Сабақ кестесі: Оқу тоқсаны 15 оқу аптасынан және 2 сынақ аптасынан тұрады. Аптасына 2 кредит-сағат жоспарланады, оның әрбір кредит-сағат саны бір байланыс сағатынан (дәріс,практика) және оқытушының басқарумен жүретін студенттердің өзіндік жұмысынан



бет5/7
Дата05.11.2016
өлшемі1,02 Mb.
#851
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар

1. 1956 жылғы ХХ съезден кейінгі жылымық кезеңінің әдебиетке әсері қандай болды.

2. Ә. Тәжібаевтің балалрға арнап жазған өлең-ертегілерінің маңызы қандай,

3. С.Бегалиннің кеңес дәуіріндегі балалар әдебиетінің дамуына қосқан үлесі қандай.

4. Ө. Тұрманжановтің балалар әдебитінің дамуына қосқан үлесі қандай.

Әдебиеттер:

1.Толағай тұлға тарлан еді. А. 2010

2.40-50-60 жылдардағы қазақ әдебиеті, А. 1998

3.Қазақ газет-журналдары(2000-2010жж)

4.Қазақ – совет балалар жазушылары. А. 1987.

5.Бегалин С.Қыран туралы аңыз.-А,1976

6.Бегалин С.Шығармалар екі томдық.-А,1980

7.Қ.Б.Ә.К Тұманжанов Ө, Әлімбоев М.5-т -А,1990



10-апта

10-апта

Дәріс тақырыбы: 1960 жылдардан кейінгі балалар әдебиетінің дамуы.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Балалар әдебиетінің жанрлық өсуі

2.Б. Соқпақбаев шығармашылығы

3.М. Иманжанов шығармашылығы



Дәріс мазмұны: Қазақ әдебиетінде балалар әдебиетінің жасалуына зор еңбек сіңірген, соны жолға алғаш қалам сілтегендердің бірі Мұқан Иманжанов еді.

Жаңашыл гуманист жазушының тұтас творчествосаның құрамды бөлігі – балаларға арнап жазған туіындыларынан тұрады. Олардан Мұқанға тән қолтаңбаны, стильдік ерекшелікті көрмеу мүмкін емес. Қашанда творчествалық іске ер көзімен қарайтын сұңғыла суреткер құбылыстың ішкі мәніне көбірек ден қоятынын айқын сезінеміз. Қарапайым, соған қарамай көркем орындалған әңгімелерінің төркініне көз жіберсек жазушы мұратының биіктігі бой көрсетеді. Сол арқылы жанды процесс – биік эстетикалық талап, қылаусыз адалдық, тек еңбек арқылы қол жететін неше алуан адамдық қасиеттер қанға сіңіп, бойға тарап жатады..

«Көлемі шағын, айтары мен өнегесі айқын, көркемдік бояуы ажарлы да қызықты шығармаларымен М.Иманжанов қазақ әдебиеті тарихынан өзіне тиісті орынды көркейтіп тұрары анық», - дейді профессор Т.Кәкішев. Балалар әлемінің құпияларын ашуға арналған күрделі «Алғашқы айлар» повесін айтпаанда, оның «Жол үстінде», «Ораз бен Боря», «Талап», «Сапардың тәжірибесі», «Қорқау», «Бес», тағы басқа әңгімелері қазақ әдебиетінде шағын жанрды құнарландыра түскені анық.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар

. 1.1960ж кейінгі жалпы қазақ әдебиеті қалай дамыды

2.Б.Соқбақбаетың жазушылық шеберлігі неде

3.Б.Соқбақбоевтыі шығармаларының кейіпкерлері тукралы

4.М.Иманжановтың өмірі туралы

5.М.Иманжановтың балаларға арналған шығармаларының мәні

6.М.Иманжановтың «Алғашқы айлар» повесінің басты кейіпкерлері


Әдебиеттер:

1.Соқпақбаев Б. Таңдамалы 2 томдық -А. 1987

2.Иманжанов М. Таңдамалы екі томдық.-А, 1977.

3.Қазақ газет-журналдары (2000-2010)

4.Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті,-А,1974

5. Қазақ совет балалар жазушысы. А. 1987.

6.Қ.Б.Ә.К. 7-том. Соқпақбаев Б, Тиесов М. –А,1990

7.Сөзстан. –А,1983


11-апта

11-дәріс

Дәріс тақырыбы: С. Сарғасқаев, Қ. Қайсенов шығармашылығы

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Батырлық пен балалаық белестері.

2.С.Сарғасқаев өмірі мен шығармашылығы.

3.Қ. Қайсенов өмірі мен шығармашылығы.



Дәріс мазмұны:

Белгілі партизан жазушы Қасым Қайсенов 1918 ж. 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданында Асу – бұлақ ауылында туып өскен. Туған ауылында орталау мектепті бітірген соң 1934ж. Қасым Өскемен қаласындағы Саяси-ағарту техникумында оқиды. 1938ж. Бітіріп арнайы орта білім алып облыстық оқу бөлімінде инспектор болып істейді. ҰОС қатысқан.

Қ.Қайсенотың ең бірінші – тұңғыш шығармасы 1954 жылы «Жас партизандар» деген атпен жарық көрді. Сол кезден бастап оның «Илько Витряк», «Переяслав партизандар», «Ажал аузынан», «Жау тылындағы», «Днепрде», «Жас партизандар», «Сол жылдары» сияқты т.б.

Қ.Қайсенов қазақ әдебиетіне жау тылындағы партизандар туралы тақырыпты еңгізген жазушылардың бірі. Бұл шығармаларының көпшілігін Қасым соғыс жылдарында қойын дәптеріне күнделік етіп жазып жүрген.

Қайсенов шығармалары жас ұрпақты патриоттық – интернационалдық рухта тәрбиелеуге, ерлікке барар жол, гуманизм тереңдігі сияқты күрделі әлеуметтік құбылыстарды терең сезінуіне үлкен әсер етті.

Қасым Қайсенов туындыларының кейіпкерлері өзі және талай қауіпті өткелден өткен, өмір мен өлім айқасында шындалған жауынгер дрстары болып келеді. Олар А.В.Тканко, Е.Д.Ломако, И.К.Примак тәрізді істер қолбасшылар мен Илько Витряк, Костя Спижевой, Гриша Алексейнко, Алексей Кричак, Николай Попов, Иван Гомон, Юзик Никильский сияқты әр ұлт өкілдері.



Өзін-өзі тексеретін сұрақтар

1.Қ.Қайсенов ҰОС жылдары қай жерде майданға араласты

2.Қ.Қайсеновтың партизандар туралы шығармаларының ерекшелігі неде

3.С.Сарғасқаевтың Шаншатай повесінің кейіпкерлері туралы не білесіз

4.С.Сарғасбаевтың балалар өмірінен жазған шығармаларының ерекшелігі неде
Әдебиеттер:

1.Қазақ балалар әдебиеті. –А,1974ж

2.Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі. –А,1965

3.ҚБӘК, 9-т. Сарғасқаев С, Қайсенов Қ.- А. 1990

4.Қазақ-совет балалар жазушылары -А1987

5.«Сөзстан» -А,1983

6. Қазақ газет-журналдары (2000-2010)
12-апта

12-дәріс

Дәріс тақырыбы: Мұзафар Әлімбаев және «Балдырған»

Қарастырылатын сұрақтар:

1.1950 жылдардан кейінгі балалар баспасөзі.

2.М. Әлімбаев өмірі мен шығармашылығы.

3. М.Әлімбаевтың балаларға арналған шығармаларының ерекшеліктері.



Дәріс мазмұны: Балалар поэзиясының барынша жатық, тілге жеңіл, көңілге қонымды болуын көп күйттеп, көп іс тындырған ақындарымыздың бірі – Мұзафар Әлімбаев. Баяндалар ой, айтылар оқиға қаншалықты қызықты, әсерлі болғанмен, техникалық жағынан мүлтіксіз орындалмаса, кішкентай оқырман жүрегіне жол таба алмаытыны бесенеден белгілі шындық. Ал ол үшін ақындық талантпен бірге айрықша шеберлік керек.

Мұзафар Әлімбаев – бала психологиясын бажайлап зерттеп, бала мінезін жетік білуге келгенде, үлгі етіп ұстанарлықтай артықшылығы бар ақын. Оның балалар әдебиетіндегі бүкіл творчестволық табысына жан беріп тұрған сиқырлы күштің көзін іздестіретін болсақ, осы ерекшелігіне назар аудармай өту мүмкін емес. Өлеңдерінің дені бала ұғымына бірден қона кететін салмақты ой тудырарлық тартымды оқиға, жеңіл штрихтарға құралады. Бұдан ақынның «арық сөйлеп, семіз шыққанды» ұнататыны, үлкен толғам айтамын деп үстірттікке ұрынбай, қарапайым ғана шындықтан қауқарлы поэтикалық шешім табуға тырысатынын сезінеміз.

Балалар баспа сөзіндегі ондаған жылдарға созылған қызметі, әсіресе 1958 жылдан тұңғыш рет шыға бастаған «Балдырған» журналында бас редактор болуым кішкентайлар әдебиетінің ерекшелігін, өзгешелігін, талап-тілектерін, мұң-мұқтажын зерттеуге себепші болды.

Міне, ширек ғасырдай туақыт ішінде октябряттар әдебиетін қалыптастыру және дамыту мәселелерімен тікелей шұғылданып, белсенді ат салысуыма тура келді. Осының бәрі менің бүлдіршіндерге рухани азық беруге өз үлесімді қосуыма мүмкіндік тудырып, творчествалық қажеттілікке орай, өмірден көріп-біліп алған әсерлеріме, оқып ізднуіме қарай үлкендерге де, балаларға да қатар жазып кеттім. Әрине, үлкендердің сыбағасы қомақтылау болды.



Өзін-өзі тексеретін сұрақтар

1.Балдырған журналы қай жылдан шыға бастады

2.М.Әлімбаевтың туып өскен ортасы

3.М.Әлімбаетың өлең- тақпақтарының мәні

4.М.Әлімбаев құрастырған сөздіктер қандай

5.М.Әлімбаетың мысал ертегілері туралы



Әдебиеттер:

1.Қазақ балалар әдебиеті. 1974ж

2.Әлімбаев М. Таңдамалы 2 –А,томдық. А. 1983

3.Сөзстан –А,1983

4.Қазақ-совет балалар жазушылары А1987

5.Қазақ газет-журналдары (2000-2010)

6.Мырзалиев Қ. Сөз сиқыры.-А,1984
13-апта

13-апта

Дәріс тақырыбы: Қадыр Мырзалиев пен Т.Молдағалиев шығармашылығы

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Қ.Мырзалиев шығармашылығы.

2.Т.Молдағалиев шығармашылығы

Дәріс мазмұны: Көрнекті балалар ақыны Қадыр Мырзалиевтің өлеңдері арқылы біржола орын тепкен лирика мен юмордың астасуы алғаш рет аталмыш ақын творчествасында айқынырақ ткөріңіс тапқан еді. Кейігі кезде балаларды өздерінің түрлі қылықтарына сүйсіне отырып баулудың сырттай қызықтауға қарағанда, әлдеқайда тиімділігін сезінуден туған осы бір тәсіл балалар өлеңінің тартымды шығуына бірден-бір кепілдік берер факторға айналды. Мұның өзі оның әжептәуір өсіп, өрелі биікке қадам басқандығын дәлелдесе керек. Жалпы, балалар өлеңінің ата-аналар көкейіндегіні ғана жалаң жеткізіп, өз оқушысының бейтарап калатын түрлері бірте-бірте өз мәнің жоғалтуына, сәби көңілін сергек те серпімді. Қасиетімен баурап алатын туындылардың дүниеге келуі айтарлықтай әсер етті. Сондай төрт құбыласы тең туындылар қатарына Қ.Мырзалиевтің өлеңдерін жатқызуға болалды. Оларды оқып отырып, автордың жатпай-тұрмай ізденетіндігін, интелектісі молдығын, соның арқасында оқушысына рухани азық болар нысаналы ойлар ауқымында сүрініп-қабынбай еркін көсілуге машықтанып алғандығын байқасың. Ең бастысы – ертегі, тақпақ,, мысал, жұмбақ, жаңылтпаш, мазақтама т.с.с. жанр түрлеріеің өзіңе сай көтерер жүгін, өзіңдік ерекшелігін, мақсаты мен міндетін жақсы біледі, ненің не екенің ажыратпай, «тисе терекке, тимесе бұтаққа» деп жазу принципіне иатымен қарсы. Сол себепті де өзі оқушысын адаспай тауып жатады.

«Бөбегімін Ильичтің»- лирик Тұманбай Молдағалиевтің, жаңылмасақ, балалдарға арнап әр жылдарда жазған өлеңдерініңм тұнғыш топоамасы. Қрлымызға үлкен үмітпен алғанымызбен, кішкентай күдігіміздің болғанын да жасырмаймыз. Балалар поэзиясы сырын білмеген кез келген адамға жалынан ұстап жайдақ мінетін жабы сияқты көрінгенмен, алғашқыда атып кетер асаулығы бар «тұлпар тай – сұнқар тай» ғой. Қуанышты жағдай – Тұманбай Молдағалиев бөтен мінез танытып бас салмай, лирикадағы өзінің жұмсақ та жайлы тілімен жақын барып, қақпайына көндіріпті. Ақын баланың арманын, қуанышын, іс-әрекет, өкпе-назын өздерінің аузынан айтқызып, тәсілге жаңа-жаңа мазмұндар арқылы ерекше сипат берген. Өлеңдерінде өзгелердегідей жарқ-жұрқ еткен теңеу, түкепірінде жатқан таңданыс пен күлкі жатқан тапқырлық болмағанмен, басынан сипап, бауырына тартқын келіп тұратын биязы сәбилер бейнесі бар. Сондай-ақ домбыраның үстіңгі ішегіндей үнемі уілдеп үн қосып отыратын әкелік жүректің үні естіледі. Ол одан сайын сезімді қозғап, іш жылатады.


Өзін-өзі тексеретін сұрақтар

1.Қ. Мырзалиевтің туып өскен ортасы

2.Қ.Мырзалиевтің балалар ақыны болып қалыптасуы қай кезең

3.Қ,Мыззалиевтің «Күміс қоңырау» жинағының жанрлық ерекшелігі неде

4.Т.Ммолдағалиевтің балалар арналған өлең-тақпақтарының ерекшелігі неде

5.ТЬ.Молдағалиевтің мысал ертегілердің түрлері


Әдебиеттер:

  1. Мырзалиев Қ. Күміс қоңырау. А. 1970 ж.

  2. Қадыр Мырза Әли. Таңдамалы: он екі томдық шығармалар жинағы. -А. 2005 ж.

  3. Молддағалиев Т. Таңдамалы 3 томдық. А. 1990 ж.

  4. Қазақ газет-журналдары (2000-2010 жж.).

  5. Сөзстан – 1983 ж. А. 1983 ж.

  6. Мырзалиев Қ. Сөз сиқыры.-А,1987

  7. Қазақ әдебиетінің тарихы 10- т,-А,2005


14-апта

14-дәріс
Дәріс тақырыбы: Қазіргі балалар поэзиясының дамуы.

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Қазіргі балалар поэзиясының жанрлық өсіп-өркендеуі.

2.Қазіргі балалар ақындары туралы.

Дәріс мазмұны:Бұл ретте әдебиет танудағы оған деген немқұрайлы көзқарасты айыпкер орындығына ең алдымен отырғызар едік. Жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беруде оның атқарар міңдетініңшексіздігін талассыз мойындасақ та, профессионалдық дәрежеге көтерілгенге дейігі жөргемді жолын арқау ете отырып, жүйелі тарихын жасауды, сөйтіп, теориялық негізін қалыптастыруды әлі күнге наардан тыс қалдырып келе жатқанымыз – соның бір айғағы. Жасыратыны жоқ, осы арада мынадай бір сұрақ туады. Жалпы,таза талант иесі үшін әдебиет теориясын білу біріңші кезектегі нәрсе ме? Бір қарағанда өте балан сауал болғанмен, бұның практикалық бұлтартпас негізі бар. Рас, екінің біріеде бола бермейтін ерекше қабілеті бар, табиғаттың бір туар белі балаСЫ – кез келген талантты ақын творчествасында әдебиет теорисы шешуші рөл атқармауы мүмкін. Ал балалар әдебиеттің теориясынан, яғни, ерекше сипаты мен табиғатынан, көңілменг түйсінуден гөрі көзбен көріп, қолмен ұстауды тілейтін бұлтарыс – қалтарысынан бейхабар кез келкелген таталантты ақынның балалрға арнап жақсы өлең жазуы екі талай.
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар

1.Қазіргі балалар әдебиеті туралы қайдан оқып білуге болады?

2.Қазіргі балалар поэзисы туралы зерттеулер барма?

3.Қазіргі балаларға жазып жүрген ақындар кімдер?

4.Соңғы кезде шыққан қандай балалар жинақтарын білесіз?
15-апта

15-дәріс

Дәріс тақырыбы: Қазіргі балалар прозасының дамуы.

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Балалар прозасының жанрлық түрлері.

2.Балалар жазушылары.

Дәріс мазмұны: Соңғы жылдардағы балалар прозасына көз жібергенде төл әдебиетіміздегі аға буын және орта буын қалыптастырған дәстүрдің творчестволықпен дамуда екенін көреміз. Ең алдымен айтарымыз балалар өмірінің түрлі қырынан суреттелуі. Сондай- ақ, балалар өмірін бедерлеу арқылы өміріміздің өзекті шындығын танытуға деген талап бар. Осы ыңғайда орыс совет әдебиетінің, шетелдердің прогресшіл бағыттағы озық ойлы әдебиетінің де игі ықпалы болғанын атап айту жөн.

Назар аударарлық және бір жай – балалар әдебиеті саласында қызықты хикаялар жанрының пайда болып , жаңа – жаңа \қанат жая бастауы. Шым – шытырық сюжеттік желілер, соған орай ашыла түсетін күрделі характерлер тағдырлары мен табиғаты балалр ойын шынықтыра түсуге қалайда өзіңдік себебін тигізбек. Ал белгілі бір ұнамды ой айтуға бағытталған шұрайлы шгығарма баланың қалыптасуына әсер етіп, арман – қиялына, қимыл - әрекетіне түрткі болады.


Өзін-өзі тексеретін сұрақтар

1.Қазіргі қазақ балалар прозасының даму бағыты қандай?

2.Қазіргі балаларға жазып жүрген жазушылар?

3.Соңғы кезде шыққан балаларға арналған прозалық шығармалар?


Әдебиеттер:

  1. Қазақ газет-журналдары (2000-2010 жж.)

2. Қазақ әдебиетінің тарихы 10-т.-А,2005

3. Қирабаев С.Тәуелсіздік рухымен.-А,2002



6.Семинар (практикалық) сабақтардың жоспары.



Тақырып

Мазмұны

Апта

Әдебиет

1

Балалар әдебиетінің өзіндік ерекшеліктері



Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні.

Қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеудің эмпирикалық және теориялық түрлері.

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің жүйелік болмысы және тану жолдары

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеттері, мазмұны.

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің философия, логика, психология, педагогика, кибернетика т.б. ғылымдармен байланыстылығы.


1-апта

1. Арғынов Х. Қазақ тілі синтаксисі мен пуктуациясының методикасы. Алматы: мектеп 1974.

2. Әбілқаев А. Маманов ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1965.

3.Әбілжанов Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы , 1995.

4. Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т., Шаймерденов Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Практикалық және лабораториялық жұмыстар. Алматы: Ана тілі, әдістемесі . 1999.

5.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992.

6. Балақаев м. Тіл мәдениеті және мектепте, қазақ тілін оқыту. Алматы. Мектеп, 1982.

7. Жапбаров А. Стилистиканы оқыту әдістемесі. Алматы ,1995.

8. Зельманова Л.М. Наглядность в преподовании русского языка. М., 1984.

Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т., Шаймерденов Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Практикалық және лабораториялық жұмыстар. Алматы: Ана тілі, әдістемесі . 1999.

5.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992.

6. Балақаев м. Тіл мәдениеті және мектепте, қазақ тілін оқыту. Алматы. Мектеп, 1982.

7. Жапбаров А. Стилистиканы оқыту әдістемесі. Алматы ,1995.




2

Пәннің мақсаттары мен міндеттері

.Әдістеме ғылымының қалыптасу тарихы.

2.Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының қалыптасуындағы Қазақ әдістемеші ғалымдарының



2- апта

3

Балалар фольклоры

1. Бағдарламаның құрлымы мен түрлері .

2.Бағдарламаның даму жолдары




3-апта

4

Абай Құнанбаев және балалар әдебиеті

1.Оқулық теориясы .

2.Қазақ тілі оқулықтарының даму жолдары .




4-апта

5

Ыбырай Алтынсарин және балалар әдебиеті


1. Оқу-әдістемелік кешеннің жүйесі және оның құраушылары;

2. Қосымша оқу құралдары және олардың қолданылу жолдары.




5-апта

6

Шәкәрім Құдайбердіұлы және балалар әдебиеті

1. Қазақ тілі сабақтарының маңызы мен түрлері;

2. Қазақ тілі сабақтарының құрылымы.

3. Қазақ тілі сабақтарының танымдық, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерін


6-апта

7

Ахмет Байтұрсынұлы шығармалары

Диктанттың мәтініне қойылатын талаптар.

2. Диктантты жүргізу әдістемесі.

3. Диктантты тексеру мен бағалау нормалары.


7-апта

8

ХХғасырдағы Балалар әдебиеті


1.Қайталауды жүргізу әдістемесінің ерекшеліктерін талдау.

2.Жинақтай қайталау.

3.Күнделікті қайталау.


8-апта

9

Ө.Тұрманжанов шығармашылығы


1.Қазақ тілінен сабақтан тыс жүргізудің әдіс –тәсілдер жүйесі , олардың мақсаты мен міндеттері.

2.Қазақ тілінен үйірме ұйымдастырудың маңызы .

3.Қазақ тілінен олимпиада жүргізу.

4.Қазақ тілін тереңдетіп оқытатын мектептердегі «Арнаулы курстар» жүргізу әдістемесі



9-апта

10

Қадыр Мырзалиева шығармашылығы


Жай сөйлем туралы ұғым қалыптастыру әдістемесі; жай сөйлем жасалуындағы синтаксистік

10-апта

11

Балалар фольклоры

Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері және А. Байтұрсынұлының осыны жайылма сөйлеммен байланыстыра оқытуды ұсыну себебін анықтау.


11-апта

12

Абай Құнанбаев және балалар әдебиеті

1. Құрмалас сөйлемнің құрылымдық-мағыналық жүйесі туралы түсінік беру жолдары.

2. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары.

3. Құрмалас сөйлемді талдау әдістемесі.


12-апта

13

Ыбырай Алтынсарин және балалар әдебиеті


Орфографияны оқытудың ғылыми-практикалық маңызы, міндеттері мен ұстанымдары.

Орфографиялық жұмыстың мазмұны.

Орфографиялық іскерлік пен дағдылары қалыптастырудың психологиялық


13-апта

14

Шәкәрім Құдайбердіұлы және балалар әдебиеті

Тіл мәдениеті туралы білім мазмұны меңгертудің маңызы.

Осы бағыттағы жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемесі.

«Дұрыс сөйлеу» мен «жақсы сөйлеу» ұғымдарын талдау.

Тіл мәдениеті бойынша жүргізілетін жұмыстар жүйесі мен ішкі түрлері.

Әдеби норма, ол туралы түсініктерді қалыптастыру.


14-апта

15

Балалар тақырыбына шығарылған әңгімелер

Тіл мәдениеті туралы білім мазмұны меңгертудің маңызы.

Осы бағыттағы жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемесі.

«Дұрыс сөйлеу» мен «жақсы сөйлеу» ұғымдарын талдау.

Тіл мәдениеті бойынша жүргізілетін жұмыстар жүйесі мен ішкі түрлері.

Әдеби норма, ол туралы түсініктерді қалыптастыру.


15-апта


7. Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар.

Практикалық (семинарлық) сабақтарға әдістемелік нұсқаулар

1.Практикалық сабақ тақырыбы: Балалар әдебиетінің өзіндік ерекшеліктері.

Практикалық сабақ мақсаты: Балалар әдебиеті туралы айтылған пікірлерді талдап, мазмұнын ашу; өзіндік ерешеліктері мен басты белгілерін түсіндіру.

Негізгі сұрақтар: Балалар әдебиеті туралы ой-пікірлер

Балалар әдебиетінің алты өзіндік ерекшелігі

Балалар әдебиетінің ересектер әдебиетінен айырмашылығы туралы пікірлер.

Әдістемелік нұсқаулар: студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарын жасауға дағдыландыру, ғылыми еңбектерді қарастыру

Пайдаланатын әдебиеттер:

1. Б.Ыбырайымов. Ой мен сөз. Мақалалар жинағы. 1985ж.

2. М. Әлімбаев. Өрнекті сөз ортақ қазына. 1967ж.

3. Адамбаев Б. Халық даналығы. 1976.

4. Нұрұшев С.Н. Қазақтың халық мақалдарының даму тарихынан.

5. Әуезов М. Жұмбақтар туралы // Жұмбақтар. – А., 1940.

6. Қазақтың халық жұмбақтары. – А., 1959.
2.Практикалық сабақ тақырыбы: Балалар фольклоры

Практикалық сабақ мақсаты: Халық ауыз әдебиеті элементтерінің балаларды тәрбиелеудегі рөлін, ерекшеліктерін көрсету

Негізгі сұрақтар: 1. Балалар жыры

2. Ойын өлеңдері мен ойындар

3. Ертегілер, әңгімелер, мысалдар

4. Мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, өзіндік ерекшеліктері.



Әдістемелік нұсқаулар: ауыз әдебиетінен жинақталған ғылыми еңбектер мен балалар әдебиетін зерттеушілердің монографияларын қарастыру, қажетті ақпаратты конспектілеу

Пайдаланатын әдебиеттер:

1. Қазақ балалар әдебиеті. 1974ж.

2. Ш.Ахметов. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі.

3. «Ақ сандық, көк сандық». 1988ж.

4. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 1980ж.

5. Қазақ газет-журналдары (2000-2007жж. аралығындағы нөмірлер)


3.Практикалық сабақ тақырыбы: XIX ғасырдағы балалар әдебиеті.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет