Кіріспе сабағының құрылымы: Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат, міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу.
Жаңа оқу материалын өндіру.
Жаңа білімді пысықтау, бекіту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.
Кіріспе сабағының ерекшелігі, оқу бағдарламасының жаңа тақырыптарын немесе тарауын оқып үйренуде қолданылады. Мұғалім тараудың немесе тақырыптың оқу-тәрбиелік мәнін ашып береді, алдағы сабақтарда оларды өткізу тәртібін оқушыларға түсіндіреді. Ондағы жаңа оқу материалының мазмұнын оқып үйренудің тәсілдерін көрсетеді.