Сабақ классификациясы



бет14/24
Дата10.06.2020
өлшемі58,02 Kb.
#72826
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24
Байланысты:
3d1bcfff7de351b0e909e5157fbe45615ecb3a63b42aa

С.В.Иванов бойынша:

1. Кіріспе сабақтар.

2. Оқу материалымен алғашқы рет танысу сабағы.

3. Жаңа білімді меңгеру сабағы.

4. Меңгерген білімді тәжірибеде қолдану сабағы.

5. Дағдылану сабағы.

6. Қайталау, пысықтау және қорыту сабақтары.

7. Бақылау сабағы.



Б.П.Есипов бойынша:

1. Аралас сабақтар.

2. Жаңа оқу материалымен танысу сабағы.

3. Пысықтау сабағы.

4. Қайталап жинақтау, қорыту сабағы.

5. Оқушылардың білім мен дағдысын жаттықтыру сабағы.

6. Білім сынау сабағы.

Сол секілді шет елдер тәжірибесінен, атап айтсақ, Чехославакия мектептерінен мысал келтірсек, ондағы сабақты жіктеуде біздің тәжірибемізге ұқсастығын байқаймыз.



  1. Жаңа оқу материалын мазмұндау сабағы.

  2. Жаттығу сабағы.

  3. Қорыту сабағы.

  4. Қайталау, білім сынау сабағы.

  5. Аралас сабақ.

Қорыта айтқанда, қазіргі мектеп тәжірибесінде көптеп қолданылатын сабақ түрлеріне мыналарды жатқызуға болады:

  1. Кіріспе сабағы.

  2. Жаңа білімді хабарлау сабағы.

  3. Білімді, білікті және дағдыны бекіту сабағы.

  4. Жаттығу және тәжірибе сабақтары.

  5. Зертханалық сабақ.

  6. Қайталау, қорыту сабақтары.

  7. Оқушылардың білімдерін, біліктері мен дағдыларын тексеру және бағалау сабағы.

  8. Аралас сабақ.

  9. Өздігінен білім алу сабағы.

Сабақты бұлай жіктеу кездейсоқ емес, оның бұлай қалыптасуында белгілі бір заңдалықтар бар. Атап айтсақ, сабақты мақсатына байланысты мұғалім оқушыларға жаңа білім беруді көздесе, осыған орай «Жаңа білдмі хабарлау сабағы» деп атаса, сабақта оқушылардың қабылдаған жаңа білімін іс жүзінде пайдалана білу жолын қарастырса, онда ол (жаттығу немесе практикалық сабақ) деп аталады.

Сол секілді мұғалім өткен оқу материалын оқушылардың есіне салып, қайталау мақсатын көздесе, ол (қайталау, қорыту сабағы) деп аталады.

Ал сабақтың «Аралас сабақ» түрі оның құрылымына байланысты болып келеді.

Мұғалім сабақтар жүйесінде дидактикалық бірнеше мақсаттарды жүзеге асырады. Демек, оқушыларға жаңа білім береді, оны өмірде, практикада пайдалану жолын үйретеді, өткен оқу материалын қайталап, қорытады, сонымен бірге оқушылардың білім көлемі мен сапасын сынап, оны бағалайды. Бұндай жағдайда көпшілік сабақ оның бірнеше элементтері (кезеңдері) арқылы аралас өтеді. Міне, осындай сабақ түрі «Аралас сабақ» деп аталады.

Сонымен сабақ құрылымы деп сабақтың барысында (45 минут) оның құрамды бөліктерінің, кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуын айтады. Олар мынандай болып келеді:


  1. Сабақты ұйымдастыру бөлімі (сабақтың тақырыбын белгілеп, оның мақсат, міндеттерін тұжырымдау).

  2. Сабақта үй тапсырмасын тексеру.

  3. Жаңа білімді немесе оқу материалын дайындау, түсіндіру.

  4. Жаңа бімді пысықтау, бекіту (ауызша, жазбаша жаттығулар жасау, тәжірибелік және зертханалық жұмыстар жүргізу).

  5. Қорытындылау (оқушылар білімін бағалау), сабақтың аяқталуы.

  6. Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Сабақ құрылымын белгілеу оқу жұмысын неғұрлым айқын және дұрыс ұйымдастыру үшін маңызы ерекше.

Мұның өзі мұғалімнің сабақ жоспарын құрудағы аса елеулі кезеңі болады. Сөйтіп, сабақ түрін жіктеу және құрылымын құру өзара байланысты, бірақ әрқайсысының өзіне тән өзгешелігі болады.

Жоғарыда баяндағанымыздай сабақтарды топтастыру, оның құрылымын белгілеу негізінен дидактикалық мақсат пен міндеттерге жаңа сабақтың кезеңдеріне байланысты болып келетіндігінде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет