Кіріспе сабағының ерекшелігі, оқу бағдарламасының жаңа тақырыптарын немесе тарауын оқып үйренуде қолданылады. Мұғалім тараудың немесе тақырыптың оқу-тәрбиелік мәнін ашып береді, алдағы сабақтарда оларды өткізу тәртібін оқушыларға түсіндіреді. Ондағы жаңа оқу материалының мазмұнын оқып үйренудің тәсілдерін көрсетеді.