Сабақ Күні: Сыныбы: 9 Пәні: қазақ тілі



бет24/32
Дата08.12.2016
өлшемі6,12 Mb.
#3466
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32

Өркенің өссін!

Аттары болдырып, шөлдеп келе жатқан жолаушылардың алдынан бір топ қыз-келіншек көрінді. Ол топтың ішінде Данагүл деген кедейдің қызы да бар еді.

  • Әй, апалар, тоқтаңыздар, аттарыңыздың басын тартыңыздар. Жоғары жақтан бір топ атты кісілер келе жатыр, алдынан кесе-көлденең өтпейік, үлкендердің алдын кесіп өту дұрыс болмайды. Олар - ел қорғайтын ерлер. «Ер сыйлаған есікте қалмас» де­ген. Шарапат жақсылығы тиер, үлкен кісілердің батасын алып, алғысына бөленейік. Сәлем бере йік, - деді Данагүл.

Қызыл-жасыл киінген қыздар жол кеспей, кідіріп тұрып қалды. Топ алдындағы Төле би мұны алыстан көріп, байқап келе жатыр. Қасындағы жолдасының біріне:

  • Анау алдымызды кеспей, кейіндеп қалған балаларды шақырып келші, - дейді.

Жақындай бергенде Данагүл атынан түсіп, жаяулап:

  • Апалар, бәріңіз аттан түсіңіздер. Жаяу барып сәлем берейік. Үлкен кісілерге атпен жетіп барып, сәлем бергеніміз - ұят. Бұл - қадірлі кісілер. Жолымыз болады екен, - дейді.

Жаяу жүріп келіп, бәрі басын иіп сәлем берді. Төле би:

  • Балалар, өркендерің өссін, бақытты болыңдар! - деді қуанып. - Қарақтарым, бізді алыстан көріп тосып тұрдыңдар. Әлдеқашан өтіп кететін уакыттарың болып еді. Не себепті тостыңдар?

Қыздар жауап таба алмай, Данагүлге қарады. Ол:

  • Аталар, біз сіздерді алыстан көріп, аталарымыз бен ағаларымыз шығар. Әкемізден үлкен, қызырлы адамы бар шығар деп, алдарыңыздан өтпей, үлкен кісіге алдынан шығып сәлем беріп, ба­тасын алайық деп тосып тұрдық, - деді.- Қарағым, балам, атың кім? - деді Төле би.

  • Атым - Данагүл, ата.

  • Жақсы, шырақтарым, өркендерің өссін, Құдай тілеулеріңді берсін! Жарайды енді, аттарыңа мініңдер, - деп Төле би батасын беріп, жүріп кетт. (С.Дәуітов)

5-тапсырма. Мына әтнолингвистикалық атауды түсіпіп оқып, жазып алыңдар. Әңгімеге қандай қатысы бар екенін әңгімелеңдер.

Алыс жолдан келген жолаушы немесе сол елдін, адамы ауыл ақсақалдарына немесе белгілі адамдарға әдейі іздеп келіп сәлем беру - қалыптасқан ұлттық дәстүр.

ІІІ деңгей

1. Сұрақтарға жауап беріңдер.

  1. Жолаушылардың алдынан кімдер кез болды?

  2. Үлкендердің алдын неге кесіп өтуге болмайды?

  3. Данагүл қандай әдептілік танытты?

  4. Төле би қыздарға қандай бата берді?

  1. Әңгімеден көмекші сөздерді теріп жазыңдар.

II деңгей

  1. Данагүлге мінездеме беріңдер.

  2. Мына нақыл сөздердің мағынасын осы әңгіме арқылы ашып беріңдер.

«Әдептілік, ар-ұят - адамдықтың белгісі».

... шіренбей, сіреспей, кәдімгі қарапайым жұртқа ұқсап жүр- гін. Өзіңе қарсы кездескен жасы үлкен адамға сәлем беріп өткін. Үлкенді ұлық та сыйлауға тиіс. (Б.Момышұлы)

I деңгей

  1. Данагүлдің сөздерінен әдептілік ережелерін құрастырып жазың­дар.

  2. Сен тұратын ауылға жазушы келді. Әкең сені сәлем беруге ертіп барды. Жазушыға қандай сұрақтар қояр едің? Осы жағдайды суреттеп, диалог құраңдар.

Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы

Үйге тапсырма. Сөйлемдер құрап келу

Бағалау

І-тоқсан. 33-сабақ

Күні:_________

Сыныбы: 9

Пәні: қазақ тілі

ІҮ модуль. Атаның сөзі – ақылдың көзі

Тақырыбы: Бақылау диктанты

Мақсаты:

1) білімділік: оқушылардың сауаттылығын тексеру.

2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.

3) тәрбиелік: оқушыларды жан-жақтылыққа тәрбиелейді.

Түрі: қорыту сабағы

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Сынып тазалығына көңіл бөлу

4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



Жаңа сабақ

Диктант мәтіні
Қонақкәде
Қазақта қонақ күтудің де жазылмаған, дәстүр болып қалыптасқан заңы бар. Үй иесі қонақты сыйлап, сый-құрметін көрсеткеннен кейін, ұйықтар алдында отбасының бір мүшесі өз өнерін ортаға салады, өлеңін айтып немесе күй шертіп қонағына құрмет көрсетеді де, қонақтан «қонақкәде» сұрайды.

Қонақкәде – қонақтың өлең, жыр, қисса, ертегі, терме, толғау айтып беріп немесе күй шертіп, өз өнерімен үй иелеріне құрмет көрсететін дәстүрі.

Үйге келген қонақтан өлең-жыр, ертегі, аңыз әңгіме естіп өскен баланың да жастайынан сөз өнеріне бейім, өнерлі болып өсуіне әсер еткен. Бұл дәстүрдің жастарды сөз қадірін білуге, ән мен жырға баулып өсіруде өзіндік орны бар.
(94 сөз)

Үйге тапсырма. Қайталау
Бағалау

І-тоқсан. 34-сабақ

Күні:_________

Сыныбы: 9

Пәні: қазақ тілі

IV МОДУЛЬ. Атаның сөзі - ақылдың көзі

Тақырыбы: Туғанда дүние есігін ашады өлең...

Мақсаты:

1)білімділік: оқушыларды тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен таныстырып, ауызекі сөйлеуге үйрету.

2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.

3) тәрбиелік: оқушыларды татулыққа, достыққа, жан-жақтылыққа тәрбиелейді.

Түрі: қорыту сабағы

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Сынып тазалығына көңіл бөлу

4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



Жаңа сабақ. 1-тапсырма. Мына өлеңді оқып, мағынасын түсіндіріңдер.

Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең.

Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,

Ойлансаңшы, бос қақпай елең-селең. (А. Құнанбаев)

2-тапсырма. Берілген анықтамалар бойынша мәтін құраңдар.

Балаға ат қою

Бала дүниеге келгеннен кейін атасы мен әжей немесе ауыл ақсақалы балаға ат қояды. Ат қоюшы адам баланың құлағына: «Сенің атың ...» деп үш рет қайталайды. Балаға ат қойғанда, «сондай азамат болсын» деп ауылға, елге белгілі адамдардың атын ырымдап қою да бар. Қазақ халқының түсінігінде баланың аты өмірінің дұрыс қалыптасуына әсер етеді. Сондықтан болар, халық «балаға ат қоюға» ерекше мән берген.

«Әлди, әлди, ақ бөпем, ақ бесікке жат, бөпем»

Бесік қасиетті, киелі мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Сәбиді қырқынан шығарған соң, бесікке салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі. Бесікке салу жолы үлкен немесе елдің тәрбиелі, өнегелі әжелеріне, әйелдерге тапсырылады.

Тұсаукесер

Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл «ала жіпті аттамасын» деген ұғымнан шыққан.

Ашамайға мінгізу

Баланың сана-сезімін жетілдіру үшін жасалатын тәрбиелік салттың бірі ашамайға мінгізу салтанаты болып табылады. Жас бала есі кіріп, 6-7 жасқа келген соң, оған жеке тай атап, балаға арналған «ашамай» деп аталатын ер жасатып, қамшы өріп «сен азамат болдың» деген сенім ұялатып, үйретілген жуас тайға әсем ашамай ерттеп мінгізіп жүргізеді.

3-тапсырма. Өлеңді оқып, жазып алыңдар. Мағынасын сөзбен жеткізіңдер.

Әлди, әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат, бөпем.

Жылама, бөпем, жылама,

Көзіңнің жасын бұлама!

Қайда екен, балам, қайда екен?

Қыздарменен тойда екен.

Қызыл алма қолында,

Қыздар мұның жолында.

Әлди, балам, ақ балам,

Ақ бесікке жат, балам.

Айналайын көзіңнен. (Халықтың бесік жыры)

4-тапсырма. Сөздерді мағыналық сәйкестігіне қарай екі топка бөліп жазыңдар. Ауызша түсініп беріп көріңдер.

Сөздер

Отбасындағы дәстүр атаулары

Отбасындағы туыстық атаулар

Сәлем беру

Қарт







Енші

Қарындас







Ашамайға мінгізу

Ата-ана







Бесікке салу

Апалы-сіңілі







Бата беру

Ағалы-інілі







5-тапсырма. Мәтінді сөздіктің көмегімен түсінуге тырысыңдар. Мәтінге ат қойыңдар.

Кім болса да ұлымен өсіп, қызымен көгереді. Әсіресе, қазақ халқының ұл балаға деген ниеті ерекше. Отбасына ұл бала келсе, «Шаңырақ иесі туды» деп қатты қуанады. Қыздарын да
шет к
өрмеген. «Қыз бала — жат жұрттық» деп, нәзік сезіммен қадірлейді.

Ұл өседі, азамат болып, ат жалын тартып, іске кіріседі. Отбасында әкелері немесе аталары өз өнерлерін балаларына үйретіп, оларды өзіндей мерген, аңшы, құсбегі, қолөнер шебері немесе әнші,күйші, ақын етіп тәрбиелеуге көңіл бөлген. Ата өнерін баласының қууы, оны мирас етуі ежелгі ел дәстүрі болған.

(«Отбасы әлемінен» кітабынан)

Сөздік

нәзік сезім нежные чувства

иесі – хозяин

мирас – наследие

6-тапсырма. Сөйлемді мағынасына қарай толықтырып, көшіріп жазыңдар.

  1. Шаңырақ иесі - ... .

  2. ... халқының ұл балаға деген ниеті ерекше.

  3. Қыз бала - ... .

  4. ... өседі, ... болып, ат жалын тартып, іске кіріседі.

  5. Отбасында ... немесе ... өз өнерлерін үйреткен.

7-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, ат қойыңдар.

  • Ата, менің атымды кім қойған? - деп сұрады Бауыржан атасынан.

  • Әкең қойған, балам. Оны неге сұрадың?

Тәрбиеші апай: «Атыңды кім қойған, мәнісі не? Ертең соны біліп кел», - деді.

Атасы бұл әңгіменің сырын түсінді.

  • Әкең бірде Момышұлы Бауыржан атаңмен бірге дастарқандас болыпты. Бұрын да ол батыр туралы аңыздарға қанық екен.

Бұдан соң бұрынғыдан бетер құрмет тұтыпты. Сен туғанда: «Менің ұлым да Баукеңдей халыққа қадірлі азамат болса екен»деп ойлапты. Саған батыр атаңның атын қойған себебі сол.

  • Ол менің атам ба?

  • Бауыржан - сен сияқты барлық баланың атасы, шырағым.

(Ж.Сәтібеков)

Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы



Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет