№34 Ә.Бердаулетов атындағы орта мектебі
Ашық сабақ
Компьютер. Компьютердің негізгі құрылғыларының
міндеттері және мүмкіндіктері
Пәні: Информатика
Сыныбы: 5
Пән мұғалімі: Байжанова Шолпан Нұрлыбайқызы
2012-2013 оқу жылы
Бекітемін:________ күні: 08.10.2013ж
Тақырыбы: Компьютер. Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері
Білімділік: Оқушылардың компьютердің негізгі құрылғылары жөнінде білімін қалыптастыру
Дамытушылық: Тақырып бойынша бекіту тапсырмалары арқылы оқушылардың білімін меңгерту, дамыту.
Тәрбиелік: Компьютер құрылысын білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Әдіс-тәсілдері: жұппен жұмыс, сұрақ-жауап
Сабақтың типі: жаңа білімді игерту сабағы
Қолданылатын құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер : компьютер, электрондық оқулық, таратпа,
интерактивті тақта, Power Point- та жасалған слайдтар.
Пәнаралық байланыс: математика
І. Ұйымдастыру кезеңі: а) ұжымдық әрекет;
б) техника қауіпсіздік ережелерді сақтау әрекеті;
в) оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Ой қозғау сұрақтары : а) Информатика деген не ? ә) Компьютер деген не?;
Үй тапсырмасын сұрақтар түрінде шолу :
Ақпарат деген не?
Ақпараттың өлшем бірліктерін айт
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Электронды оқулық пайдаланады.
Компьютер – есептеуіш. Дербес компьютер – бір-ақ адам жұмыс жасауға арналған. Компьютердің ең негізгі құрылғысы: жүйелік блок, монитор, пернетақта. Блок ішінде барлық ақпараттарды еске сақтап тұратын құрылғы – процессор орналасқан. Ол – «компьютердің миы» ең көп тараған процессордың түрі ПЕНТИУМ деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |