Сабақ көрнекіліктері: тірек сызба,мақал мәтелдер, кесте,үлестірмелер. Сабақтың барысы: Қызығушылықты ояту. Ойын «Кім тапқыр?»



Дата09.08.2017
өлшемі31,68 Kb.
#23257
түріСабақ
Дара және күрделі сан есім

Сабақтың мақсаты:



  1. «Сан есім» тақырыбын қайталай отырып , дара және күрделі сан есімдерді ажырата білуге үйрету. Өз бетімен жұмыс жасату арқылы білімдерін толықтыру.

  2. Оқушылардың теориялық ойлау қабілетін дамыту. Сөздік қорын молайту,тілін дамыту.

  3. Сауаттылыққа , көркем жазуға , ұстамдылыққа , әдемі сөйлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас сабақ.

Әдіс – тәсілі:Сұрақ – жауап,көрнекілік , салыстыру , талдау.

Пәнаралық байланыс:Математика

Сабақ көрнекіліктері:тірек – сызба,мақал – мәтелдер, кесте,үлестірмелер.

Сабақтың барысы:

Қызығушылықты ояту.

1.Ойын « Кім тапқыр?»

Мақал – мәтелдердегі көп нүктенің орнына керекті сөздерді қою.

.... ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.

.... теңгең болғанша,....досың болсын.

Білекті ... жығады,білімді ... жығады.

Жігітке ... өнер де аз.



  • Бұл сөздер қай сөз табына жатады?

  • Сан есім

  • Ендеше сан есім туралы білетіндерімізді еске түсірейік.

2. « Адасқан сөздер» ойыны.

Сөздерді дұрыс орналастырып , сөйлем құра.

Айжан сыныпта бесінші оқиды.Он бес Гүлназдың бар шары. Болаттың толды жасқа атасы жетпіс бес. Кітабым екі менің бар.

Сан есімдерді тауып , дара дәне күрделі екенін ажыратып , дәптеріне жаз.

3.Оқулықпен жұмыс.

462 – жаттығу

Сандарды сөзбен жазу ,дара , күрделі екенін ажырату.

4.Деңгейлік тапсырмалар:

1.Деңгей

а/Мына сандарды жаз. 2,93,65,101,605,99,50

ә/Бұлар қандай сан есімдер?

2.Деңгей


Берілген сан есімдерге сөйлем құрап жаз.

Алпыс,тоқсан,алты жүз жетпіс бес.

3.Деңгей Шығармашылық диктант.

Сан есімдерден кейін тиісті тыныс белгілерін қойып,сан есімдерді сөзбен жазып,мағыналық түрлеріне қарай ажырату.

30 дан ,5 класс,3 қатар,4 тен 1,40 тан астам ,10 дарда.

5.Еске сақтау диктанты.

Білгенің – бір тоғыз,білмегенің – тоқсан тоғыз,

Мақалдың мағынасын түсіндіріп , жатқа жазу.

Көршіңді тексер , бағала.

Оқушылар көршілерін тексеріп, бағалайды.

6.«Кім шапшаң?» ойыны.Топпен жұмыс.

Берілген әрітен асталатын сан есімдерді тауып айту.

1 топ:С – сексен, сегіз

2.топ:Т – тоғыз,тоқсан

3 топ:А – алты,алпыс

7.Жұмбақтар шешу:

1.Бір ағаштың 12 бұтағы бар,

Әр бұтағында отыз жапырағы бар,

Жапырақтың бір жағы ақ,бір жағы қара.

Жыл,ай,күн мен түн

2. Қос қазық , екі желі,сегіз ноқта,

Сойлейді шежіредей адам соқса.

Домбыра

Жұмбақтын ішінен сан есімдерді тап.

Қорытынды

Тест «Біліміңді тексер»

1.Сан есімдерді тап.

А.Жұмбақ,Жаңылтпаш

Ә.Саусақ,Алақан

Б.Алтыншы, Бес

2. Дара сан есімді тап.

А.Жиырма,отыз

Ә.екі жарым

Б.сексен үшінші

3.Дара сан есімді сөйлемді тап.

А.Мен төртінші сыныпта оқимын.

Ә.Айман он бірге толды.

Б.Жазушы он екі кітап жазды.

4.Күрделі сан есімді тап.

А.Алтыншы

Ә.Он бесінші

Б.Жүзінші

5.Сан есім дегеніміз не?

А.Заттың атын білдіретін сөз табы

Ә.Заттың іс – қимылын білдіретін сөз табы

Б.Заттың санын,ретін білдіретін сөз табы.



­­Өзін - өзі бағалау .
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет