Жаңа білімді хабарлау сабағының құрылымы:
Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат, міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу.
Жаңа оқу материалын ендіру.
Жаңа оқу материалын пысықтау, бекіту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.
Алғашқы тарау немесе тақырыптық кіріспе сабақтарына қатысты мәселерді шешіп алған жағдайда, ендігі жерде мұғалім ағымдағы әрбір оқу материалын меңгеруге сай сабақтар жүйесін ұйымдастырады. Сабақ үстінде жаңа білімдерді баяндау немесе түсіндіру жұмыстары оның өн бойында жүріп отырады. Сондықтан да ол сабақтың негізгі бөлімі болып есептеледі.
Счабақта қойылған мақсатқа сәйкес және оқушылардың жас ерекшеліктері мен таным қабілеттеріне ойластырылып, жаңа білімдердің баяндалуына тиісті мөлшерде уақыт бөлінеді.
Жаңа сабақты (білімді) хабарлау барысында мұғалімнің оқу материалын түсінідіруі оқушылардың сабақ үстіндегі өздігімен істейтін жұмыстарымен ұласып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |