Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс- әрекеті Ұйымдастыру кезеңі



Дата11.03.2017
өлшемі66,52 Kb.
түріСабақ

Тақырыбы


Қазақ хандығының құрылуы

Мақсаты

Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы туралы тарихи деректермен оқушыларды жан-жақты таныстыру

Күтілетін нәтиже

Оқушылар тарихи танымдық ойлауы арқылы талдайды, салыстырады, өз ізденістерін қорытындылайды

Қажетті құралдар

Постер, маркер, стикерлер



Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

  1. Тұлғааралық байланыс орнату

  2. Топтық ережені еске түсіру

  3. Хандардың суреттері арқылы топтарға бөлу




«Алтын ережені » еске түсіреді

1 топ «Тәуке хан»

2 топ «Есім хан»

3 топ «қасым хан»



Тұсау кесер

«Қазақ хандығына» арналған деректі фильмдерден үзінді көрсету

Оқушылар үзіндіні көріп әрі қарай қалай болғаныі ауызша айтады

Негізгі бөлім

1 топқа

«Сәйкестендіру»

  1. Бұрындық хан 1474-1511жж

  2. Қасым хан 1511-1518жж

  3. Хақназар хан 1538-1580 жж

  4. Есім хан 1680 -1628 жж

2 топқа тапсырма



Қазақ хандарын билік ету ретімен қой:

-Жәнібек


-Шығай

-Есім


-Тәуекел

-Керей


- Бұрындық

- Қасым


-Хақназар

Жауабы: 1 Керей, 2. Жанибек,

3. Бұрындық, 4. Қасым, 6. Хақназар,

6. Шығай, 7. Тәуекел, 8. Есім

3 топқа тапсырма

Артық сөзді алып таста


  1. Қасым, Тахир, Бұйдаш, Есенбұға, Хақназар

  2. Шайбани, Сұлтан Бейбарыс, Абд ар- Рашид, Абдаллах

  3. ТҮркістан, Қозыбасы, Сығанақ, тараз,

  4. Ресей, Мысыр, Бұхар хандығы, Моғалстан.

Жауабы: 1. Есенбұға, 2. Сұлтан Бейбарыс,

  1. Тараз, 4. Мысыр




Тапсырмаларды орындайды

1 топ: Сәйкестендіру

2 топ: ретімен қояды

3 топ: Артығын алып тастау



Мағынаны ажырату

«Ойлаудың алты қақпағы»

  1. Ақ қақпақ ( Тарихи фактілерді, жаңа мәліметтерді обьетивті санамалау)

  2. Қызыл Қалпақ ( тарихи материалға жекелей талдау жасау)

  3. Қара қалпақ ( Теріс салдарын проблемаларды бөліп қарастыру)

  4. Сары қалпақ. ( барлық оң атаулыны жинақтау)

  5. Жасыл қалпақ ( Тарихи нәтижелерді шығармашылық формада ұсыну)

  6. Көк қалпақ ( жалпы рефлексивті ойларды, идеяларды, тұжыымдарды қалыптастыру)




  1. Тарихшы М.Х. Дулати өзінің « Тарихи-и Рашиди» атты еңбегінде 1465-1466 жж. Аралығында осы хандықтан Жәнібек пен Керейдің бөлініп кеткендігін айтады. Көшудің басты себебі-Әбілқайыр хан 1457 қалмақ ханы Үз-темірден жеңіліп қалғаннан кейін өзін қолдамаған сұлтандарды жазалай бастады. Бұған қарсы болған Жәнібек пен Керей сұлтандар өз руларымен Жетісуға қарай бет алды.




  1. ХV-XVII ғасырдағы Қазақ хандағының ең жоғары билеушісі ХАН болды. Хан өзінен кейінгі сұлтан, билердің көмегімен билік жүргізді. Хандық билік мұрагерлікпен беріліп, тек сұлтан таағы бар адам ғана таққа отыра алған, Аға сұлтан тек Шыңғыс тұқымдарына берілген.




  1. «Тақсыр-тақсыр дегізіп тамсандырды, Сөйтіп жүріп, аяққа хан салдырды»

Деген сөздің шығуы қарапайым халық сұлтандардың атын атамай, «төре» немесе «тақсыр» деп атағанын білдіреді. Себебі қазақ халқы әлеуметтік тұрғыда екі топқа бөлінген.

Феодалдар- Шығыс тұқымынан шыққан. Оңтүстікте сұлтандар мен қожалар жатты, бір саты төмен жергілікті ру тайпадан шыққан билер, бай –шоншарлар, батырлар, ақсақалдар тұрды. Ақсүйектерді Төре деп атаған.




  1. Қазақ қоғамында меншік мәселесі өте күрделі болған. Тартыс болмау үшін әркімнің өз мүліктерінің (малының) таңбалары болған

Бәрі болған қазақ сынды көне елде,

Ел белгі де ерлік сезім, өнер де,

Жаһандық ең жауынгер халықта

Кім сенеді ту болмады дегенге?

Бас білгізіп жер тарпыған тарпанға,

Жасы тұрмақ шығады екен карты аңға.

Қалай оның Елтаңбасы болмайды, Түлегіне дейін салсан ең-таңба!

Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықта

Кім айта алар

Болмаған деп әнұран?! Ә. Бөкейханов




  1. Хан: Жоңғар шапқыншылығын тоқтатып, олардың ордасын күл талқан ету үшін қазақтарға не қажет болды сол кезде?

Хандардың бәрі дұрысау, тоқ етерін айтар болсақ, қазақ халқына құдайдың құтты күні және болашақта ауызбіршілік қажет. ОЛ еліміздің мәңгілік қарау, күш- қуаты, жеңістеріміздің күре тамыры болады.



  1. РАФТ әдісі

Р- роль

А- аудитория

Ф- форма

Т- тақырып

Әр топ өзеріне берілген уақыт бойынша өз пікірлерін қорғап шығады

Ақ қалпақ:

Негізгі тарихи идеялар бойынша жазба деректемелермен байланыстырылған фактілерді айтып өтеді.



Қызыл қалпақ:

Қазақ хандығының хандарына жекелей талдау жасайды.



Қара қалпақ:

Қазақ хандығының хандарының саясатындағы теріс проблемаларға шолу жасайды.



Сары қалпақ:

Қазақ хандығындағы хандардың саясатындағы тимді жақтарды айтып өтеді.




Жасыл қалпақ:

Хандардын қолбасшылармен сұхбаттасу



Көк қалпақ:

Рафт әдісін қолданып

Р- оқушы


А- ауыл әкіміне

Ф-өтініш


Т- Керей мен Жәнібек хандарға ескерткіш орнату

Сергіту Қазақия

Ой толғаныс

ВЕНН диаграммасы (Кеше және бүген)

1 топқа:

Хан құқықтары мен Президент құқықтары

2 топқа:

Қазақ хандығы кезіндегі заңдар мен Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы

3: Картамен жұмыс

Қазақ хандығының аумағы мен Қазақстан Республикасының территориясы.


Салыстырмалы деректерін қорғайды.

Бағалау кері байланыс

Топтық жұмыстағы бағалау критерийлері:

  1. Хандардың билік еткен хронологиясы.

  2. Тарихи фактілер, материалдарды талдау, тимді және тиімсіз салдары, шығармашылық пен рефлексивті ойлары.

  3. Салыстырмамалы деректер


«Білім бәйшешегі» кері байланысы

Топ басшылары критерийлер бойынша топты бағалайды.

Жасыл түске- түсінгенін және ұнағандығын жазады.

Сары түске – түсінбегендігін жазып, «Білім бәйшешегіне» іледі.

Қызыл түске- Білгісі келетінін жазады.

Үйге тапсырма

«Егер мен хан болсам......» тақырыбында эссе жазу

Күнделіктеріне тапсырманы жазып аламыз.

Кабажаева Айгерим Казымовна

Қостанай облысы,

Арқалық қаласы, Фурманов ауылы,

Фурманов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі,



Тарих пәнінің мұғалімі
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу