кім көп біледі?

Сөйкестендіру тесті

Сұрыптау

Тест жұмыс

Қорытынды

















































Үйге тапсырма : 9 -тарауды қайталау

Химия


9-сынып 
Сабақтың тақырыбы: Алюминий және оның қосылыстары.

Мақсаттары: 1.Алюминий және оның маңызды қосылыстарының екі жақты қасиет көрсететін мәнін ашу;
2.Алюминий оксиді, гидроксидінің химиялық қасиеттерін салыстыру;
3. тәжірибе жасай алу дағдыларын дамыту;
4. Оқушылардың жұппен және топпен жұмыс жүргізулерін қамтамасыз ету, ортақ тіл табыса білуге тәрбиелеу
6.Өз бетімен жұмыс істеуге,негізгісін бөліп алуға,өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу
Типі Жаңа сабақ
 
Түрі Жаңа сабақ, зертханалық жұмыс
 
Алдыңғы сабақтармен байланыс Өзің еңбектену арқылы өзің үшін де басқалар үшін де барлығын өзің істейсің, ал егер еңбегің нәтижесіз болса, қаймықпа тағы да тырысып көр
Д. И. Менделеев
Металлдар тақырыбы, Менделеевтің периодтық жүйесіндегі қандай металлдармен таныстық.
Ресурстар Интерактивті тақта, плакаттар
Дәстүрлік әдістер
Оқушылардың тақырыпқа қызығушылы-ғын арттыру стратегиясы
СТО технологиясы бойынша: жұмбақ жасыру.«Бір күні Рим императорына белгісіз біреу келіп күміс сияқты жылтыр,өте жеңіл ыдысты сыйға тартады.Император жаңағы ыдысты мастерге құрамы неден жасалғанын тексеруге жібереді. Оның құрамы «кәдімгі саздан» алынған металл деп мастер өз шешімін айтқаннан кейін,патша өзінің алтын күмістерінін құны төмендеп кетуі мүмкін деп мастердің басын алдырып оның шеберханасын өртеп жібереді . Сөз қандай металл туралы болып жатыр (Ае)
Білемін. Білгім келеді. Білдім
 
топтастыру
- -
(осы сұрақтың жауабын талдау барысында сабақты оқушылардың старт жаттығуы арқылы бастаймыз).

Тірек сөздер (key words) Глоссарий:


Анион - anions
 
Катион - cations
Катод - cathode
Анод - anode
Алюминий - аluminium
Ион - ions
тотықсыздану– reduced
тотығу -oxidised
электролиз- electrolysis
Электричество- electricity
Мұғалімнің әрекеті: оқыту тапсырмалары мен жаттығулар,
дифференция Оқушылар минутпен (5мин) one group consists of 4 persons- арқылы топпен (4 оқушы) алюминий жай зат ретінде, оксиді, гидроксидінің химиялық қасиеттерін салыстырып, өз ойларын ортаға салады.Алюминидің алынуы
 
Жеке- жеке жұмыс: Алюминийді жай зат ретінде сипаттау

Белсенділігі орташа оқушылардан жинақталған топ



Белсенділігі жоғары оқушылардан жинақталған топ
Оқулықпен жұмыс.
Алюминийдің генетикалық қатарын құрастырыңыз Дәлелдеуге арналған тапсырма:
Оксиді мен гидроксидтері туралы
 
Бағаланады: Оқушылар берілген уақытпен санасуы, регламент сақтай білуі, мәліметтің ең маңызды тұстарын ғана айтуға бейімделуі.
Топпен талдау (2 мин): Оқушылар қарсы топтарының жұмысын тыңдай білуі, жолдасының ойын силай білуі.
Топ оқушыларының жауабы қосымша материалдарда ұсынылады.
тереңдету / мәселелер қолдау / жаңарту
Ғылыми кітаптармен жұмысқа бейімдеу, өз ойларын жетік айта білулерін дамыту Оқушыларды болашақта сабақтың мақсатын, жоспарын құруға, ғылыми көзқарастарын дамыту үшін үйлесімді сабақ әдісін ойластыру.

Зертханалық жұмыс


№1,2, зертханалық жұмыстарының барысы қосымша ұсынылады.
Рефлексия 1. тест тапсырмалары деңгей бойынша
2. Тақтаның артқы бетіне қара ағашты қойып, оқушылардың бүгінгі сабақтан алған білімдерін сәйкесінше бұтақтарға орналастыру сұралады, себебі ортақ талданды.
Берілген суреттің мәнін ашу!
Бекіту\сабақпен байланыс Критериалдық жолмен бағалауға арналған тақырып, сондықтан да оқушылардың қолдарындағы бағалау парақтарына сәйкес өздерін бағалау. Объективті бағалау- нақты тақырыптың бөлімдерін білу.
Қолжазбалар/
дифференциация Сабақта белсенділігі әр түрлі оқушылардың қимыл-әрекеттері бақыланады:
Белсенділігі төмен Белсенділігі орташа Белсенділігі жоғары


Кітаппен жұмыс

Зертханалық тәжірибе

Дәлелдеуге арналған тапсырма

Сабақтың тақырыбы: Аммиак, аммоний тұздары.

Сабақтың мақсаты:

  1. Бағдарлама мәжісіне сай білім, білік дағдыларын қалыптастыра отырып, оқушыларға аммиак және аммоний тұздары туралы жалпы мағлұматтар беру.

  2. Оқушылардың теориялық білімдерін практикамен ұштастыру арқылы білімдерін шыңдау және ой – өрісін дамытып, ғылыми көзқарасын қалыптастыруда жаңа терминдерге түсінік беру.

  3. Оқу үрдісінде оқушылардың қабілетіне сай шығармашылық еңбекке тәрбиелеу.

Сабақты өтудің әдіс – тәсілдері: Оқытуды басқару және оқуды бағалау,топпен жұмыс, сыни тұрғыдан ойлау, А.Қ.Т пайдалану, визуальді зертханалық тәжірибе, вертуальді зерханалық тәжірибе жасау.

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңдері:



  1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

  2. Оқу – құралдарын тексеру.

  3. Оқушылардың денсаулығына көңіл бөлу.

а) Психиологиялық дайындық

Бүгінгі күн ерекше

Мен сабақта, мектептемін

Менің зейінім тұрақты,

Менің сабаққа ынтам зор,

Өйткені мен бақыттымын.

б) сергіту жаттығу:

Мұғалім бір элементтің атын айтады, элемент қай әріптен басталатын элементтің атын жалғастыруы қажет.

Мысалы: азот, тантал, лантал, неон, натрий, йод.

в) Мұнда мұғалім элементтердің химиялық (интерактивті тақтаға назар аудару). Таңбаларын, валенттілігін, латынша аттарын барлық оқушылармен бірге хормен қайталап шығады.



H, O, Na, K, Mg, Zn, Ag, Au, Pb, Hg, P, Fe, C, S
ІІ. Үй тапсырмасын талқылау.

а) Ыстық орындық ойыны.

ә)Стикермен диолог құру.(деңгейлік тапсырма)


  1. Бейметалдардың периодтық жүйедегі орналасу реті және жіктелуі.

  2. Азоттың периодтық жүйедегі орны және физикалық қасиеттері.

  3. Азоттың мүмкін болатын тотығу дәрежелері мен қосылыстарының формуласын жазу.

  4. НNO3– дағы азоттың тотығу дәрежесін анықтау.

  5. NaNO3 – дағы азоттың тотығу дәрежесін анықтау

  6. Мүсәтүр дегенді естулерің барма? Олар қандай заттар?

  7. Мүсәтүр спирті қайда қолданылады?(нащатырный спирт)

  8. К NO3 – ның ерігіштік кестедегі қиылысу нүктесін тауып, молекулалық массасын анықтау.

  9. Калций нитратының ерігіштік кестедегі қиылысу нүктесін тауып, молекулалық массасын анықтау.

  10. Азот оксидтері қандай оксидтерге жатады.

ІІІ. Жаңа сабақ. Аммиак (NН3) – суда жақсы еритін, өткір иісті, ауадан жеңіл, түссіз газ. – С температурада сұйыққа айналады. Аммиак молекуласының кеңістіктегі пішіні мосы сияқты болады.

Аынуы: аммиак өндірісте жай заттардан синтездеу арқылы алынады:

N2 + H2 = 2NH3

Реакция t0 = 4500 C, p = 30мПа, өршіткі (катализатор) AI2O3, K2O және платиналық металдар қатысында жүреді.

Зертханада мына реакциямен алуға болады.

Аммоний хроматы мен натрий гидроксиді кристалдарын жайпақ араластырып қыздырғанда аммиак бөлінеді. Өткір иісін абайлап қолды сермеп иіскеген соң, дереу газтартпа шкафына апарып орналастырыңдар.


(NH4) 2Cr2O7 + NaOH Na2Cr2O7 + NH3
Кристалдық аммоний хроматы мен натрий гидроксидін араластырып, оны сынауыққа көлбеулетіп қыздырғанда аммиак бөлінеді. Түзілген аммиакты ылғал фенолфталеин қағазының қызаруы арқылы анықтайды.
Аммиактың химиялық қасиеттері:

Аммиак химиялық реакцияларда тотықсыздандырғыш.

Аммиак жанады:

а) 4NH3 + 3O2 = 2N2 + 6H2O оттегі жетіспегенде


ә) 4NH3 + 5O2 = 4NO + 6H2O оттегі жеткілікті мөлшерде

аммиак қосылу реакцияларына қатысып, негіздік қасиет көрсетеді.

NH3 + HCI = NH4CI

Аммоний гидроксидінің химиялық қасиеттері: негіздерге тән барлық реакцияларға түседі.

1. диссоциацияланады: NH4OH = NH4 + + OH -
2. қышқылдармен өндірістік мұнараларға қарама – қарсы ағыс принципі бойынша әрекеттеседі:
2 NH4OH+ H2SO4 = (NH4)2SO4 + 2H2O
3. қыздырғанда айырылады:
NH4OH = NH3 + H2O
Қолданылуы: Аммиак азот қышқылын, тыңайтқыштар алу үшін тоңазытқышта қолданылады. Аммиактың -дық ерітіндісі (мүсәтір спирті) медицинада және тұрмыста кеңінен пайдаланылады.

Аммоний тұздары

Алынуы:

NH3+ H2SO4 = (NH4)2SO4 аммоний сульфаты


NH3 + НСІ = NH4СІ аммоний хлориді
NH3 + H3PO4 = (NH4)3 PO4 аммоний фосфаты
Химиялық қасиеттері:

  1. қышқылмен: (NH4)3CO3 + 2HCI = 2NH4СІ +CO2 + H2O




  1. тұзбен:(NH4)2CO3 + BaCI2 = BaCO3 + 2NH4СІ

3. сілтімен: (NH4)2CO3 + NaOH = Na 2CO3 + 2H2O + NH3


Аммоний тұздарына сілті қоссақ, аммиак бөлініп шығады, бұл NH4 + - ионына сапалық реакция.

Зерхалық жұмыс. Зертхалық кабинеттің техникалық қауіпсіздік ережелерін қамту.

Қажетті реагенттер мен құрал – жабдықтар:

NH4)2CO3 кр , NaOHкр , H2O, химиялық жолмен формаға келтірілген спирт, сынауықтар, фенолфталеин сіңірілген қағаз және ерітіндісі, тұрғы, спирт шамы, кәрлен табақша (фарфоровый), шыны таяқша, кристаллизатор.



Жұмыстың орындалу реті.

1.Кәрлен табақшаға бірдей мөлшерде NH4)2CO3 кр және NaOHкр алып, шыны таяқшамен араластырады. Құрғақ сынауыққа салып, оны штативке аузын сәл төмен каратып бекітіңдер. Қоспаны жайлап қыздырып, газды төңкерілген құрғақ сынауыққа жинаңдар. Жиналған газды, сынауықты сол қалпы аудармай , суы бар кристализаторға төңкеріңдер, сынауықта жиналған сұйықтаққа фенолфталеин тамызып көріңдер.



2. Арнайы дайындалған спиртті жағып, бірнеше минуттан кейін үстіне сынауық кигізіп қойыңдар.

Зертханалық дәптердің толтырылу кестесі.




Жұмыстың орындалу реті.

Химиялық реакция теңдеулерін жазу.

Не байқадың ?



















































Полилиния 7191Полилиния 7189Полилиния 7190


Үш ыдыста әр қайсысында әр түрлі газдар мен толтырылған, оқушылар сабақтан алған білімдерін пайдаланып , анықтауы қажет. Бір ыдыста– ауа, бір ыдыста – азот, бір ыдыста – аммиак толтырылған.

VI. Сабақты қорытындылау:Аммоний тұздары(NH4)2SO4 , (NH4)3 PO4,

NH4CI, NH4NO3, NH 4H 2PO4 (аммоний дигидрофосфаты), (NH 4 ) 2HPO4 (аммоний гидрофосфаты) тыңайтқыштар ретінде қолданылады. Аммоний карбонаты бөлме температурасында айырылып NH3,CO2газдары түзіледі. Оның қышқыл тұзы NH4HCO3 қамырды көтеру үшін нан пісіруге пайдаланылады. Аммиак, аммоний ионының түзілуі, мүсәтір спирті, аммоний ионына сапалық реакция.

V. Бағалау.

Инсерт жүйесі бойынша:



  • білетінім;

  • білгенім;

  • білгім келеді;

Үйге: 90 – бет, (А, В, С тапсырмалары)
Сабақтың тақырыбы: Кальций және қосылыстары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының ежелден пайдаланып келе жатқан металдар мен құймалар, олардың қасиеттерін, тарихын, кездесетін жерлері туралы білімдерін нығайту.

Дамытушылық:Қолданыстағы заттардың пайдасын, қоғамдағы ролін терең зерттеу. Оқушылардың тіл байлығын дамыту, тез ойлауға дағдыландыру. Картамен жұмыс, пәндермен байланыстыру.

Тәрбиелік: Өз бетімен еңбектену іскерліктерін арттыра отырып оқушылардың танымдық белсенділіктерімен ой өрісін дамытып, шығармашылыққа, іздемпаздыққа, тиянақтылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:Са, СаО, НСl, Н2О, фенолфталеин, Са(ОН)2, СuSО4, сынауқтар, стакандар.

Сабақтың барысы: І. Өткен сабақты қайталау:

  1. Металдарға жалпы сипаттама; ПЖО.

  2. Жалпы физикалық қасиеттері.

  3. Жалпы химиялық қаситтері.

  4. Ме активтік қатарын кім ұсынған?

  5. Ме табиғатта қандай түрінде кездеседі?



  • Асыл металдар

  • Ауыр Ме

  • Жеңіл Ме

  • Сұйық Ме

ІІ. Жаңа сабақ:

  1. Хат оқу.

«2030-дың біз барысымыз,

Жетістікке бастайды әр ісіміз.

Өркениетті елімізді көркейтетін

Металдарды оқу парызымыз.»

Кімге: Менделеев үйі,2 подъезд, 4 қабат,

пәтері белгісіз.

Ағылшын химигі Г. Дэви 1808ж


  1. Кальцийдің ПЖО.

Электрондық құрылысы.

Са+20)2)8)8)2 1s22s22p63s23p64s2

Са+2, Са0


  1. Табиғаттағы қосылыстары.

СаСО3,СаSO4*H2O-ғаныш

СаСО3*MgCO3-доломит

Са3(РО4)2- фосфорит

Са5(РО4)2F – фторапатит

▲! Жер қыртысында 5 орында, 3,4 %, адам ағзасында – 1кг.

(оқулықпен жұмыс).

36 параграф. 102бет. «Жадыңда жүрсін»


  1. Физикалық қасиеттері.

«Химиялық портрет»

Алтындай менің ардақтым,

Қорғасындай салмақтым.

Көптен көрмей өзіңді,

Электрондай зар қақтым.

Өзің менің оттегім,

Өмірім сенсіз жоқ менің.

Мінезің мыстай майысып,

Сынаптай сырғып кетпегін.

Шаштарың қара көмірдей,

Мүсінің құйған темірдей.

Кальцийдей менің аппағым.

Өзіңнен асыл таппадым.

▲ 36 параграф.101 бет. Физикалық қасиеттер.

Tбалқу-851о


  1. Химиялық қасиеттері.

А) Жай заттармен әрекеттесуі

! Кодоскоп: кластер

О2 Cl2

Овал 7172

N2 H2

!▲ Тақтамен жұмыс: теңдеулер жазу.


  1. 2Сао2о=2Са+2О-2

  2. Сао+So=Ca+2S-2

  3. Cao+Cl2o=Ca+2Cl2-1

  4. 3Cao+N2o=Ca3+2N2-3

Ә) Күрделі заттармен:

Овал 63

H2SO4 HOH→Ca(OH)2әк суы

СО2→СаСО3

Са(ОН)2 – суда нашар ериді

Са(ОН)2→Са+2+2ОН-

Фенолфталеин қызарады.



Овал 59Прямая со стрелкой 60Прямая со стрелкой 61

СО2 НCl

CuSO4


  1. Қолданылуы:

Әкті су – мөлдір ерітіндісі. Лабораторияда СО2 анықтау үшін пайдаланады.

Са(ОН)2+СО2→СаСО3↓+Н2О

!▲ Тәжірибе «Дем шығару».


  • Сынауқта Са(ОН)2 оқушы партасында, түтікше арқылы үрлеген кезде, ерітіндіде тұнба пайда болады.

ІІІ. Бекіту. «Химиялық эстафета»

1). Са→СаО→Са(ОН)2→СаСl2→CaSO4→Ca(NO3)2

2). CaO→CaCl2→CaCO3→CaO→Ca(OH)2

IY. Үй тапсырмасы: 36-37 параграф, 104 бет, А(1).



8-сынып
Сабақтың тақырыбы: Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, қасиеттері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға қышқылдардың жіктелуі жайлы айтып, қасиеттері туралы түсіндіру.



Дамытушылық: Жаңа сабақты түсіндіре отырып, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, уақытты үнемдей білуге, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, кітаппен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

А) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

Ә) Сыныптың тазалығын тексеру

Б) Оқушылардың сабаққа назарларын аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Кім жылдам?

-Негіздер дегеніміз не?

-Негіздер қаншаға бөлінеді?

-Натрий гидроксидін қандай реакциялар көмегімен алуға болады?

-Негіздердің химиялық қасиеттері туралы айт?

-Негіздердің құрылымдық формуласын жаз?

ІІІ. Жаңа сабақты оқыту:

Қышқылдар дегеніміз – сутек атомы мен қышқыл қалдығынан тұратын қосылыстар. Қышқылдар құрамындағы сутек атомдарын металға ауыстыра алатын күрделі заттар. Құрамындағы сутектің санына қарай қышқылдар бір-, екі- және үшнегізді болып бөлінеді. Құрамында оттек болуына немесе болмауына қарай оттекті және оттексіз болып табөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет